Циклы Авторы Сортировка

35 насихат: Дәрісті жамағатпен қайталаудың құндылығы

2 132
18 ноября, 15
Алдыңғы мақалада біз, өткен дәрісті өздігінен бірнеше рет оқуды ескере отырып, оқығанды қайталаудың маңызы туралы айтқанбыз. Бүгін - қайталаудың басқа түрі туралы – жамағатпен бірге: бірлесіп оқу, оқығанды талқылау және ойлану туралы, оқыту және бір-бірлерінің сұрақтарына жауап беру жөнінде сөз қозғаймыз.
 
Білім алу жалғыз өтуі де мүмкін, егер бұл, айталық, оқу немесе дәрістерді конспектілеу болса, сондай-ақ, жамағатпен де өтуі мүмкін. Топпен қайталау тереңірек түсінік береді. Көптеген адамдар ақпаратты дауыстап айтса жақсырақ түсінеді. Кейде жамағатта біреулер сенің басыңа кіріп-шықпайтын сұрақтарды қояды. Сенің кейбір сұрақтарыңа басқа студент жауап беруі мүмкін. Сондай-ақ, сен де біреудің сұрағына жауап беріп жақыныңа пайдаңды тигізесің. Біреу тақырып бойынша сенің білетініңнен де артық айтып беруі мүмкін. Сондай ақ, үлгерімі нашар студентке немесе дәрісте болмаған толибке өткен тақырып бойынша сабақ беру де пайдалы. Менің ұстаздарым айтқандай, сабақ беру – қайталаудың ең жақсы тәсілі.
 
Сәләфтерден түні бойы, таңғы намазға дейін бір-бірлерінің үйлерінде жиналып, ғылымдарды жамағатпен қайталағандары туралы талай оқиғалар келтірілген. Бұл қайталауды олар нәпіл намаздардан да маңыздырақ деп санаған.
 
Әл-Хатыб әл-Бағдад (оған Алланың рақымы болсын)  Әбу Мұса әл-Ашғаридің Омар ибн әл-Хаттабқа (оларға Алла разы болсын) түнгі намаздан кейін келгені туралы оқиғаны жеткізген[1] . Омар сұрайды:

- Маған неге келдің, Әбу Мұса?

- Кәне, фикхты қайталайықшы.

Сөйтіп, олар түні бойы қайталаған. Содан кейін Әбу Мұсабылай айтады:

- Намаз!

Оған Омар:

- Мен намаздамын – деп қарсы жауап береді.

Осылайша, олар таң намазының уақыты келгенше қайталауларын жалғастырған.
 
Біз көріп тұрғандай, Әбу Мұса әл-Ашғари (оған Алла разы болсын) Омарға «түнгі нәпіл-намаз - кыям әл-лейлді» есіне түсіргеніне қарамастан Омар (оған Алла разы болсын) фикхты қайталауды қосымша намаздан да маңыздырақ санаған. Бұл басқа ұлы сахаба — Абдуллах ибн Мас'удтың (оған Алла разы болсын) мынандай сөздерімен дәлелденген: «Оқу — бұл намаз»[2].
 
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) келесі сөздер жеткен[3]: «Мен түнді үш бөлікке бөлдім: үштен бірін намазға, үштен бірін ұйқыға және үштен бірін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін қайталауға».
 
Бұрын өтіп кенді қайталаудың маңыздылығы туралы.
 
Бірнеше кітаптарды оқыған кез-келген студент, егер өткенді қайталамаса уақыт өте келе оның ұмытылатынын біледі. Бұны Құран хафиздері біледі, сондықтан да олар жаттағандарын ұдайы қайталап отырады. Және де шейхтер оларға әр күні жоқ дегенде бір параны оқуға кеңес береді.  
 
Имам әл-Хатыб әл-Бағдад (оған Алланың рақымы болсын) [4] біршама білімге ие болғандарға қайталаудың маңызы туралы құнды насихатты келтірген (авторы көрсетілмеген):
 
«Білімді қолданбаса әрі қайталамаса, сауытта көп тұрған миск (иіссу) сияқты, оның иісі жоғалады. Ол таза су тәрізді: көп тұрса, буға айналады немесе түсі мен иісі өзгереді. Ол суы бұрқылдап жатқан құдық сияқты: егер ол өзіне шығатын тесік тапса, онда ол күллі тіршілікке пайда әкелетін суы мол өзенге айналады. Ал егер суды құдықта тоғытатын болса, онда ол аз ғана пайда әкеледі немесе мүлде құрыйды.  Білім де сол сияқты, егер оны қайталамасаң, оған жаңасын қоспасаң. Ал егер сен қайталап және оны таратсаң, онда сен пайда келтіретін суы мол өзен сяқты боласың: егер бір бұлақ кеуіп қалса, өзенді басқасы толтырады, егер біреуі лайланса, оны басқасы тазартады. Сөйтіп, жерге, өнімге және жануарларға игілік әкеледі».
 
Бұл насихатта білімді таратудың маңыздылығы да сөз болып отыр, мынандай көріністі жиі байқаймыз: көп жыл оқыған толиб, өз білімін өзінде ұстайды, ешкіммен бөліспейді, дәріс бермейді, аудармайды, мақалалар мен кітаптар жазбайды, уағыз (дағуат) айтпайды.  Онымен қоймай, егер ол дүниелік істерден босамай, қайталауын тастап кетсе, оның білімінің жоғалып кету қауіпі бар, бірақ тіпті егер ол оны қайталаса да, бөліспейді – ол бүгінгі күні мұсылмандар зәру болған құндылықты ұстап қалады. Ол аштық кезінде өлгелі жатқандардан өзінің  қоймасына жолын жапқан сараң бай сияқты.
 

Біздің күнімізде, шейхтер мен білімді толибтердің үндемеуі, Исламның өркендеу дәуірінде тіпті білім беру мен дағуатқа да жарамайтын осы жолдардың авторы сияқтыларды, адамдарға Исламды жаңа бастаушы толибте міндетті түрде орын алатын қателіктерді ақиқатқа араластыра отырып, үйретуге мәжбүр етуде. Алла бұл қателіктерімізді кешірер, немесе сол қателіктерімізді Ислам туралы сөйлеуі міндет бола тұра үнсіз қалғандардан сұрайды деп үміттену ғана қалады.

 

[1] «Адаб әл-фикх уа әл-мутафакких» (954).

[2] «Әл-Джами'де» Ибн Абдул-Барр келтірген (94).

[3] «Әл-Джами'» (1869 және ары қарай).

[4] «Адаб әл-факих уа әл-мутафакких» (616).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков