ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
39 дәріс. Отызыншы кіші белгі. Көргенсіздік, азғындық және зинақорлықта айыптау (казф)
Айша анамыздан, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын мына сөздері жеткен: «Бұл үмметің ақырғы күндерінде қорлық көрсету, азғындық жасау мен зинақорлықта айыптау көбейеді». Мен сонда: «Иә Алланың Елшісі, арамызда ізгі адамдардың болғанына қарамастан біз де қазаға ұшыраймыз ба?» - деп сұрағанымда, ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, ол - жексұрындық (хабас) байқалған кезде орын алады», деп жауап берді». (Тирмизи)
Бұл хадис – оқыған сайын тұла бойыңды тітіркендіретін хадистердің бірі! Күнә мен жексұрындық қоғамды билеп алса, Алланың жазасынан арамыздағы ғалымдар мен тақуалар да құтқара алмайды.
Сондай ақ, Ибн Масғудтан, оған Алла разы болсын, Пайғамбарымыздың оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткен: «Уақыт (Қиямет) таяған кезде қорлық көрсету, азғындық жасау мен зинақорлықта айыптау көбейеді» (Ибн Маджә).
Имран ибн Хусейн, оған Алла разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл үмметте қорлық көрсету, азғындық жасау мен зинақорлықта айыптау көбейеді» деген сөздерін келтіреді. Бір адам одан: «Бұл қашан болады?» деп сұраған кезде ол: «Әнші әйелдер пайда болып, музыка тарап, адамдар жаппай ішімдік іше бастағанда» деп жауап берді. (Тирмизи).
Біз азғындық пен ұятсыздық мұсылман қаумын баурап алғанының куәлері болып отырмыз, әнші ерлер мен әйелдер күні бойы теледидардағы ұлттық эстрада туралы бағдарламаларында ән салуда, сол әндерді біз көптеген этникалық мұсылман отбасыларының үйлерінен де естіп жатамыз.
Бұндай мұраттарының пайда болуы халықтың этнос ретінде одан бетер құлдырауына себепкер болады. Халықтың қалыпты жағдайы актерлері мен әншілерін емес – ғалымдарын, тақуалары мен батырларын үлгі тұтқандығында.
Предыдущий урок
38 дәріс. Жиырма тоғызыншы кіші белгі. Көптеген жер сілкіністер
Следующий урок
40 дәріс. Отыз бірінші кіші белгі. Шыншылдардың жоқ болуы
Комментарии: 0
Правила форума