Циклы Авторы Сортировка

36 дәріс. Жиырма жетінші кіші белгі. Шамадан тыс сараңдық

3 845
2 октября, 15
Әбу Хурайрдан (оған Алла разы болсын) жеткен: «Қиямет күнінің белгісіне шамадан тыс сараңдық жатады» (ат-Табарани).

Тағы да одан (оған Алла разы болсын) мына хадис жеткен: «Уақыт қысқарады, амалдар азаяды да, сараңдық кең таралады» (Бұхари).

Муғауия (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Амалдар қиындап, адамдардың сараңдығы тек арта түседі» (ат-Табарани).

Сараңдықтың жағымсыз екенін және оны жеңе білгендерге мақтау бар екенін біз Құраннан таба аламыз. Алла Тағала айтқан:
 
فَاتَّقُوا اللَّـهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَأَنفِقُوا خَيْرًا لِّأَنفُسِكُمْ ۗ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

Мағынаның аудармасы: «Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бойсұныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар» (Қасиетті Құран, 64:16).
 
Джабир (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Жәбірлік көрсетуден сақсыныңдар: расында, жәбірлік  - бұл Қиямет күніндегі түнек.  Және шамадан тыс сараңдықтан сақсыныңдар: расында, ол сендерге дейінгі халықты құртқан, оларды қан төгуге және тыйым салынғанға қол сұғуға  мәжбүрлеген».
 
Неге әртүрлі кемістіктердің ішінен нақ сараңдық Қиямет күнінің белгілерінің бірі болып ерекшеленген?
 
Бәлкім,  сараңдықтың түйінді және терең элементтерінің бірі – бұл іс жүзіндегі таухид сенімділігінің әлсіздігі, өйткені ризықты Алла береді, ал адам өзінің жомарттығының арқасында қорегі азайып қалады деп қорқады.
 
Бірақ жомарттық – бұл біздің әуелгі ізгілеріміздің спиаты әрі олардың жолдарын ұстанушылардың қасиеттерінің бірі. Өкінішке орай, бай мұсылмандардың бүгінгі кезде жасап жатқан қайырымдылық іс-шараларының көбі тек ашық көзбояушылық. Мешіт салуға қаражат беріп алып, салынған мешіттің кіре берістегі тақтайшасына атын жазып қоюды талап ететін адам жайында не айтуға болады?
 
Әл-Бұхаридің «Сахихында» Айшаның (оған Алла разы болсын) оған мұсылмандардың әміршісі берген дүниенің барлығын мұқтаждарға таратып бергеніне ескету жасаған немере інісі Әбду-Рахманмен сөйлеспеуге серт бергендігі туралы таңқаларлық оқиға келтіріледі.
 
Немесе өзіне Алла мен Оның Елшісінің жеткілікті екенін айтып, барлық мүлігін таратып жіберген оның әкесі Әбу Бәкірді (оған Алла разы болсын) еске алайықшы!
 
Біздің ұстазымыз, муфти Ибрахим Десаи, даммат баракатух, өзінің рухани тәлімгері және шариғат ғылымындағы ұстазы – Үндістанның ұлы муфтиі, Махмұд Хасан Гангохи муфти,  куддиса сирруху туралы оқиғаны айтқан болатын. Ол Деобандқа барып жүргенде, оның айналасына фикх сұрақтарын талқылауға әртүрлі шәкірттері жиналатын, сонда Даруль-Улюм шәкірттерінің бірі үйіне жетуге қаражаты жоқ деп түсіндіріп, одан ақша сұрайтын. Әр кез сол бозбала өз мұқтаждығын осындай сөздермен ақтай отыра одан ақша сұрай беретін. Біршама уакыттан соң шәкірттері одан бозбаланың оны алдап жүргенін көріп тұра неге ақша беретінін сұрайды. Бұған муфти Махмұд былай жауап берген екен: «Әр кез оған ақша бергенде, Алла мені оның орнына қоймауын сұраймын».

Осы оқиғадан кейін, жомарттықтағы береке туралы ойланыңыздар.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков