Циклы Авторы Сортировка

33 дәріс. 120-122 нақыл сөздер

2 497
24 февраля, 16
120. Біздің уақытымызда достар табуға асықпаңыз, өйткені қазір екіжүзділіктің қорқынышты түрде құлаш жайған кезі.

Нағыз дос — бұл әлемдегі үлкен сиректік. Адамдар шындықты айтатындарға қарағанда, өздері естігілері келетінді айтатындармен болғанды дұрысырақ көреді. Дегенмен, адалдық нағыз достың айырықша белгісі болып табылады.
 
121. Жүрегіңде  ғалымдарға деген құрметті өсіру керек.

Яғни, төрт мәзхәбтардың кітаптарында баяндалған, манхаджды ұстанатын нақ Әхлі-сүннет ғалымдарына. 

Біздің кезімізде әлдебір адамның өзін қалай таныстырғаны әрі өзінің кімге тиесілі екенінің еш мағынасы жоқтығын түсіну керек. Егер адам өзін ашғари немесе малики, не нақшыбанди ізбасары десе де, бұл шынайылыққа сай келе бермейді, өйткені барлық сөздер мен мәлімдемелер тек қана адамдарды шатастырып, оларды өзі және өзінің манхаджы туралы нақты адастыру үшін ғана қолданылады. Сондай-ақ, жиі бұл сөздерді өзіне қатыстыра айтатын адамдардың өздері де олардың бұрмаланған немесе өте үстіртін ұғымын ғана білетін болады
 

Біздің досымыз, ұстаз Абдушакур Брукс, хафизахуллах, өз әңгімесінде бір көрнекі мысал келтірді. Канадаға барған кезінде сол жерге келген  шейх Абдулла ибн Баййямен кездескен екен. Сол жүздесуінде ұстаз шейхқа келесі сұрақты қойыпты: «Мәлки ғалымы мәшһурдың (мәзхәбтың мықты пікірі) пікіріне сай емес пәтуа шығара ала ма?». Сонда  Абдулла ибн Баййя былай жауап беріпті: «Жоқ, шығара алмайды. Мәшһур — біздің мазхабтың беткеұстары, оны ұстану қажет».
 
Шейх Ибн Баййяның пәтуаларымен таныс болғандар бұл сөздердің нені білдіретінін түсінеді. 

Сондықтан да біздің кезімізде еш лауазымдардың, еш иджазалардың, еш ресмиліктердің мағыналары жоқ. Оның дұрыстығының деңгейін анықтау үшін, мейлі оның сабақтары немесе кітаптары болмасын, - тікелей адамның өз білімін бағалау керек.  

Сөзсіз, қарапайым мұсылмандар (аууам) оны жасай алмайды, өйткені олар қызыл тілді уағызшыны нағыз әлімнен немесе жетік білімді тәліптен айыра алмайды. Сондықтан да бұл міндет басшыға жүктеледі: жалған ат жамылғандарды пәтуа шығаруға жолатпау, адамдарды оқытып, тек Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) адал ізбасарларын ғана мінберге жіберу керек.

Бүгінде бұл мәселені қалай шешу керек? Мен білмеймін. Бірақ, даусыз, өзін ғалым немесе мүфти деп атағандардың артынан соқырша еру, діннің бүлінуінің тура жолы болып табылады.

122. Ғалымдарға деген көмегін адам бұл өмірдегі ең жоғарғы хидмат түрі деп еспетеуі керек.

Тақуалар мен әлімдерге жақындау — Алла Тағаланың тауфиқының белгілерінің бірі. Адам бұл мүмкіндікті барынша қолданып қалуға тырысып, егер қабілеті болса, Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ізбасарларына жәрдемдесуге, олардың академиялық қызметін, немесе олардың ғылыммен айналысуын жеңілдету үшін әлдебір тұрмыстық мәселелеріне көмектесуі керек.

Алайда бір нюанс бар, оны жас студенттер ескеруі тиіс. Көбісі өз ұстаздарымен қарым-қатынаста ресми шекарасынан өтуге талпынады, ұстаздарымен жақындасуды қалағандары сондай, оларды үйіне шақырып, олармен шай ішсе және оларды өз істері мен мәселелеріне тартса деп ойлайды.
 
Бұл студент үшін жаман, өйткені ғалымдардың көпшілігі әр жерде басқа ғалымдармен әртүрлі саяси қарама-қайшылыққа тартылады, ал бұндай жақындасу студенттің оның жағына шыққандығын білдіреді, ал әлім оны өзінің мюриді ретінде қабылдайтын болады. Соңында, егер осындай студент басқа әлімде оқығысы келсе, онда бұл бірінші әлімнің қызғанышын тудырады, сөйтіп олардың қарым-қатынастары бұзылуы мүмкін.

Сондай-ақ, бейресми қарым-қатынас болғанда студентке ұстаздың басқа жақтары да көріне бастайды, оны білу оған сәйкесінше әдепті сақтауды қатты қиындатады.

Сондықтан студент үшін ұстазбен қарым-қатынас жасауының мінсіз түрі -  бұл онымен сабақ төңірегіндегі қарым-қатынасы.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков