Циклы Авторы Сортировка

38 дәріс. Жиырма тоғызыншы кіші белгі. Көптеген жер сілкіністер

3 282
19 октября, 15
Әбу Хурейра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерін жеткізеді: «Жер сілкіністер көбеймейінше Қиямет қайым басталмайды» (Бухари).
 
 
Сондай ақ, Сәләма ибн Нуфейл әс-Сакуни былай жеткізеді: «Біз Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қасында отырған едік, ол былай айтты: «Қияметтің алдында өлім көбейіп, жылдап жер сілкіністер болады»» (Ахмад).
 
Ибн Хаджар «Әл-Фатх» кітабында [13/87] былай жазады:
 
«Шығыста да, батыста да көптеген жер сілкіністері болды, алайда, «көптеген жер сілкіністері» деген олардың жиі және үздіксіз болатындарын білдіруі мүмкін»
 
Бұны Абдуллах ибн Хауаләнің, оған Алла разы болсын, жеткізген сөздері растай түседі: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қолын менің тастөбеме қойып тұрып былай айтты:

«Иә, Ибн Хауалә, Иерусалимдегі біздің билігімізді (хиляфа) көргеніңде және жер сілкіністер мен қайғы-қасіреттер пайда болған кезде біліп қой – ол менің қолым сенің басыңа қалай жақындаса, Қияметтің адамдарға солай жақындағанының белгісі» (Ахмад).
 
Казіргі күннің өзінде біз көптеген табиғи апаттардың куәсі болып отырмыз: апатқа ұшыраған мемлекеттерге миллиардтаған шығындар келтіріп жатқан жер сілкіністер, су тасқындар, цунами, дауылдар, құйындар, қарлы борандар және тағы басқалары.
 
Адам баласы Жерді игерген сайын өзін-өзі табиғаттың қожайыны санап, табиғи құбылыстардың барлығын басқарып, алдын-ала болжай аламын деп ойлайды, алайда табиғи апаттарды айтпағанда оның әншейін ауа райы болжамының өзі нақты емес және бұл жағдай осы заман адамдарының батып кеткен басқару иллюзиясын жоққа шығарады.
 
Ал соңғы уақыттарда адамдар байлыққа батып, қаперсіз өмір сүретін болады, сондықтан осындай апаттар Күллі Жаратылыстың Жалғыз Билеушісі – Құдіретті Алла Тағала екенін естеріне салып тұратын болады.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков