Циклы Авторы Сортировка

33 насихат: Білім іздеу жолындағы сабыр туралы

3 515
7 ноября, 15
Сабырдың, яғни төзімнің маңыздылығы туралы Құранда және хадистерде көп айтылған. Арабтың «сабыр» сөзі, түсінік берушілердің айтуларынша, тек қана шыдамдылықты білдіріп қоймай, сонымен қатар, Алла Тағаланың берген тағдырына риза болуды, өз жағдайыңа деген наразылығыңдыОдан басқа ешкімге айтпауды да қамтиды. 
 
Күмәнсіз,  сабыр толибтің ислам ғылымдарында табысқа жету ісінің ажырамас бөлігі. Шәкіртке айтылатын өсиеттің бірде-біреуі сабыр сақтауды айтусыз болмайды деп ойлаймын.
 
Имам әл-Хатыб әл-Бағдад,Са'ляб деген есіммен танымал болған мұхаддис әрі сенімге лайық жеткізуші болып есептелетін, араб грамматикасының куфалық мектебінің имамы Ахмад ибн Яхьи аш-Шайбанидан (хижра бойынша 200 — 291 жж.),  (оған Алланың рақымы болсын), шейхы әл-Фадл ибн Са'идтың былай айтқанын жеткізген[1]:
 
«Бір адамның оқыған оқуынан түк шықпайтын болған соң, ол оқуды тастамақ болып шешіпті. Бір күні ол судың биік таудың басынан құлай ағып, үлкен тасты ойып тастағанын көреді. Сонда ол: «Жұмсақ су қатты тасты тесті. Алланың атымен ант етемін, мен оқуымды жалғастырамын!» деп айтқан екен. Ол оқуын жалғастырып әрі табысқа жетіпті».
 
Сондай-ақ, әл-Хатыб (оған Алланың рақымы босын) «әл-Джами'де» имам Әбу әл-Касим Джунайд әл-Бағдадтың (оған Алланың рақымы болсын) екі дәйексөзін келтірген: «Егер адам бір нәрсені тырысып әрі адалдықпен жасаса, олміндетті түрде қалағанына қол жеткізеді. Бәріне қол жеткізе алмаса да, дегенмен жартысына қол жеткізеді». Сондай-ақ: «Әрбір құнды айбынды білім есігінің кілттері  — бұл зейінділік».
 
Сондай-ақ, ол «Муснадтың» авторы имам Әбу Я'ля әл-Маусылиге (оған Алланың рақымы болсын) дейінгі иснадпен мына өлең жолдарын келтірген:
 
Шындығында, күндердің тәжірибе әкелетінін көрдім —
Бұл сабырдың мақтаулы нәтижесі.
 
Кім болса да бір нәрсе жасауға тырыспаған
Сабырлық танытпай, табысқа да жетпеген, жеңбеген де.
 
Тағы да екі шумақ, олар туралы шейх Аууама (оған Алла жар болсын) жас, студент кезінде жаттағанын жазады:
 
Білім ал да торықпа,
Толибтің қасіреті — ол торығу.
 
Уақыт өте судың қатты тасты
Тесетінін сен көрмеп пе едің? 
 
Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда (оған Алланың рақымы болсын) бұрынғы ислам ғалымдарының өмірлерінен алынған оқиғаларды мысал ретінде келтіре отырып сабырлылық туралы «Сафахат мин сабр әл-'уляма» деген, білім ізденуші үшін ең үздік уәждемелі кітаптарының бірін жазған. Арабша оқитындарға бұл кітап өмірдей қажет. Ерте ме, кеш пе, бұл кітаптың орыс тілінде қолжетімді болатынына үміттенеміз.
 
Білім алудағы уәждеменің әлсіреуі туралы 
 
Бұл қасірет оқыған адамның кез-келгеніне таныс деп ойлаймын, одан да көбін айтар болсам: өз өмірінде саналы бір нәрсемен айналысқан әрбір адамға таныс шығар. Сылбырлық, жалқаулық, қызығушылықтың жоғалуы — бұның бәрі уәждеменің әлсіреуінің белгілері. Бұл оқуда үлкен үзілістерге, ілгерілеудің жоқтығына, ал кейде оқуды толықтай тастауға әкеліп соғады.
 
Имам аз-Зарунуджи «Та'лим әл-мута'аллимде»[2] өз ұстазының, «Хидаяның» авторы, ханафи мазһабының ұлы ғалымы Бурхануддин әл-Маргинанидың мына сөздерін келтірген: «Оқуға деген қызығушылығымды жоғалтпағанымның арқасында, мен серіктеріме қарағанда көп нәрсеге қол жеткіздім».
 
Уәждеменің әлсіреуінің көптеген себептері бар: қажығандық, еңбек және демалу тәртібінің дұрыс еместігі, мол және зиянды тағам, жеткіліксіз ұйқы, әсіресе күмәнді немесе тыйым салынған ойын-сауыққа деген әдет, ұдайы күнә жасау, білім алудағы әдепсіздік, сырқаттану және тағы да басқалары. Толиб ниетін тексеру арқылы өзін, уәждеу арқылы, немесе керісінше – егер расымен қажет болғанда өзіне демалыс беру арқылы өз-өзіне есеп беруі қажет.
 
Әдетте шырғалаң шеңбер байқалады: уәждеменің әлсіреуі оқудағы үзілістерге, ал бұл үзілістер одан сайын уәждемені әлсіретуге әкеліп соғады.
 
Сондай-ақ, бұның тағы да бір себебі  — медреселер мен ислам институттарында болатын ұзақ демалыстар, сонымен қатар студенттердің оқудан басқа көптеген бөгде істермен айналысуы. Нәтижесінде біздің қауымда жеткілікті мөлшерде білікті имамдар, ұстаздар, муфтилер қалай жоқ болса, әлі де солай жоқ.  
 
Шу'айб ибн Харб, имам Бухаридің шейхтерінің бірі (оған Алланың рақымы болсын) айтқан: «Біз хадис үйрендік, біз төрт мың болғанбыз, ал бізден тек төртеу (ғалым) ғана шықты»[3].
 
Имам Ибн Абдул-Барр ұлы табиғин А'машқа (оған Алла разы болсын) былай айтқандарын жеткізеді[4]: «Сен шәкірттеріңнің көптігімен білімді жандандырдың». Оған имам былай жауап берген екен: «Шаттанатындай ештеме жоқ. Үштен бірі оқу аяқталғанша өледі, тағы үштен бірі сұлтанға қызметке барады, бұл болса өлімнен де жаман, ал үштің үшіншісінен тек азы ғана табысқа жетеді».
 
Айтпақшы, ұлы ғалымның сөздеріне көңіл бөліңіздер: «Үштен бірі сұлтанға қызметке барады, ал бұл өлімнен де жаман». Ақыл иесіне ишараның өзі де жеткілікті.
 
[1] «Әл-Джами'», 1595.

[2] 80 б., Дар ибн Касир.

[3] Әл-Хатыб «әл-Джами'де» келтірген (93).

[4] «Әл-Джами'де» (1115). Сондай-ақ, әл-Хатыб «әл-Джами'де» (96).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков