Циклы Авторы Сортировка

37 дәріс. Жиырма сегізінші кіші белгі. Сауданың таралуы

3 226
12 октября, 15
Сондай-ақ, сауданың таралуы да кіші белгілерге жатады. Бұл біз талқылап өткен басқа белгі -базардың жақындауынан өзгеше.
 
 
 
Сауданың таралуы туралы айтар болсақ, ер адамдармен иық тірестіре, кейде оларды басып оза саудаға әйелдердің де қосылғандарын көреміз.
 
Абдулла ибн Масуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күнінің белгілерін түгендей отыра былай дегенін жеткізеді: «Сауданың таралатыны соншалық, тіпті әйелі күйеуімен бірге сауда жасайтын болады» (Ахмад).
 
Сондай-ақ, Амр ибн Тағляб (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қиямет күнінің белгілеріне байлықтың өсіп әрі сауданың таралуы жатады» (Насаи).
 
Біз айтып өткендей, Қиямет күнінің белгілерінің ішіндегі құбылыстар әрқашан жазғыру мен жамандық болып саналмайды, бірақ шектен шығушылық, сараңдық және қанағатсыздық адамдарды Шариғат шегінен тысқары шығарады.
 
Сауданың өз басы Шариғатта рұқсат етілген, оның үстіне, бұл мақтарлық іс. Байлық та өздігінен кемістік емес, ол жазғырылмайды да. Бірақ адамдардың молшылыққа және байлыққа талпынысы оларды Шариғатты бұзуға итермелейді де, олар күнәларын өскен табыстарымен ақтайды.
 
Біз байқағанымыздай,  қазіргі уақытта көптеген әйелдер күйеулеріне  әзірленген несібелеріне разы болмайды да өздігінен саудамен айналыса бастайды, сол үшін  махрамсыз ел аралайды, сонысымен Шариғатың талаптарын бұзады.
 
Иә, көбінесе ер адам өз отбасын асырай алмайтын жағдайда болуы мүмкін, сонда балаларына көмектесіп, отбасын жоқшылықтан шығару үшін әйелі мәжбүрлі түрде өз ісін бастайды. Алайда Шариғат бәріне ортақ және ешкімге оны бұзуға рұқсат етілмеген.
 
Бұл жағдайдағы басқа бір маңызды аспект - өздігінен ақша тауып, отбасын асырап жүрген әйел өзін мүлде тәуелсіз сезінетін болады және осындай кездерде күйеуіне отбасының басшысы болып қалу өте қиын болады.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков