Циклы Авторы Сортировка

4 бөлім. Мәуләнә Касим Нантовидің, Саваних Касимидің, Хадж Имадулла және Абуррахим Райпуридің Рамазаны

3 678
10 июля, 15
Мәуләнә Қасим Нанотуидің Рамазаны
 
Өкінішке орай, мәуләнәнің Рамазанды қалай өткізгені жайлы егжей-тегжейлі ақпаратым жоқ. Хижра бойынша 1277 жылы онымен бірге қажылыққа еріп барғандар енді арамызда емес. Мәуләнә сол жылы Құранды түгелдей жаттап алған-тын. Ол бір күнде Құранның бір парасын жаттап, сол жаттаған парасын тарауықта оқып отырған.
 
Мәуләнә қажылыққа барарда Меккеге бағыт алған кемеге отырып, дереу Құранды жаттауға кіріскен. Сонан соң жаттағандарын тарауықта оқып отырған. Олар (Ид әл-фитр) мейрамынан кейін Йеменге жеткенде мәуләнә Құранды жаттап аяқтауына байланысты біраз тәттілер сатып алып, достарына таратып берген. Оның сондай қысқа мерзім ішінде Құранды жаттап алғанынан жолдастары сол сәтке дейін бейхабар болған.
 
Ол бір күнде бір параның төрттен бір бөлігінен бастап, түгелдей бір параға дейін жаттап, жаттағандарын бірнеше мәрте қайталаумен болған. Бірде Құранды жаттап алғаннан кейін бір рәкағатта жиырма жеті параны оқып шыққан.
 
Сауаних Қасими
 
Ол туралы да бір Рамазанда Құранды түгелдей жаттап алған деседі. Тағы біреулердің айтуынша, ол Құранды екі Рамазанда жаттап алған. Бір күнде бір параның төрттен бір бөлігінен бастап, бүтіндей бір параға дейін жаттап отырғанын ескерер болсақ, оның Құранның басым бөлігін бір Рамазанда, ал, қалғанын содан кейінгі Рамазанда жаттағаны түсінікті болады.
 
Әзірет Қажы Имдадуллах Маккидің Рамазаны
 
Әзірет Қажы Имдадуллах Маккидің әдетте қалай ораза ұстағаны мәуләнә Әшраф Сәнуидің «Имдадуль Муштак» кітабында сипатталған. Мәуләнә Сәнуи Имдадуллах Маккидің төмендегі сөздерін келтірген:
 
«Мен мұны жастардың құлшылыққа деген ынтасын арттыру үшін айтып отырмын. Мен жастайымнан түн баласы көз ілмейтінмін. Әсіресе, Рамазанда. Ақшамнан кейін нәпіл намазда екі жас хафиз маған Құранның бір парасына жуығын оқып беретін (Әзірет Имдадуллах Макки нәпіл намазды жамағатпен оқуға болады деп санаған. Ханафи мәзһабында бұл мәкрүх болып табылады). Содан соң құптан намазынан кейін тағы басқа екі хафиз келетін. Тарауықтан кейін тағы бір хафиз тәхәджудта түннің екінші жартысына дейін Құран оқитын».
 
Әзірет Әбдуррахим Райпуридің Рамазаны
 
Әзіреттің Құранды үйретуге деген ерекше ықыласы бар-тын. Ол Қасиетті кітапты үйрететін және жаттатын көптеген мектептер ашты.
 
Оған қоса, ол Құран оқуды өте жақсы көретін. Өзі хафиз бола тұра, түннің басым бөлігін Құран оқумен өткізетін. Түнде бір-екі сағаттан артық ұйықтамайтын. Жалғыздықты ұнататын, адамдардың арасында өзін ыңғайсыз сезінетін, себебі, бұл оны Құран оқудан алаңдататын. Сол себепті, әзірет адамдармен кездесуге екінті мен ақшам намазының арасында арнайы уақыт бөлетін.
 
Аса маңызды жағдай орын алмаса, сол уақыттан тысқары кезде ешкіммен отырған емес. Ол үйдің есігі жабық тұратын. Сөйтіп, ол Құран оқу мен Раббысын зікір етуден ләззат алып отыратын.
 
Әзірет тамаққа өте тақуалықпен қарайтын. Сәресі мен ауызашарға бір шыны шай мен бір тілім нанды қанағат етіп жүре беретін.
 
Әзірет тарауыққа өзі имамдық ететін. Әдетте намазды түнгі 2-3-те аяқтайтын. Бірақ, жасы ұлғайған сайын, денсаулығы сыр беріп, тарауықты жүргізуге жарамай қалды. Сондықтан, намазға имамдық етуді тоқтатуға мәжбүр болды.
 
Әзірет зікірдің адамы болатын. Ол зікірден күш алатын және оны өзіне рухани азық деп білетін.
 
Бірде Рамазан кезінде әзіретке барғым келіп, оған хат жаздым. Сонда ол маған былай деп жауап берді: «Мен Рамазанда ешкіммен кездеспеймін. Қай жерде болсаң, сол жерден қозғалма».
 
Рамазан кезінде оны қаншама адам көргісі келсе де, онымен мешіттегі намазда ғана жолыға алатын.
АВТОР ЦИКЛА
Ғалымдар Рамазан айын қалай өткізген
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков