Циклы Авторы Сортировка

34 насихат: Қайталау мен өздігінен оқудың маңызы туралы

2 359
11 ноября, 15
Шейх Мұхаммед Аууама (оған Алла жар болсын) әр күні дәрістің алдында мәтіннің нақты бір мөлшерін оқу шәкіртке қалай міндет болса, ұстазға да солай міндет: ұстаз үшін шәкірттерге келесі дәрісте беретін мөлшерді оқу болса, ал шәкірт үшін – өткен дәрісте өткенді қайталау, - деп жазады.
 
Шейхосы жөнінде оның көз алдында болған бір оқиғаны айтып берді:  бірде оның ханафи фикхынан беретін ұстазы кейбір шәкірттердің өткенді қайталамайтынын түсінеді. Ол өзінің ұстазы шейх Ибрахим ат-Турманиннің (оған Алланың рақымы болсын) сөзін жеткізе отырып, сыныпқа ақырындап насихат жасайды: «Балаларым менің! Мен әл-Азхар унверситетінде көптеген ғылымдарға үйрендім. Жиырма алты пән бойынша барлық оқу жылдары бойы менен бір рет те сабақ сұралмады. Соған қарамастан, мен дәріске бір рет те өткен тақырыптарды қайталамай келмейтінмін».
 
Имам аз-Зарнуджи «Та'лим әл-мута'аллимде» былай жазады: «толибке дәрісті қайталаудың нақты бір санын белгілеп, әрі соны орындамайынша көңілінің жай таппауы өте маңызды. Яғни, ол бір күн бұрын оқылған дәрісті, айталық, бес рет қайталауды өзіне міндет етіп алады.  Әрине, бұл шәкірттің деңгейіне, оның қабілеттілігіне және оның дәріске бөле алатын уақытына байланысты.  Медресе шәкірті өткенді оқуға өзін, мысалы, 10 рет (немесе одан да көп) міндеттей алса, оқуын жұмыспен не болмаса дүнияуи білім алумен қатар оқитындар, айталық, дәрісті үш рет қайталауға шамасы келеді. Өз мүмкіндіктерін парасатты түрде бағалау қажет: еркінсімей, сонымен қатар әлі келмейтін жүкті арқаламауы тиіс.      
 
Исламның ұлы имамдары осындай болған және олардың есімдері ұрпақтарының есінде көбіне құмарлықтарына бой алдырмағандықтарымен әрі бар жағынан, соның ішінде, оқуда да кемеліне жеткендіктерімен сақталған. Олар дәрістерді қайталап, кітаптарды жүз реттен оқып, бүтіндей жаттап алатын болған.
 
Имам Әбу Исхак аш-Ширази (оған Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Мен әр дәрісті мың реттен қайталайтынмын. Қайталауымды бітіргенде, жаңа дәрісті алып, оны мың рет қайталайтынмын. Әлдебір сұраққа өлең түріндегі бейт мысал болып келгенде, мен барлық касыданы жаттайтынмын»[1]. Расын айтқанда, басқа кітаптарда имамның әр сабақты жүз реттен қайталағаны жайында айтылған және бұл шыныққа жақынырақ.
 
Имам Ибн әл -Джаузи былай жазған[2], имам ас-Сарахсидің шәкірті болған ханафилік имам Бакра аз-Заранджариге (хижра  бойынша 512 ж. өлген), (оларға Алланың рақымы болсын), әлдебір сұрақ қойғанда ол былай жауап берген екен: «Мен бұл тақырыпты бір түні Бұхара қамалының мұнарасында төрт жүз рет қайталағанмын».
 
Имам ибн әл-Джаузи осы себептен оны ханафи мәзхабының маманы ретінде мысал етіп келтіретін атап өткен. Және одан дәріс сұрағанда ол кез-келген тақырыпқа алдын-ала қайталамай-ақ, дайындалмастан бірден есте қалғанын айтып беретін.
 
Кади 'Ияд «Тартиб әл-мадарикте»[3]  өз замандасы, малики мазһабының имамы Әбу Бәкір әл-Абхари (хижра бойынша 375 ж. өлген) туралы: «ол Ибн Адбул-Хакамның «Мухтасарын» бес жүз рет,  «әл-Асадияны» жетпіс бес рет, ал имам Мәліктің «Муваттуын» қырық бес рет оқыған» деп жазған.  Осыған ұқсас оқиғалар басқа да ғалымдар туралы айтылады: мысалы, біреу «Сахих әл-Бухариді» жеті жүз рет оқыса, енді біреу мың рет оқыған. Имам ан-Науауи имам әл-Ғазалидің «әл-Васитін» төрт жүз рет[4] оқығанын мойындаған.
 
Бірақ шыншыл болайықшы: осылай жасау біздің біреуіміздің қолымыздан келе қоймас. Осындай оқиғалар әрекетке басшылық болғаннан гөрі бізге уәждеуіш болып қызмет етеді. Бізге имам аз-Зарнуджидің (оған Алланың рақымы болсын) кеңесінің тәжірибелік пайда келтірері әбден мүмкін. Оның әдісі мынандай: кешегі дәрісті бес рет, алдыңғы күнгі дәрісті – төрт жүз рет, оның алдындағысын – үш рет, оның алдында болғанын – екі рет және оның алдынғысын – бір рет қайталау. Осылайша, сен өткенді жай ғана қайталап шықпай, оны санаңда оғанға дейін болғандармен байланыстырасың. Бұл әдіс жатталып алынғанды қайталауға да жарайды. Сонымен қатар, имам шаршап, ұйқысы келгенде емес, күш пен қуат барда қайталауға кеңес береді. Әрі дауыстап, бірақ дауысты тым қатты шығармай оқу керек.
 
Осыны имам әл-'Аскари (оған Алланың рақымы болсын) «әл-Хас 'аля толяб әл-'ильмде»[5]  де жазады: «Дәрісті оқығанда өзің еститіндей оқу керек, өйткені құлақпен естіген, есте сақталады». Шейх Аууама да (оған Алла жар болсын) осы насихатқа қосылады: әрқашан дауыстап оқу керек, Құран болсын немесе басқа кітаптарды болсын.
 
Ділмар болғысы келтіндерге, арабша әдемі сөйлеуге үйренгісі келтіндерге, шейх Құран мен хадистерден бөлек шейх Мұхаммед Юсуф әл-Кандехлявтің «Хаят ас-сахабасы» мен шейх Әли ат-Тантавидің (оларға Алланың рақымы болсын) екі кітабын: «Риджаль мин ат-тарих» пен «Кысас мин ат-тарихын» оқуға кеңес береді. Менің ұстаздарым да осы кітаптарды оқуға кеңес берген.
 
Кімде-кім арабшасын жетілдіргісі келсе, сөздік қорын кеңейткісі келсе және сауатты әдеби тілмен сөйлегісі келсе, бірақ бұл кітаптарды еркін оқи алмаса, онда өздігінен оқуға мынандай кітаптардың реттілігін кеңес етуге болады:   
 
- Шейх Әбу әл-Хасан ан-Надвидің (оған Алланың рақымы болсын) «Кысас ан-набийин».

- Соның «Сира әл-хатам ан-набийин».

- Шейх Абдуррахман Раъфат әл-Баштың (оған Алланың рақымы болсын) «Суар мин хаят ас-сахаба» мен «Суар мин хаят ат-таби'ин».
 
Тақырыпты қорытындылай келе, шейх Аууаманың (оған Алла жар болсын) шәкірттерге жасайтын насихатын келтіреміз: келесі болатын тақырыпты, оның дәрісі келмей тұрып оқу әрі деңгейі күрделірек кітаптан  оқу. Бұл тақырыпты жақсы түсінуге, дәрісті игеруге және толибтің ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.
 

Шейх бұл насихатты келесі оқиғамен көркемдейді: бірде шейх Мұхаммед ас-Салкыни, Алепподағы әл-Хусравийя медресесінде оқытып жүргенде, бір жұмыспен біраз уақытқа кетіп қалады да оның орнына шейх Абдул-Фаттах Әбу Гудда (екеулеріне де Алланың рақымы болсын) оқытады. Ол шәкірттерді өз білімімен қайран қалдырады. Шейх ас-Салкыни қайтып келгенде, одан шәкірттері былай сұрайды: «Ұстаз, шейх Абдул-Фаттахтың сіздің шәкіртіңіз екені рас па?». Ұстаз сыпайы ғана жауап береді: «Иә,  алайда қазір мен оның шәкіртімін. Мен оған нахв ғылымы бойынша «әл-Аджуррумийя»[6]  кітабын оқытқанмын, ал ол «Мугни әл-лябибтің»[7] әрбір дәрісіне осы тақырыпты оқыған. «Дәл осы, шейх Абул-Фаттах Абу Гудданы араб тілі туралы ғылымдарының майталман маманы (дәлел) еткен, сонымен қатар, ол шариғат ғылымдарының да «дәлелі» болып табылады», - деп қорытындылайды шейх Аууама.

 

[1] Имам ас-Субкидің  «Табакат аш-шафи'ийя әл-кубрасында» (4 т., 218 б, Исы әл-Баби әл -Халяби басылымы, Каир) және  имам аз-Захабидің «Сияр а'лям ан-нубалясында» (8 т, 458 б, Муасаса ар-рисаля) келтірілген.

[2] «Әл-Мунтазамда» (14 т., 165 б, ДКИ).

[3] 3 т., 220 б. (Дар ас-сакафа ад-динийя).

[4] Бұл туралы толығырақ шейх Аууамның  «Ма'алимінде», 258 — 259 б.

[5] 72 б. (әл-Мактаб әл-ислям)

[6] Бастапқы деңгейдің қысқа кітабы.

[7] Шейх Ибн Хишам әл-Ансаридің (оған Алланың рақымы болсын) күрделіліктің жоғары деңгейі бойынша нахв ғылымының кітабы.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков