Циклы Авторы Сортировка

34 дәріс. Жиырма бесінші кіші белгі. Бұзақылықтың таралуы, туысқандық байланыстардың үзілуі және көршілерге деген жаман қарым-қатынас

3 483
14 сентября, 15
Абдулла ибн Әмр (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Бұзақылық, асқан әдепсіздік таралмайынша, туысқандық байланыстар үзілмейінше және көршілік қарым-қатынас нашарламайынша Қиямет басталмайды» (Ахмад).
 
 
 
Сондай-ақ, Әнәс (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қиямет күнінің белгілері – бұзақылықтың таралуы, асқан әдепсіздік және туысқандық байланыстардың үзілуі» (ат-Табарани).
 
Сондай-ақ, Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қиямет күнінің алдында <…> туысқандық байланыстардың үзілуі» (Ахмад).
 
«Бұзақылық» (аль-фухш) сөзін  әдетте зина және әдепсіздік деп аудару ескеріледі. Сөзсіз, бұл күнә әрқашан болған, бірақ адамзат тарихының дені бойына барлық халықта жат қылық болып табылған, некеден тыс туған балаларды қорсыта «жетесіздер» деп атаған. Алайда біздің кезімізде бұл күнәнің бұндай бағасы іс жүзінде ғайып болған, ал зинаны, мысалы, «қарым-қатынас» деген сияқты т.б. ұғыммен айырбастап қойған.
 
Бұған қоса тағы да айта кету керек, зинаның таралуынан бөлек, қалай болғанда да онымен байланысты бұзақылықтың басқа да түрлері тараған, мысалы, ғаламторда таралуы жағынан бірінші орында порнография тұр. Бүкіләлемдік желіні пайдаланушылардың көп бөлігі дәл осындай жексұрындықты іздеу үшін желіге кіреді.
 
Туысқандық байланыстардың үзілуіне қатысты айтар болсақ, қазір жиі туыстар жылдап бір-бірлерімен араласпайды, байланыстарын үзген, көбісі тіпті жақын туыстарымен араласпайды, бауырларының, әкесі мен шешесінің қайда екендіктерін білмейді.
 
Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Туысқандық байланыстарды бұзғандар Жұмаққа кірмейді» (Мүслім).
 
Көршілер және олармен жақсы қатынаста болу жөнінде де сондай. Көбісі өздерінің қасында тұратын адамдар туралы ештеме де білмейді, үлкен қалаларда көбіне осылай, қоғамды даралау болғанда, адам өз тамыры мен туыстарынан қол үзеді.
 
Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Кімде-кім Қиямет күніне сенсе, онда көршісіне зиянын тигізбесін» (Мүслім).
 
Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Кімде-кім Қиямет күніне сенсе, онда көршісімен жақсы қарым-қатынаста болсын» (Мүслім).
 
Тағы да Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Жәбірейіл маған көршілер туралы өсие айтуын қоймағаны соншалықты, мен тіпті олар мирасқор.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков