ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
32 дәріс. Жиырма үшінші кіші белгі. Базарлардың жақындауы
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Бүлік пайда болмай, өтірік таралмай және базарлар жақындамай Қиямет күні болмайды» (Ахмад).
Бұл біздің уақытымызда байқала бастаған Қиямет күнінің белгілерінің бірі – экономикалық ілгерілеу және әртүрлі байланыс құралдарының таралу дәуірінде, өз үйіңнен шықпай-ақ жердің кез-келген нүктесінен сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді.
Біз айтып өткендей, Қиямет күнінің белгілері өздігінен әрқашан тек жамандық әкелмейді немесе күнә әрі апат болып табылмайды. Бұл жерде де солай: базарлардың жақындауы бетке басылмайды және айыпталмайды, керісінше, көбіне ол адамдардың өмірін жеңілдетіп, сауданы ыңғайлы етеді.
«Базарлардың жақындауының» үш негізгі себептерін атап көрсетуге болады:
Бірінші себеп – тауарлар мен бағалар жөніндегі ақпараттың жылдам тарауы.
Егер бір жерде нақты тауардың түрі арзан не қымбат болса, онда ол жөніндегі ақпарат лезде көпшілікке қолжетімді болады.
Екінші себеп – жылдам қозғалыс.
Шарттар мен келісім-шарттар жасау үшін енді аумақтық қиындықтар жоқ, өйткені көлік және жүк тасымалы дамуының арқасында жердің кез-келген нүктесінде шарт жасап әрі сауда жүргізуге болады.
Үшінші себеп – Бәсекелестіктің себебімен бағалардың теңестірілуі.
Бастапқы екі себептерден бағаларды нарықтық көрсеткіштерден жоғары қою тиімді болмай келеді, өйткені сатып алушылар бұл тауарды басқа дүкеннен немесе басқа елден еркін сатып ала алады, сондықтан бағалар белгілі дәрежеде өзара байланысты.
Міне, осы үш негізгі себептерден «базарлардың жақындауы» шыққан.
Предыдущий урок
31 дәріс. Жиырма екініш кіші белгі. Уақыттың жылдамдауы
Следующий урок
33 дәріс. Жиырма төртінші кіші белгі. Қауым арасында шірктің пайда болуы
Комментарии: 0
Правила форума