Циклы Авторы Сортировка

4 дәріс. 12-13 нақыл сөздер

2 735
3 октября, 15
12. Өлім жайында ойлануды (муракабат әл-мәут) өзіңе міндет етіп ал.
 
Өлім – бұл тек салиқта болар ең басты әрі сенімді тәлімгер, одан қашып құтылу мүмкін еместігімен әрі  бұлтартпастығымен,ол тіпті сорақы деген күнәһардың өзін сауықтырады, егер оның жүрегінің топырағы өлім тағлымдарын қабылдай алар болса.  

Өкінішке орай, көбінің бұл топырағы кеуіп қалғаны соншалық, тіпті өлімге күлетін әрі ол туралы қалжындасатын жағдайлар да орын алуда.

Тазиаятқа (марқұмға көңіл айтуға) барғандар біледі, көңіл айтып келгендерді қарсы алып, аулада отыратын марқұмның туыстары мен жақындары уақыттың көбін бос әңгімелермен өткізеді: олар саясатты талқылайды, күлкілі әңгімелер, өсектер айтады, тек басқа кісі келіп «Фатиха» сүресі оқылғанда ғана әңгімелері үзіледі. 
 
Адамдар тіпті өлімнен де қорқудан қалды.

Біз бәріміз, сөзсіз, көп оқығанбыз, ұлы тақуалардың өлім немесе Қиямет қайым жайында айтқанда қалай естерінен танғандарын, бұл жолдардың авторына осындай жағдайды көру жазылған екен. Таңғы намаздардың бірінде имам «Қиямет» сүресінің келесі жолдарына жеткенде:

وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ بَاسِرَةٌ ﴿٢٤﴾ تَظُنُّ أَن يُفْعَلَ بِهَا فَاقِرَةٌ ﴿٢٥﴾ كَلَّا إِذَا بَلَغَتِ التَّرَاقِيَ ﴿٢٦﴾ وَقِيلَ مَنْ ۜ رَاقٍ ﴿٢٧﴾ وَظَنَّ أَنَّهُ الْفِرَاقُ ﴿٢٨﴾ وَالْتَفَّتِ السَّاقُ بِالسَّاقِ ﴿٢٩﴾ إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمَسَاقُ ﴿٣٠﴾ فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ
 
Мағыналы аудармасы: «Һәм сол (Қиямет күні), кейбір жүздер түнеріп тұрады. (24) Өзіне бір жамандық, қинау жасалады деп ойлайды. (25) Жоқ, олай емес! Қашан жан алқымға келген кезде; (26) «Кім оған (айығу үшін) дем салады?»,- делінгенде. (27) Әрі ол (өлім алдындағы жан) бұл дүниеден ажырау екен деп ойлағанда. (28) Балтыр балтырына оралғанда. (29) Сол күні айдалу Раббыңа қарай. (30) Өйткені ол  (Құранды, Елшіні) растамады да, намаз оқымады. (31)» (Қасиетті Құран, 75:24-31).
 
Сонда, бірінші қатарда тұрған бір қарт адам жылай бастады да, біраз  уақыттан соң ес-түссіз құлап түсті.
 
Осындай мысалдар біздер үшін ішкі рухани камертоны болуы қажет, сол арқылы біз өз жағдайымызды және бұл өмірге қаншалықты берілгенімізді анықтаймыз.
 
Аса қадірлі шейх Саид Афанди, куддиса сирруху, «Қасиетті ілімдер қазынасы» атты еңбегінде салиқ пен өлімнің рухани байланысы бар екенін толығымен айтып берген, кім қызығушылық танытса, осы кітапқа сүйенсін.
 
13. Сулюк жолындағы бірінші қадам – өзін ештеңе деп санау.
 
Сулюктың басты міндеттерінің бірі -  бұл адамдағы жабайылықты сабырландыру және нәпсініШариғат талаптарына бағындыру.

Бірақ бұл жерде түсінетін өте маңызды жағдай – бұл адам даралығын, оның сана-сезімін жоюды және бәрін сүлдерге ауыстыруды, бір-біріне ұқсас адамдарды жасауды білдірмейді.

Ең жетілген мұсылман ұрпағында, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында, өз мінездерімен әрі тұлғалығымен бір-бірінен ерекшеленген адамдар болғанын көреміз: Абу Бәкір Омарға ұқсамаған, ал Омар - Усманға, ал Усман — Алиге, Алла Тағала бұлардың бәріне де разы болсын.

Бұл ереженің мағынасы, адамды күнәға итермелейтін әрі Жаратушыны тыңдатпайтын жабайы нәпсіні тізгіндеу қажет, бағыну мен құлшылық адам үшін табиғи нәрсе болуы керек.

Кейбіреулер бұл ереженің мағынасы – дінде адамның ұстазынан ерекшеленетін өз пікірі болмауы керек, егер солай болса, яғни ол өз нәпсісінің соңына түскенінің салдары деп қате санайды.

Муфти Мухаммад Шафии, рахимахуллах, жаңадан құрылған Пакистан мемлекетінің бірінші бас муфтиі, муфти Таки Усмани мен муфти Рафи Усманидің әкесі, өз рухани тәлімгері, мәуләна Ашрафу Сануиге, қуддиса сирруху, оның кеңесін, оның пікірін сұрай отыра көп сұрақтар жөнінде жазған, бірақ фикх сұрақтары төңірегінде жиі келіспей қалатын, тіпті олардың арасында жарыссөз бен талқылау да болатын.

Соның бәріне қарамастан, ол Үнді субконтинентінің ұлы шейхының мүриді болған.

Сулюктың негізі — тәлімгерге деген махаббат, академиялық бойсұну емес, сондықтан да мәуләна Ашраф Али Сануи, қуддиса сирруху, рухани тәлімгерді таңдау жөнінде ойланып жүрген адамдарға былай кеңес беретін: «Шейхтың соңынан оның білімі үшін емес, оған деген махаббат үшін ғана еріңдер, өйткені егер сіз ұстазды тек оның біліміне қарап таңдайтын болсаңыз, білімінен бір кемшілік тапқан жағдайда сіздің оған деген бар махаббатыңыз ғайып болады. Ал егер ұстазға оған деген шынай махаббаттан ерер болсаңыз, онда тіпті оның кейбір қателіктері де сізге оны жақсы көруге және одан рухани пайда алуға кедергі келтірмейді».
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков