Циклы Авторы Сортировка

37 насихат: Соңы

2 263
2 декабря, 15
Алла Тағаланың қалауы бойынша, біз  ислам ілімінің құндылығы мен оны алудың әдістеріне арналған мақалалар топтамасын аяқтаймыз. Әрине, біз тақырыпты толық қамти алмадық, тек кеңес өкіметінен кейінгі жағдайды негізге ала отырып, біздіңше осы кезде маңыздырақ деген жайттарды қысқаша айтып беруге тырыстық. Біз бұл топтаманы көп оқырмандар тобына, сондай-ақ, шариғат білімін алушы студенттерге де қызықты етуге тырысып бақтық. 
 
Топтаманың негізі ретінде, естеріңізге сала кетейік, біз қадірлі  шейх, мұхаддис Мұхаммед Аууамның (Алла оған жар болсын)  «Маʼалим әл-иршадия лисынаʼа толяб әл-ʼильм» («Ілім іздену жұмысындағы жөн сілтегіш өсиеттер »)[1] кітабын алғанбыз.
 
Біз ілімнің өз құндылығы туралы айттық, білім алудың – бұл баянсыз дүниедегі ең құнды іс екенін көрсетіп, ғалымдардың құндылықтары туралы, әрбір мұсылманда болуы қажет міндетті білім минимумы туралы, осы және басқа да ізгі істердегі дұрыс ниет пен адалдықтың маңыздылығы туралы, білім алудың дұрыс әдісі - «манхадж» туралы айттық. Содан соң біз уақыт құндылығы туралы айттық, уақыт – біздің ең бағалы орны толмас қорымыз. Біз қағидаларды тұжырымдауға тырыстық, шартты түрде айтқанда, ислам тайм-менеджментін, ондағы дұрыс ниет, ілім мен уақыт құндылығын түсіну адамды үнемі білім алуға алып келеді. Сосын уәждеме және оған мағынасы жағынан жақын араб ұғымы «химмат» туралы сөз қозғалды.  
 
Топтаманың келесі бөлімі ислам ілімі аясына кіретіндерге арналған болатын, шариғат ғылымдарының өзінше қысқа-энциклопедиясын құрастырып, оларды топтастырып және әрбір ғылымды қысқаша жеке қарастырдық. Бұл бөлімде біз шейх Аууамның (оған Алла жар болсын) кітабының мазмұны реттілігінен аулақ кеттік.
 
Кейін біз қайтадан «Маʼалим иршадийяға» қайтып оралдық және білім алуды өзінің басты міндеті етіп алу қажеттілігі туралы, оны тек қана кітаптар мен ғаламтордан ғана емес, тірі білікті ұстаздардан алу маңыздылығы  жөнінде және де өзіне қалай ұстаз таңдау керектігі туралы айттық.
 
Келесі бөлімдерде біз әдептік нормалар немесе әдеп туралы сөз өрбіттік:  ұстазбен қарым-қатынастағы әдеп, білімге және Шариғат кітаптарына қатысты әдеп. Сосын сабырдың маңыздылығы туралы және егер оқуға деген уәждеме әлсірегенде не істеуге болатындығы туралы айтқанбыз. 
 
Қорытынды бөлімін біз білім алудың кейбір үдеріс аспектілеріне арнадық: қайталау мен  өздігінше оқудың маңыздылығы, —  сондай-ақ, оқуда табысқа жетуде білетін адамдарға сұрақтар қоюдың соншалықты маңызды екендігін әңгімелегенбіз.
 
Осылайша, біз шейх Аууамның (оған Алла жар болсын және оның білімін бізге пайдалы етсін) кітабының бастапқы екі тарауының мазмұнын  қысқаша қамтып өттік.  Үшінші және көлемі бойынша ең үлкен тарауда ұстаздың рөлі мен міндеті туралы, оның қасиеттері және шәкірттерімен қарым-қатынастағы әдебі туралы айтылады. Біз оны ұстаздарға және кім ұстаз болуға дайындалып жүргендерге ұсынамыз, алайда ислам ғылымдарын оқытып жүргендер арабша оқи алатын болғандықтан, бұл тарауды  аудару немесе қайтадан айтып берудің мәні жоқ деп шештік.
 
Мұсылмандардың бірлігі әлдеқашан жоқ болған біздің кезімізде, біз ұлттарға, топтарға және жамағаттарға бөлінген шағымызда, бір-бірімізді естіп, түсінуден, бір-бірімізбен және сыртқы күштермен байланыс жасаудан қалған кезімізде, дәл қазір әлдебір константтарды, осы жаппай тоқыраудан шығу негіздерін табу аса маңызды. Оны еңсеру – бір жылдың немесе он жылдың ісі емес, оған жеке адамдардың, топтардың және жамағаттардың шамасы келмейді.  
 
Диагноздың дұрыс қойылуы  — жазылуға деген маңызды қадам. Бізге былай болып көрінеді, біздің қоғамымыз науқас және жағдайды түзетуге тырысуымыз үшін серпілетін негіздердің қажет екенін терең түсінуіміз, - бұл дұрыс жаққа деген бірден-бір қозғалыс. Бұл барлық мұсылмандар бірыңғай деген негіздер. Осындай негіздердің бірі — білім құндылығын түсіну, оны ізгілердің, имамдардың және Әһлі Сүннет уәл-Жамағат ғалымдарының әдістеріне сәйкес алуға даярлығы.   
 
Тіпті Қасиетті Құран аяттарына, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне қатысты және әртүрлі топтардағы мұсылман ғалымдарының бірауыздан пікір (иджма) болатындай бір ұстанымдары жоқ.  Аяттар түрліше түсіндіріледі, осы немесе басқа хадистер мен иджма жоққа шығарылады.
Тек қана  Құран мен Сүннетті ұстану ұрандары ғана ортақ болып қала береді, топтардың әрқайсысы  өздерін Әһлү Сүннетпіз деп үміттенеді.  Тек қана адал ниетпен Алла ризашылығы үшін білім алу жолында ғана мұсылман Әһлү Сүннет жолының шын мәнінде қандай екенін және өзі  әрі өзінің ағымының құтылушы қауымға жататынын не жатпайтынын түсінеді.  
 
Алладан осы жұмысқа қатысы бар болғандарға сый беруін, оны біздің амалдарымыздың таразысында ізгі іс етуін, бізге және оқырмандарға пайдалы етуін сұраймыз.  Өле-өлгенше Алла бізге адал түрде тек Оның ризашылығы үшін білім алуға көмектесіп және Қиямет күні оны пайдалы етуге нәсіп етсін! Әмин!
 
[1] Бірінші басылым. Дар әл-юср/Дар әл-минхадж, 2013/1434.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков