Циклы Авторы Сортировка

36 насихат: Сұрақтар қоюдың маңыздылығы туралы

2 527
25 ноября, 15
Ілім алудың әдістері жайлы айтқанда, соңғы біздің тоқтайық деп шешкеніміз – бұл сұрақтар. Сұрақ қоймайтын толиб өз жолында ешқашан табысқа жетпейді. Білмейтініңді немесе түсінбейтініңді сұрау - әдет пен маңызды қажеттілік болуы керек. 
 
Ұлы сахаба Абдулла ибн Аббастан (оған және оның әкесіне Алла разы болсын) осындай білімге қалай жеткендігін сұраған екен. Ол былай жауап беріпті: «Сұрайтын тілім мен парасатты жүрегімнің арқасында»[1].
 
Бірде Му'ауия ибн Әбу Суфьян (оған Алла разы болсын) әр түрлі сұрақтарға берген жауаптары таң қалдыратын әрі өзіне жақын болған ақындардың бірі Дагфал аш-Шайбаниден былай сұрапты: «Әй, Дагфал, бұның бәрін қалай жаттағансың?». Сонда ол Ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) айтқанын сөзбе-сөз қайталаған екен: «Мен бұны парасатты жүрегім мен сұрайтын тілімнің арқасында жаттадым. Шындығында, білімнің апаты — бұл ұмытшақтық»[2].
 
Бұл дегеніміз, ілім алудағы табысқа жетудің негізі — зерде және сұрау. Зердесіз адам білімсіз. Тіпті ол көп кітаптарды жатқа білер болса да, сол білімді қолдана алмайды, тек кітаптар тиелген есек болып қала береді. Бірақ сұрақ қою әдетінсіз білім алуға болмайды: әрбір тақырыпта, әрбір кітапта түсініксіз нәрселер болады. Осындай жерлерді айналып өтуді әдетке айналдырғандар, байыбына бармайтындар, түсіндіруді іздемейтіндер, сұрақтар қоймайтындар – тақырыпты түсінбейді.
 
Сұрақтар қоюдың маңыздылығы туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадстерінде де келтірілген. Мысалы: «Білім — бұл қазына, ал оның кілті — сұрақ»[3]. Немесе: «Білімсіздіктің  емі —  сұрақ қою»[4].
 
Бұл кілт пен емді дұрыс қолдана білу қажет. Сондықтан да ізгі сәләфтар «Жақсы сұрақ — білімнің жартысы» дейтін болған[5].
 
Тұжырымды қойылған сұраққа қарап, тәжірибелі ұстаз толибтің тақырыпты қаншалықты жақсы түсінгендігін ұғына алады. Бұл өнерге - дұрыс сұрақтар қоюға, ненің шынайы пайдалы және қажетті екенін сұрауға - ие болуға тырысу керек. Кейбір білімсіздер: «сайтанның әйелі бар ма?» немесе «Құранда айтылған үңгірде болған иттің тұқымы қандай?» деген сияқты шынымен пайдасыздығы жағынан бірегей сұрақтар қояды. Сондай-ақ, қойылған сұраққа кітаптардан өздігінен жауап іздеу тамаша жемістерін береді. 
 
Біз өткен мақалада айтқанымыздай, дәрісті жамағатпен қайталаудың пайдалы ерекшеліктері - бұл сенің басыңа алдында келмеген сұрақтардың келуі және оқудағы әріптестеріңнің сұрақтарына жауап беру мүмкіндігі. Ұлы мұхаддис Ибн Шихаб аз-Зухридің дәрістері туралы оның дәрісінде шейх пен оның шәкірттері үнемі бір-бірлеріне сұрақтар қоятын деп жеткізілген. Көптеген сәләфтардың дәрістері диалог түрінде өтетін: шейх пен оның шәкірттері бір-бірлеріне сұрақтар қойып, оларға жауап беретін. Ислам тарихының бірінші ғасырында білім осылайша берілген.
 
Имам аз-Зарнуджи «Та'лим әл-мута'аллимде» [6]сәләфтар Шариғатты үйренуші студенттерді жиі «Сен-не-айтасың?», - деп атайтын, өйткені олардың жиі қойатын сұрақтары: «Мына мәселе жайында сен не айтасың?» - болатын.
 
Оқу барысы кезінде пайда болатын сұрақтар әртүрлі болады, солардың ең кең тарағандары екеу:
 
- Толибтің білмейтіні, түсінбейтіні немесе ұмытқаны туралы сұрақтары.

- Сұраушының жүрегіне адасқандардың тудырған күмәніне қатысты сенімді ұстазға қойылған сұрақ. Бұл жағдайда — әсіресе бұл сұрақ ислам ақидасына қатысты болса — бұл күмәнді сейілту үшін, сұрақ қою міндетті болып табылады, әйтпесе ол адамның санасында орнығып, оны ақиқат жолдан тайдыруы мүмкін.  Ал шәкіртінің жалтақтауын танып біліп, оны ашық әңгімеге шақыру арқылы оның санасын ненің ұялтатынын білу және дұрыс сұраққа салу – ұстаздың міндеті болып табылады.
 
Алайда, сонымен қатар сәләфтар қисынсыз сұрақтар қойғандарды жақтырмайтын, мысалы, біреу табиғатта жоқты немесе пайдалы білімге қатысы жоқ нәрсені сұраса. Мәселен, имам Бухари кәпірлердің Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің әкем кім?» немесе «Менің іңгенім қайда жоғалып кетті?»[7]  деген сияқты сұрақтарды қоя отырып, күлгендері туралы хадисті жеткізген.
 
Білетін адамдарды дауға шақыру ниетімен сұрау, қорлау, оның білмейтін нәрсесін көрсету де әдепсіз қылық болып табылады. Сұрақ адал ниетпен пайдалы бір нәрсені білуге, дүниелік немесе діни істерде қалай әрекет етуге нұсқау алуға қойылуы тиіс.   
 
Сондай-ақ, қолайсыз уақытта, мысалы, түнде немесе ұстаз шаршағанда әлде ол бос болмағанда сұрақтар қою келеңсіз болады. Асығыс емес сұрақты қолайлырақ уақытқа ауыстырған жөн болады. Сонымен қатар: сәлемнен бастау, сыпайы болу, әңгімелесушіге құрмет көрсету, дөрекілік пен әдеби емес сөздерден аулақ болу сияқты жүгіну әдебін де естен шығармау керек.  
 

Ақыр аяғында,  біздің сұрақ қоюымыздан, бізге жауап берілетіндігі не берілмейтіндігі, ал егер жауап берілсе, онда қалай жауап берілетіндігі байланысты болады. Сұрақтарды қою әдебін бұзып, білетін адамнан алатын пайдамыздан айырылудың қажеті жоқ.

 

[1] «Әл-Мадхалда» әл-Байхак жеткізген   (427) және басқа.
[2] «Әл-Джами'де» (531) Ибн Абул-Барр және «Әл-Мадхалда» әл-Байхак жеткізген (428).
 
[3] «Әл-Хильяда» Әбу де Ну'айм жеткізген (3 т., 192 б., Дар әл-китаб аль-'араби).
 
[4]  Әбу Дауд (337), Ибн Мадж жеткізген (572) және басқа.
 
[5] «Әл-Джами'де» Ибн Абдул-Барр (544).
 
[6] 44 — 45 б.
 
[7] Бухари (4622).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков