Циклы Авторы Сортировка

34 дәріс. 123-125 нақыл сөздер (соңы)

2 427
27 февраля, 16
123. «Алла мені көріп тұр» дегенді әрқашан жүрегіңізде  ұстаңыз.
 
Тасаууф осындай хәлдің сыртқы көрінісі болып табылады. Егер жүрек деңгейінде сезілмесе, онда  ойлау деңгейінде өзіңізді бақылай бастап және «Алла мені көріп тұр» деген ескертпемен амалдарыңыз бен ниеттеріңізді таразылау керек.  Бірақ біздің көпшілігімізде бұл да жоқ, сондықтан да бізге осындай халге қол жеткізге алғандарды жақсы көріп, олардың қастарында болу ғана қалған.
 
124. Тариқат – бұл шариғат арқылы Алла Тағалаға қызмет ету жолы.
 
Тариқат пен шариғаттың айырмашылығы – бұл теория мен тәжірибе арасындағы айырмашылық сияқты.

Немесе басқаша айтар болсақ: Тариқат – бұл шариғатты өз өмірлерінде іске асыра білген тақуалардың рухани тәжірибе жиынтығы.
 
Нақты осы - шариғатты іске асыру аспектісінде, бізге тариқат және оның имамдары мен шейхтарының тәжірибесі қызықты.
 
Бұл жолдан оның не үшін қажет екенін түсінбегендер және өздеріне  шариғаттың мәтіндері ғана жеткілікті деп санайтындар жиі бас тартады.
 
Аса қадірлі Саид Афанди  (құддиса сирруху) тірі болғанда, бақытымызға орай бірнеше күн Чиркейде біздің ұстаздарымыздың бірінде қонақта болып едік. Әр күні, таң намазына мешітке ерте келуге қанша тырыссам да, ұстаз (құддиса сирруху) егде тартқан жасына қарамастан, онда менен бұрын келіп алатын.
 
Иә, тариқат шейхтері фаджрға қатысуда ғана тұрақтылық көрсетпейді, сондай-ақ, олардың үлгілері дәлелдеуге уәж болады, өзіміздің міндеттерімізді орындауда нақты күш пен рух береді. Әр кез салиқты жалқаулық басқанда, рухани тәлімгерлердің жасаушы бейнелерін осылайша еске түсіру, салиқтың өз  құлшылығына мықты түрткі болады.

125. Алла бізге өтірікті ақиқаттан айыра алатындай мүмкіндік беріп және бізді жаңа еңгізілімдерден сақтасын.
 
Нағыз тәлімгерді өтірік тәлімгерден айырудың жан-жақты әділ амалы жоқ. Оны табу мүмкіндігі – бұл сөзсіз Алланың таупиғы. Салиқ үшін жаңа еңгізілімдерден бойын аулақ салып жүру өте маңызды, бірақ әрбір бидғат жасаушының жаңа еңгізілім болып табылмайтынын түсінудің де ол үшін маңызы аз емес.  Өйткені кейбір жаңа еңгізілімдерде «шүбә» болу мүмкіндігі бар.
 
Мысалы, кейбіреулер «Рағаиб» намазын оқиды, өйткені ол имам Ғазалидің «Ихьясында» көрсетілген, егер имам Ғазали (рахимахуллах) өз кітабында әлдебір хадисті келтірсе, онда ол хадистің әлдебір нақтылық дәрежесі болуы керек деп ойлайды. Адам өз түсінігінде ол хадистерді ұстанады, сондықтан да ол бидғатшы болып табылмайды, дегенмен рағаиб намазы жаңа еңгізілім болып қала берсе де, хадис сөзсіз ойдан шығарылған, имам Науауи осыны көрсеткен еді, ал ойдан шығарылған хадистерді тәжірибеде қолданбақ тұрмақ, оның жалған екенін көрсетпей, тіпті де келтіруге болмайды.
 
Бірақ, егер адам шейхтер мен әулиелер өздерінің «кашф» негізінде әлдебір құлшылық түрін орната алады, немесе шариғатта көрсетілмеген нақты бір әрекет үшін анық сый барын көрсетеді деп санаса, онда ол адам нағыз бидғатшы болмақ.
 
Алла бізге Өз Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Сүннетіне деген сүйіспеншілік берсін әрі сүннетті бұрмалаушы және ауыстырушы жаңа еңгізілімдерден алыстатсын. Алла Тағала Өзінің ның аятына:
 
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّـهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ

«Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар»[1] сәйкес адал тақуаларға деген сүйіспеншілік пен олармен бірге болу мүмкіндігін берсін.
 
Муфти Рафи Усмани (дамаат баракатух) айтқандай: «Әр кез, Алла Тағала тақуалыққа шақырғанда, міндетті түрде оған жетудің анық амалы да көрсетіледі». Сондай-ақ, бұл аяттың Тәубә сүресінен екенін, онда джихадтың талаптары мен достық және қатынастық мәселелері баяндалғанын түсінген маңызды.
 
Сондықтан да, рухани тәлімгерлерге деген жақындық – бұл, сондай-ақ, Аллаға жақындаудың барлық жолдарынан, тек Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолынан басқадан шеттету, тағы да адам үшін тек Мұхаммедтің шариғатын іске асыру қасиеттілігінен басқа нағыз қасиеттілік жоқ екендігіне сенім. Бұдан басқаға шақырып жүргендерге біздің, ал олардың бізге қатысы жоқ, тіпті өздерін мұсылманбыз деп айтса да және өздерін тасаууф түрінде көрсетсе де.
 
Осымен біз шейх Масихулла әл-Джаләлабадидің (құддиса сирруху) нақыл сөздерінің дәрістерін аяқтаймыз және Алладан сұрайтынымыз, Алла Тағала автордың өзіне, одан кейін оқырмандарға және басқаларға да айтқандарынан пайда мен таупиқ берсін. Әмин.
 
[1] Құран 9:119
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков