Циклы Авторы Сортировка

35 дәріс. Жиырма алтыншы кіші белгі. Қарттардың жасаруы

4 110
21 сентября, 15
Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) хабарлағандай: «Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Заманның соңына таман адамдар шаштарын көгершіннің жемсауындай етіп қара түске бояйтын болады, және солар Жұмақтың иісін де сезбейді» (Ахмад, Әбу Дауд).
 
 
 
Ғалымдар бұл жеке әрекеттің астарында қарт адамдардың өз жасынан әлде қайда жастау көріну ортақ тілегі жатқанын көрсетеді, шаштарын бояу болсын немесе пластикалық хирургтардың қызметіне жүгіну, бұл көптеген бай адамдардың өмірлік қағидасына айналуда.
 
Жас болып көріну талпынысының негізінде адамның өлімнен экзистенциялық қорқынышы жатыр, әдетте ол сұлу болып көріну тілегімен жасырылады. Шариғат айқын кемтарлық жағдайларды есептемегенде, эстетикалық тұрғыдан адамның табиғи түрін өзгертуге үзілді-кесілді тыйым салады. Шариғатта әйелге қасын жұлуға бола ма деген сұрақ тұрған болса, пластикалық ота жөнінде не сөз айтуға болады?
 
Шариғат жас адамның өз жасынан үлкен көрінуді қалауын, ал қарт адамның – жас көрінуді қалауын жақтырмайды, өйткені бұл - өз жағдайына, жасына разы болмаудың бір түрі және бұл Алланың тағдырына разы болмауға  әкеліп соғады. Алла бізді осыдан сақтасын.
 
«Олар Жұмақтың иісін де сезбейді» деген сөздерге келер болсақ, онда Ибн әл-Джаузи Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұл сөздеріне келесідей түсінік берді:
 
«Бұл мынаны білдіруі мүмкін, олар Жұмақтын иісін шаштарын қара түске бояғаннан емес, өздерінің жасаған әрекетінің немесе сенімдерінің салдарынан сезбейді. Бірақ бұл хариджиттердің сипаттары – бастарын қыру болғандай, олардың да белгісі болады, дегенмен басты  қыруға тыйым салынбаған»  (Әл-Маудуат).
 
Бастағы шаш пен сақалдың ағарғанын қара түске бояуға келер болсақ, оған Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тыйым салған.
 
Джабирден (оған Алла разы болсын), келген хадисте келгендей, Меккені жаулаған күні сақалы мен басы ағарып кеткен Әбу Кухафтың денесін әкеледі. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Бұл түсті (басқаға бояп), өзгертіңдер, тек қара түстен аулақ болыңдар» (Мүслім).

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков