Циклы Авторы Сортировка

4 дәріс. Санаулы сағаттар

5 214
26 января, 15
Өткен бөлімдерде айтып кеткендей қиямет күнінің қашан болатынын ешкім білмейді. Бірақ Құран аяттары мен сүннетте оның жақын қалғаны жайлы айтылады. Қиямет қайымның белгілерінің көрініс табуы- оның басталғанын көрсетеді.
 
Ұлы Алла Тағала былай дейді:
 
اقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ مُّعْرِضُونَ
 
Мағынасы: «Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар қаперсіз бет бұруда» (Әнбия сүресі, 1 аят).

Және де Алла Тағала:
 
يَسْأَلُكَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّـهِ ۚ وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّ السَّاعَةَ تَكُونُ قَرِيبًا

Мағынасы: «Адамдар сенен қиямет мерзімін Сұрайды. Оларға: "Оның білімі Алланың қасында: қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар" де» (Ахзап сүресі, 63 аят)

Тағы да былай деген:
 
إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُ بَعِيدًا ﴿٦﴾ وَنَرَاهُ قَرِيبًا

Мағынасы: «Олар қияметті ұзақ көреді. Біз жақын көреміз» (Миғраж сүресі, 6-7 аят)
 
Осы секілді, Алла Тағала есеп пен жазаның, уәде етілген күннің жақын қалғанын айтатын көптеген аяттар бар. Сондықтан да жалған өмір мәңгілік ғұмырдың қасында қас қағым сәт қана. 
 
Сондай- ақ, бірнеше хадистер де осыны меңзейді, мысалы:
 
«Менің пайғамбарлығым мен Қиямет күнінің арасы мына екі саусақтың арасындай» (Бұхари).
 
Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендердің ғұмырларың өткендердің ғұмырларымен салыстырғанда екінті мен ақшам намазының аралығындағы уақыттай ғана» (Бұхари).
 
Ибн Кәсир былай дейді: «Олармен салыстырған кезде қаншасы кетіп, қаншасы қалғанын Алладан өзге ешкім білмейді. Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді тізбекпен жеткен белгілі бір кезеңге сүйенетіндей нақты кезең айтылған бір де бір хадис жоқ. Бірақ біз Қиямет қайымға ол кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт қалғанын білеміз» (Нихаят, 1\195).
 
Және де Қиямет күні жақын қалды дегенде біз оның уәде етілген күн екендігін түсінуіміз керек. Кішкентай ғана санамызбен ойланып, ол күннен қаншалықты алыспыз десек те, ол күн туады. Ал міндетті түрде болатын жағдай, әрқашан да бізге жақын қалды деген сөз!
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков