Циклы Авторы Сортировка

4 бөлім. Пайғамбарларға иман

3 154
11 марта, 16
1. Алла Тағала адамзатты тура жолға бастау үшін көптеген пайғамбарларды жіберді. Олар барлық күнәлардан пәк. Олардың нақты саны Аллаға ғана мәлім. Олардың шындықты айтқандарын растау үшін Алла солар арқылы өзгелердің қолынан келмейтін күрделі әрі жаңа оқиғаларды жаратты. Ондай оқиғалар мұғжиза (му’джизат) деп аталады.
 
Бірінші пайғамбар – Адам (оған Алланың сәлемі болсын), соңғы пайғамбар –Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Қалған пайғамбарлардың барлығы сол екеуінің арасында жіберілді. Олардың кейбіреулері белгілі: Нух (оған Алланың сәлемі болсын), Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын), Исхақ (оған Алланың сәлемі болсын), Исмаил(оған Алланың сәлемі болсын), Жақып (оған Алланың сәлемі болсын), Жүсіп (оған Алланың сәлемі болсын), Дәуіт (оған Алланың сәлемі болсын), Сулейман (оған Алланың сәлемі болсын), Айюб (оған Алланың сәлемі болсын), Мұса (оған Алланың сәлемі болсын), Харун (оған Алланың сәлемі болсын), Зәкәрия (оған Алланың сәлемі болсын), Яхья (оған Алланың сәлемі болсын), Иса (оған Алланың сәлемі болсын), Ильяс (оған Алланың сәлемі болсын), әл-Ясағ (оған Алланың сәлемі болсын), Жүніс (оған Алланың сәлемі болсын), Лут (оған Алланың сәлемі болсын), Идрис (оған Алланың сәлемі болсын), Зүл-Кифл (оған Алланың сәлемі болсын), Салих (оған Алланың сәлемі болсын), Худ (оған Алланың сәлемі болсын) және Шуайб (оған Алланың сәлемі болсын).

2. Алла Тағала пайғамбарлардың нақты санын ешкімге ашқан жоқ. Сол себепті, біз Алла жіберген пайғамбарлардың бәріне, яғни, біз білетін пайғамбарларға да, білмейтін пайғамбарларға да иман келтіреміз деген сенімде болуымыз тиіс.

3. Кей пайғамбарлардың дәрежесі басқаларынан жоғары тұрады. Ең жоғарғы дәрежеге біздің Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ие. Одан кейін ешқандай пайғамбар болмайды. Ол – Қиямет күніне дейін бүкіл адамзаттың және жындардың пайғамбары.

4. Жаратушы Иеміз біздің Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ояу кезінде Меккеден Бәйт әл-Мақдиске, ол жерден – жеті қат көкке, ол жерден – Өзі қалаған жерге көтерді. Содан соң Ол Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеге кері қайтарды. Бұл сапар Миғрадж деген атпен белгілі.
АВТОР ЦИКЛА
Бешти зевар (Жәннат өрнектері)
Ашраф Әли Сануи
Автор:
АШРАФ ӘЛИ САНУИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков