Циклы Авторы Сортировка

4 бөлім (соңы)

3 654
15 февраля, 16
Намаз оқу міндетті ме?
 
Кейбір хадистерде екі рәкәт намаз оқу туралы айтылады, ал басқаларында истихараның алдындағы намаз туралы ештеме де айтылмайды. Джабирден (оған Алла разы болсын) жеткен хадис негізінде, истихара алдындағы екі рәкәт намаз туралы айтылады, алляма ʼАйни истихара алдындағы екі рәкәт – бұл Сүннет деп тұжырымдайды.
 
Ескерту: Истихара – мустахабб, ал екі рәкәтті оқу – бұл истихараның Сүннеті.
 
Негізінде,  Әбу Айюб әл-Ансариден (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте  былай айтылды: 
 
ثم صل ما كتب الله لك

«Сосын Алла қанша рәкәт бұйырса, сонша орында», – бұл екі рәкәт емес, төрт, алты және одан да көп орындалса одан да жақсы болатындығын көрсетеді.
 
Әбу Айюб әл-Ансаридің (оған Алла разы болсын) хадисінде тиянақты түрде дәрет алып, дұға алдында Алла Тағаланы мадақтау туралы да айтылған.

Алайда көптеген хадистерде намаз туралы айтылмағандықтан, егер адам тек дұғаны ғана оқыса, истихара жасалды деп есептелінеді, әсіресе намаз оқуға жағдай болмаған кездерде.

Сондай-ақ, истихара дұғасын кез-келген парыз намаздарынан соң оқуға рұқсат етілген.
 
Неше рет?
 
Истихараны бір ретен көп орындау жөнінде, ғалымдар оны үш рет орындауды мустахаб (дұрысырақ) деп тапқан. Бұл Абдулла ибн Масғудтан (оған Алла разы болсын) келген хадиске негізделген, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дұға айтқанда оны үш рет қайталаған деп айтылған. Алайда бұны истихараның сүннеті деп санауға болмайды, өйткені истихара туралы хадистерде бұл туралы айтылмайды. Истихараны жеті рет орындау керек деген хадисте, растығы жағынан «шынайы әлсіздік» бар, оны діннің әлдебір ісінде негіз ретінде қолдануға болмайды. Дегенмен, истихараны қалауынша қанша рет орындағанның еш қиындығы жоқ, өйткені бір дұғаны бір неше рет айтса да болады ғой.
 
Истихараның ең қысқа түрі
 
Әлсіз бір хадисте былай жеткен, Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) айтқан, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бір нәрсені істеуге ниеттенгенде былай айтқан екен:
 
اللهم خر لي واختر لي

«Иә, Алла, маған игілік бұйыр және мен үшін таңдау жаса»

Бұл хадис әлсіз деп саналғанымен, сахабалардың (олардың бәріне Алла разы болсын) бұл хадиске амал еткендері жайлы олардың өмірлерінен дәлел бар. Сондықтан да тәжірибенің өзі рас болып табылады. 
 
Қорытынды
 
Сонымен, истихараның ең көп пайдаларының бірі адам мен Алланың байланысын нығайтуда болып табылады. Үнемі истихараны орындай отырып, адам Құзырында жақсы мен жаман, пайда мен зиян болған Жаратушысынан игілік күтуді үйренеді. Алла авторға, оқырмандарға және барлық біздің үмбетімізге бұл ұлы да игілікті Сүннетті түсінуге жазсын.
 
Жоғарыда сипатталып өткендерден түсінгеніміздей, дінді Алла бізге жеңілдетіп берген, ал біз өзіміз оны қиындатамыз. Біз ұстанып отырған өмір салты бізді (және айналамыздағыларды) Ислам - қиын дін деп ойлауға мәжбүрлейді. Бірақ іс жүзінде Алла Өзінің әмірлерін орындату және Сүннетті ұстану арқылы ғана амандық, қанағаттанушылық, тыныштық әрі жеңілдік сыйлайды.
 
Бұл ұлы Сүннетті білген соң, енді біз басқа да Сүннеттерді білуіміз қажет және оларды орындап, басқа адамдарды үйретуіміз тиіс. Біздің Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сахабалары мен тақуа ізбасарлар дәл осылай жасаған болатын. Алла солардай жасауға бізге тауфиқ берсін. Әмин.
 
Қысқаша мазмұны
 
1. Истихара – бұл біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ұлы сүннеттерінің бірі. Ол өзінің сахабаларын Құранның сүрелеріне үйреткендей, оған да үйретті.

2. Истихараны ұйықтар алдында орындау міндетті емес, дегенмен кейбір тақуалар әдетте  солай жасаған.

3. Истихарадан соң сіз міндетті түрде түс көрмейсіз. Егер сізге аян беретін түстер әрдайым кіретін болса, бұл жолы да кіруі мүмкін. Қарапайым адамдардың истихарадан кейін көрген түстері, басқа кез-келген түстер сияқты белгілі үш санаттың біреуіне жатады.

4. Истихарадан соң адамда болатын жанның бейімділігі немесе әлдебір сезім, міндетті түрде оның жасаушысы болмайды. Кімдерде бұндай иландырулар (ильхам) жиі болып тұрса, истихарадан соң да бұндай ильхамдар болуы мүмкін.  Қарапайым адамдар истихарадан соң болатын сезімдерге көп мән бермеулері керек. 

5. Ең жақсысы - дұға айтардың алдында мүмкіндігінше көбірек рәкәғат орындау. Ең аз дегенде екі рәкәт — бұл истихараның сүннеті. 

6. Мүлде намаз оқымай-ақ та истихараны орындай беруге болады. Сондай-ақ, бұл дұғаны кез-келген парыз намаздардан соң айта беруге болады.

7. Истихара – бұл дұға түрі, сондықтан да оны іс бітпей тұрып айтуға болады. Ең жақсысы оны үш рет орындау. Бірақ түптеп келгенде бір рет те жеткілікті.

8. Истихараны тіпті нұсқалардың біріне анық және қатты беріліп тұрғандар да жасай алады. Егер оның таңдағаны, ол үшін қайырымен болмаса, ол одан құтқарылып, қайырымдысына бағытталатын болады.

9. Истихараның мәні, ол арқылы істі Аллаға тапсырып, Оған сенуде.

10. Истихара – тәуекелге жетудің көркем амалы.

11. Адам истихара жасағанда, осы іс жөніндегі Алланың кез-келген шешіміне разы болады. Осылайша, ол Алланың шешімдеріне үздіксіз разы болуға жетеді. 

12. Истихараның алдында және одан кейін өзіңнің таңдауың туралы басқа кісімен ақылдасуға болады.  Бұл машура деп аталады, бұл да сүннет.

13. Истихараның шынайы нәтижесі – осыдан кейін орын алатын жағдай.

14. Истихараның ең қысқа түрі:
 
اللهم خر لي واختر لي
 
Құрастырған  Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед.
 
Аудармашыдан:
 

Истихараның толық түрі:

 
اللهم إني أستخيرك بعلمك وأستقدرك بقدرتك وأسألك من فضلك العظيم فإنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
اللهم إن كنت تعلم أن هذا الأمر خير لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
فاقدره لي ويسره لي ثم بارك لي فيه(أو عاجل أمري و اجله) 14
وإن كنت تعلم أن هذا الأمر شر لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
(أو في عاجل أمري و اجله)
15 فاصرفه عني واصرفني عنه واقدر لي الخير حيث كان ثم ارضني به
 

Мүмкін болған неке алдындағы истихарасының түрі:

 
اللهم إنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
فإن رأيت أن في (فلانة) خير لي في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي. و إن كان غيرها خيرا لي منها في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي
АВТОР ЦИКЛА
Сүннет аясындағы Истихара
Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед
Автор:
ӘБУ УСАМА АЙЮБ ИБН МАУЛӘНА МҰХАММЕД
Мауләна
Список уроков