Циклы Авторы Сортировка

32 насихат: Имам Ибн Джама'аныңкітаптарға қатысты әдеп туралы айтқаны

2 129
4 ноября, 15
Имам Бадруддин ибн Джама'а әш-Шафиғи (хижра бойынша 639 — 733 жж.) оған Алланың рақымы болсын, кітаптарға қатысты әдепті білім алудағы әдептер туралы «Тазкира ас-сами' уа әл-мутакаллим фи адаб әл-'алим уа әл-мута'аллим» деген өз кітабының жеке (төртінші) бөліміне кіргізген (125 — 135 б., Дар әл-башаир әл-ислямийя. Бейрут, 4-шібасылым, 2013). Біз бұл мақалада имамның жазғанына, біздің ойымызша, қажет делінген түсініктемелерді қосып, қысқаша айтып береміз. Бұл әдептердің көбін тек қана Шариғатты үйреніп жүргендер ғана емес, түгелдей бәрі білуі маңызды.
 
1. Толиб өзіне қажет деген кітаптардың бәріне ие болуға тырысуы қажет. Кітап білім алудың ең басты құралы. Егер кітап сатып алуға мүмкіндік болса, оның көшірмесін жасауға жігерімізді сарп етудің немесе оны уақытша біреуден алудың қажеті жоқ.
 
Біздің кезімізде, Алла Тағаланың қайырымымен, кітаптар қолжетімді болды әрі сондай қымбат тұрмайды. Әрине, әрбір қалада араб кітаптары сатылатын кітап дүкендері жоқ, алайда қатты қажет еткенде бір амалын табуға болады: оларға ғаламтор арқылы тапсырыс беруге, немесе араб елдерінде оқитындардан, қажылыққа немесе умраға кетіп бара жатқандардан өзіңізге қажет кітаптарды сатып алып, әкеліп беруін сұрауға болады. 
 
Бай адамдарда үлкен кітапхана, ал кедейлерде – үлкен теледидар, дегендей. Кейбір толибтердің керемет жасаулы тұрғын жайларын көріп, ол жерден бар-жоғы жиырма шақты ғана кітап табылатындығына ішің ашиды.
 
2. Егер толиб сенен бір кітапты бере тұруыңды сұраса, оның қолын қайтарудың қажеті жоқ. Бұнда білім іздеушіге көрсеткен көмектің игілігі бар. Кітапты уақытшаға алып, оны өзіңде қажетіңнен артық ұстау да жөн емес, ол саған керек болмаса оны иесінің сұрағанын күтпей-ақ қайтадан қайтару керек. Біреудің кітабына иесінің рұқсатынсыз белгілер қойып немесе түзетулер жазуға болмайды.  Сондай-ақ, иесінің (жалған құқық иесінің емес, шынайы иесінің!) рұқсатынсыз бұл кітаптан ештеменің көшірмесін жасауға болмайды.
 
Иә, кітапты оқып алайын деп сұрағанға бермей қою дұрыс емес, алайда шектен шығудың да қажеті жоқ: осы немесе басқа кітапты іздеп жүрген әркімге кітап сыйлаған жақсы, егер ол сенің кітапханаңда болса. Күмәнсіз, сыйлау жақсы, егер сенде артық бір данасы болса, алайда егер ол жалғыз болса, ал сен тағы біреуін сатып ала алмайтын болсаң, онда бұл жерде бір қауіп бар, өзіңе кітап қажет болғанда, ол сенде болмай шығады, сөйтіп, сен білім іздеуде өзіңе-өзің кедергі келтіресің.
 
3. Кітаптарды жерге, сондай-ақ, мысалы, су сияқты кітапты бүлдіретін нәрсе жатқан жерге  қоюдың қажеті жоқ. Кітапты қойғанда, оның бет жағы («басмаласы» жазылған жағы) үстіне қарайтындай етіп қойған жөн. Кітаптың ішіне оны бүлдіретін нәрсе салмаған дұрыс, мысалы, белгілеу үшін  қарындашты ішіне салып қою, бетін қайыру, мәтінді тырнақпен сызу және кітапты бүлдіретін басқада барлық нәрселерді жасамаған жөн.
 
4. Кітапты сатып аларда  немесе уақытша алардың алдында, оның баспа кемшіліктерін тексеріп алу қажет: бос жіберілген немесе басылмай қалған беттерін, өрескел қателер мен жаңсақ басылған қателерін. 
 
Біздің кезімізде кейбір баспалар кітап басып шығаруға өте немқұрайлы қарайды, онда толып жатқан кемшіліктер мен жаңсақ басылған қателіктер болады. Әсіресе «Дар әл-кутуб әл-'ильмийя» деген ливандық баспаның кітаптарына сақ болыңыздар, егер оның сапалы басылым екеніне дәл көзіңіз жетпесе, олардың кітаптарын мүлде сатып алмаған жөн.
 
5. Шариғат ғылымдары бойынша кітаптардан бір нәрсені көшіріп жазғанда, дәретті болған жөн. Білімге қатысты кез-келген қызмет түрінде дәретті болудың маңыздылығы туралы топтаманың алдыңғы мақаласында біз көп айтқанбыз. Сондай-ақ, жүзіңді қыбылаға қаратып отыру қажет, денеде және киімде нәжіс болмау керек, кез-келген көшірмені «бисмиЛляхи ар-Рахман ар-Рахим» деп жазып бастаған жөн. Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әр кез еске алған сайын салауат жазу керек әрі бір уақытта ішіңнен немесе дауыстап айту қажет; сахабалардың, әсіресе ұлылардың есімінен кейін, — «радыАллаху 'анху» (оған Алла разы болсын); сәләфтардың, әсіресе ұлы имамдардың есімдерінен кейін де осылай жазуға болады немесе «рахимахуЛлах» (оған Алланың рақымы болсын) деп те жазуға болады.
 
Салауатты қысқартпай, толық жазу керек, тіпті бір жолда бірнеше рет кездесер болса да. «С.а.ғ», «с.а.с.» сияқты және т.б.  қысқартулар мен қысқармаларды жазбаған жөн. Бұл біздің Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жағдайының ұлылығына келіспейді. (Бұл жөнінде толығырақ:  имам әл-Хатыб әл-Бағдадтың «әл-Джами' ли ахляк ар-рави уа адаб ас-сами'» (1 т., 419 — 423 б., Муасаса ар-Рисаля) және хафиз ас-Сахавидің «әл-Кауль әл-бади' фи ас-соля 'аля аль-Хабиб аш-Шафи'»  (353 — 363 б., Мактаба әл-Муаййид))
 
6. Кітаптарды көшіріп жазғанда өте ұсақ жазудың да қажеті жоқ.  Сондай-ақ, бұл әдеп, айталық, біреудің біреуге жазған хатына да қатысты, өйткені өте ұсақ жазылған жазуды оқу қиынға соғады.
 
7. Өзіңе тиесілі кітапқа жазу жазуда: белгі қоюда, үстеме белгілер қоюда, түсініктер мен пайдалы ескертулерді жазып қоюда тұрған ештеме жоқ. Бірақ мәтінге қатысы жоқ бөтен нәрселерді кітапқа жазуға болмайды. Сондай-ақ, кітаптың оқылуын қиындататындай көп жазып тастауға да болмайды. Ең жақсысы, ашық шетке немесе беттің бос жерлеріне жазу, ал жолдардың ортасына жазу қажет емес. Кейбіреулер басқа түспен жазады, алайда жолдардың ортасына мүлде жазбаған дұрыс.
 
8. Тақырыптарды қызыл түспен жазуда еш ағаттық жоқ, бұл бұрынғы ғалымдардың әдетінде болатын. Сондай-ақ, оны мәтіндегі бір нәрсенің астын сызу үшін қолдануға болады.
 
Бұдан біздің түсінетініміз, мәтіннің астын сызып әрі көзге айқын түсуі үшін қарындашты немесе түрлі-түсті маркерлерді қолданғанда тұрған еш әбестік жоқ. Тек сия құрамындағы заттардың шариғи түрде таза болуын қадағалау қажет.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков