Циклы Авторы Сортировка

33 дәріс. Жиырма төртінші кіші белгі. Қауым арасында шірктің пайда болуы

3 216
8 сентября, 15
Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, былай айтқан: «Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқан естідім: «Даустың кемпірлері Зұл-Халасаға табына бастамайынша Қиямет күні болмайды»» (Бұхари, Мүслім).
 
 
 
Зұл-Халаса – бұл Исламға дейінгі Даус тайпасының сыйынатын пұттары тұрған көне ғимараттың атауы. Басқа деректер бойынша, құрылыстың өзі «әл-Халаса» деп аталса, ал пұт – Зұл-Халаса деп аталған екен.  Сондай-ақ, бұл орын «әл-Қағба әл-Ямания» ретінде де танымал болған.
 
Ол Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) уақытында құртылған болатын, бірақ ол қайтыс болған соң кейбір тайпалар сол жерге сыйынуға қайта оралып, екінші мәрте  қайтадан құртылған еді.
 
ХХ-шы ғасырдың басында және одан ертерек уақытта Даус тайпасы мен көршілес тайпалар бұл орынды дәріптеп, оның маңайында құрбандық шалатын болған деген пікір бар, бірақ бұл  пайымдау жеке тарихи сараптауды және тексеруді талап етеді.
 
Көптеген мұсылман елдерінде исламға дейінгі кейбір нанымдарды жандандыруға деген тілектері мен талпыныстарын байқауға болады, оларды өздерінің бірегей ұлттық дәстүрі етіп көрсетіп және Исламға қарама-қарсы қояды, оны «байырғы және дәстүрлі мәдениетті арабтандыру» етіп көрсетуге тырысады.
 
Бұл бізге көпшілік үшін Ислам - ақида не Шариғат емес, керісінше олар намазды, шыршаны, Аяз Атаны және басқа да ислами емес элементтерді алабажақ фольклорының бір бөлігі ретінде қарастырадындарын айдан анық көрсетеді.
 
Айшадан (оған Алла разы болсын)Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жетеді:  «Әл-Лаат пен әл-Уззатқа қайтадан табыну басталмайынша Қиямет күні болмайды».
 
Сонда Айша айтқан екен: «Иә, Алланың Елшісі, мына аят түскен соң іс бітті деп ойлап едім».
 
هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَىٰ وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ

«Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да» (Қасиетті Құран, 9:33).
 
Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі боолсын) айтқан: «Бұл іс Алланың қалауынша жалғасады.  Ал кейін Алла жел үрлетеді, сонда жүрегінде түйірдей иманы бардың бәрі өледі. Кімде еш қайыр жоқ солар ғана қалады. Содан соң олар әкелерінің дініне оралады» (Мүслім).

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков