Циклы Авторы Сортировка

4 дәріс: Жәурабтар. Жәурабқа мәсіх тарту жайындағы хадистер

2 549
17 декабря, 15
Жәурабтар
 
Жәураб жайында кем дегенде бес хадисте айтылған. Жәурабқа мәсіх тартқан он төрт сахаба туралы да хабарлар жеткен. Бүгінгі күніміздегі кейбір кісілер осы жағдаяттарға дұрыс түсіндірме жасамастан, қарапайым мақта-матадан жасалған шұлықтарға мәсіх тартуға болады деп есептейді. Алайда жәурабтың анықтамасын зерттей отырып, "жәураб" терминінің түсіндірмесі ауқымды екендігіне көз жеткізуге болады.
 
Зерттеу еңбегіміздің келесі кезеңінде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жәурабқа мәсіх тартқаны жайлы жеткен хадистерді келтіреміз. Сосын фақиһ ғалымдардың пікірі мен сөздің лингвистикалық мағынасына сүйене отырып, "жәураб" терминінің анықтамасына көшеміз.
 
Жәурабқа мәсіх тарту жайындағы хадистер
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жәурабқа мәсіх тартқандығы жайлы хадистерді бес сахаба жеткізген, олар:
 
- Біләл (Алла одан разы болсын),

- Әбу Мұса Әл Ашари (Алла одан разы болсын),

- Әнас (Алла одан разы болсын),

- Мұғаз бин Жәбал (Алла одан разы болсын),

- Әл Муъира бин Шуъба (Алла одан разы болсын).
 
1) Біләл (Алла одан разы болсын)  жеткізген хадис:
 

قال الطبراني حدثنا إبراهيم بن أحمد بن عمر الوكيعي حدثني أبي ثنا ابن فضيل عن يزيد بن أبي زياد عن ابن أبي ليلى عن كعب بن عجرة عن بلال رضي الله عنه قال : كان رسول الله صلى الله عليه و سلم يمسح على الخفين والجوربين f[1]

 

"Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мәсісі мен жәурабына мәсіх тартты". ("Әл Мужам әл-кабирде" Ат-Табрани жеткізген)

 
Хадиске түсіндірме:
 
Хадисті жеткізу тізбегі әлсіз, Язид ибн Әби Зияд пен Ибн Әби Ләйла жеткізген.[2]
 
ЕСКЕРТУ: Имам Ат-Табранидің "Мужам" кітабында хадис бір ғана тариқпен келтірілген, имам Аз-Зайляидің (Алла оны рахыметіне алсын) "Насб ар раях" еңбегінде жазылғандай екі тариқ емес.[3]
Ибн Хажар (Алла одан разы болсын) имам Ат-Табранидің "Мужам" еңбегінде шынымен де екі тариқ бар-жоғын қарастырмастан, имам Аз-Зайляидің (Алла оны рахыметіне алсын) ұйғарымына тоқталды. Ибн Хажар өзінің "Ад Дирая"[4] еңбегінде хадисті жеткізушілерді сенімді деп көрсеткені жайлы тариқ – бұл екінші тариқ. Сол үшін бұл хадис әлсіз болып қала береді. Екінші тариқ "Мужам әл кабирде" кездескен деп келіссек те, хадисті жеткізуші мудаллис Амаш хадисті муъаннан ретінде жеткізген болып тұр.
 
Бұдан бөлек, Ибн Хажар (Алла оны рахыметіне алсын) хадисті жеткізушілерге сенуге болады деп айтқанмен, хадистің өзі сенімді деп айтқан емес. Шейх Мубаракфури[5]  бұл жағдаят жайында былай деп көрсетеді:[6]
 
" ....Хадисті жеткізушілер (сенім артуға болатындай) мықты болғаны хадисті де сенімді деп айтуға келмейді деп бекітілген".[7]
 
2) Әбу Мұса әл Ашари(Алла одан разы болсын)  жеткізген хадис:
 

قال الطبراني حدثنا أحمد قال حدثنا أبو جعفر قال حدثنا عيسى بن يونس عن عيسى بن سنان عن الضحاك بن عبد الرحمن بن عرزب الأشعري عن أبي موسى الأشعري قال : أتيت رسول الله بوضوء فمسح على الجوربين والنعلين [g8]

 
"Мен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алу үшін су әкеп бердім. Ол өзінің жәурабтарын, туфлиін (аяқ киімін) және сәлдесін сүртті (мәсіх тартты)".[9]
 
ЕСКЕРТУ:  Біз Ибн Маджаның қолжазбасындағы "Хикмат Ариф" баспаларын қарап шықтық.
 
Алайда онда аталмыш хадис жоқ екен.[10]  Бұл хадис сонымен қатар Ибн Маджаның атақты үнді баспаларында да жоқ. (жәурабтар жайындағы бөлімге қараңыз).[11]Имам Зайляи (Алла оны рахыметіне алсын) де бұл хадисті Ибн Маджаның қолжазбасының өзінде болған нұсқасында да таппағанын айтады,ал Ибн Асакир (Алла оны рахыметіне алсын) өзінің "Атраф" еңбегінде бұл хадис Ибн Маджаға қатысты деп жазбаған.[12]  Аллама Зайляи (Алла оны рахыметіне алсын)бұл аталмыш хадис Ибн Маджаның басқа да қолжазбаларында болуы мүмкін дейді. Ол сонымен қатар Ибн әл Жәузи бұл хадис Ибн Маджада бар деп айтқан деп жазады. Атақты хадис білімдары Ибн Хажар (Алла одан разы болсын) өзінің "Ад Дирая"[13]еңбегіндебұл хадисті Ибн Маджадан жеткен деп көрсеткен. Хадис сонымен қатар Ибн Маджаның "Дар әл-фикр" баспасында да келтірілген. Ал дұрысын Алла Тағала біледі.
 
Хадиске түсіндірме:
 
Имам Әбу Дәуід (Алла оны рахыметіне алсын) хадистің тізбегі не мықты да емес, не үзілмеген де емес деп жазған. Имам Байхақидің түсіндіруі бойынша, Захак бин Абдуррахман Әбу Мұсамен кездеспеген, ал Иса бин Синан әлсіз жеткізуші.
 
Сәләфи ғұламасы, шейх Мубаракфури болса, Иса бин Синанды әлсіз хабар жеткізуші деп айтқан мынадай ұлы ғалымдарды атап көрсеткен:
 
  • Имам Ахмад (Алла одан разы болсын),

 

  • Яхья бин Маъин (Алла одан разы болсын),

 

  • Әбу Зурга (Алла одан разы болсын),

 

  • Әбу Хатим (Алла одан разы болсын),

 

  • Имам Нәсаи (Алла одан разы болсын),

 

  • Ибн Хираш (Алла одан разы болсын).
 
Бұл тізімге сонымен қатар төмендегі ғұламаларды да қосуға болады:
 
  • Әбу Хазим (Алла оны рахыметіне алсын),

 

  • Әл Укайли (Алла оны рахыметіне алсын),

 

  • Әл Саджи (Алла оны рахыметіне алсын),

 

  • Ибн Хажар (Алла оны рахыметіне алсын),

 

  • Әл Захаби (Алла оны рахыметіне алсын),

 

  • Ибн Әби Шәйба (Алла оны рахыметіне алсын).

 

Қазіргі замандағы кейбір "ғұламалар" Захак Әбу Мұсаның (Алла олардан разы болсын) замандасы дегенге тоқталып, бұл хадисті сенімді екендігін дәлелдегісі келеді. Шейх Мубаракфури бұған былайша жауап береді:[14]
 
"Имам Әбу Дәуід және басқалар да бұл хадисті әлсіз деуге екі кемтігі барын айтады: біріншісі – хадисті жеткізушілер тізбегінің үзілуі, екіншісі – Иса бин Синанның әлсіздігі. Осыған орай, егер біз Захак Әбу Мұсамен (Алла олардан разы болсын) кездесті дегенге келіссек, бірінші кемтігі кетеді делік, алайда хадисті әлсіз деуге екінші кемістігі жетіп асады".[15]
 
Кейін қазіргі заманғы "ғалымдар" Иса бин Синанға (Алла одан разы болсын) сенуге болады деп, Ибн Маъиннің айтқанын қолданып, жаңағы хадисті қайта қарастырғысы келді. Ал бұған болса шейх Мубаракфури былай деп жауап береді:[16]
 
"Имам Захаби өзінің "Әл Мизан" еңбегінде имам Ахмад пен Ибн Маъин (Алла оларды рахыметіне алсын ) Иса бин Синанды әлсіз деп есептегенін жазған. Хафиз Ибн Хажар (Алла одан разы болсын) "Ат Тахдиб" еңбегінде оны "ляин-әл-хадис" деп Ибн Маъиннен Якуб бин Әби Шәйба жеткізгенін жазған. Көріп тұрғандарыңыздай, Ибн Маъиннен бір топ ғалымдар Исаны даъиф деп айтқанын жеткізген".[17]
 
3) Әнас (Алла одан разы болсын) жеткізген хадис:
 

قال الخطيب أخبرنا أحمد بن عبدالحميد، أخبرنا محمد بن السيد بالمزة، أخبرنا القاضي محمد بن يحيى القرشي سنة ست وثلاثين وخمس مئة، أخبرنا أبو القاسم علي بن محمد الفقيه، أخبرنا طلحة بن علي، أخبرنا أبو الطيب أحمد بن ثابت، حدثنا محمد بن مسلمة، حدثنا موسى الطويل، حدثنا أنس قال: رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم يمسح على الجوربين عليهما النعلان.(خرجه الخطيب في تاريخ بغداد - (ج 3 / ص 306) و كذا رواه الذهبي في سير أعلام النبلاء - (ج 17 / ص 480) و قال «هذا حديث تساعي لنا، لكن موسى ليس بثقة ، زعم أنه من موالي»

 
"Мен Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сыртынан аяқ киім киілген жәурабтарға мәсіх тартқанын көрдім".[18]
 
Бұл хадиске түсіндірме
 
Бұл хадисті Мұса бин Абдулла Ат Тауил жеткізген. Ибн Хиббан (Алла одан разы болсын) бұл аталмыш хадисті жеткізуші әдейі Әнасқа (Алла одан разы болсын) қарсы ниетпен хабарларды ойдан шығарған дейді.[19] Ибн Әди (Алла одан разы болсын) оған мажхуль деп анықтама берген.[20]
 
4) Мұғаз (Алла одан разы болсын) жеткізген хадис:
 

قال العقيلي حدثنا أحمد بن داود قال حدثنا معاوية بن عطاء قال حدثنا سفيان الثوري عن منصور عن إبراهيم عن الاسود قال وقع بين عبد الله بن عمر وبين معاذ بن جبل مشاجرة في المسح فأنكر عليه عبد الله فقال معاذ ألق أباك فاسأله فلقيه فسأله عما كان بينه وبين معاذ في المسح على الخفين فقال عمر لعبد الله معاذ أفقه منك رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم مالا أحصى يمسح على الخفين وعلى كور العمامة والجورب وشراك النعل (أخرجه العقيلي في الضعفاء الكبير- (ج 4 / ص 1333) و روي رواية أخري ثم قال «وهذه كلها بواطيل لا أصول لها» وقال عن معاوية بن عطاء بصري «كان يرى القدر عن الثوري وغيره في حديثه مناكير وما لا يتابع على أكثره» و أورده عن العقيلي الذهبي في ميزان الاعتدال في نقد الرجال - (ج 6 / ص 458) و قال عن معاوية بن عطاء البصري عن سفيان الثوري «تكلم فيه» ثم نقل قول العقيلي الذي مر آنفا وانظر أيضا لسان الميزان - (ج 6 / ص 58)أ

 
"Абдулла бин Омар мен Мұғаз бин Жабал арасында мәсіх жайында дау шыққандығын Асуад (Алла одан разы болсын) айтады; Абдулла бин Омар Мұғазбен келіспеген, сонда Мұғаз оған: "Барып әкеңмен (Омармен) кездесіп, осы жөнінде одан сұра", деп кеңес береді. Абдулла әкесінен Мұғазбен теке-тіресіп қалған осы мәсіге мәсіх тарту мәселесі жайында сұрайды. Омар (Алла одан разы болсын) Абдуллаға былай деп жауап береді: "Мұғаз сенен көбірек біледі, мен көп рет Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мәсісін, сәлдесінің бүктелген тұстарын, жәурабтарын және бауларын сүрткендігін (мәсіх тартқанын) көрдім".[21]
 
Бұл хадиске түсіндірме
 
Хадисті жеткізуші Мұғауия бин Ата Әл Басри себебінен бұл хадис әлсіз деп саналады.[22] Аллама Укайли бұл хадистің ешқандай да негізі жоқ деп айтқан.[23]
 
5) Ақырында, осы мәселеге қатысты ең танымал болған, Әл-Мұъираның (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисін қарастырамыз:
 

قال الترمذي حدثنا هناد و محمود بن غيلان قالا حدثنا وكيع عن سفيان عن أبي قيس عن هزيل بن شرحبيل عن المغيرة بن شعبة قال : توضأ النبي صلى الله عليه و سلم ومسح على الجوربين والنعلين (أخرجه الترمذي و قال هذا حديث حسن صحيح و كذا أخرجه ا بن حبان صحيحه - (ج 4 / ص 167) و أخرجه أبو داود في سننه - (ج 1 / ص 61) و قال «كان عبد الرحمن بن مهدى لا يحدث بهذا الحديث لأن المعروف عن المغيرة أن النبى -صلى الله عليه وسلم- مسح على الخفين.» و رواه البيهقي في السنن الكبرى - (ج 1 / ص 283) ثم اطنب في بسط الكلام عليه و كذا بسط الكلام عليه مصنف تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص 279) و روي هذا الحديث أيضا ابن ماجه في سننه - (ج 1 / ص 185) و أحمد في مسنده - (ج 4 / ص 252) و الطبراني فيالمعجم الأوسط – (ج 3 / ص 112) و الكبير – (ج 20 / ص 415) وابن أبي شيبة في مصنفه - (ج 14 / ص 234)أ

 
"Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алды да, өзінің жәурабтары мен аяқ киімін сүртті (мәсіх тартты)".[24]
 
Ат-Тирмизи мен Ибн Хиббан (Алла оларды рахыметіне алсын) аталған хадисті сенімді (сахих) дегенімен де, көптеген үстем болған мұхаддистер бұл хадисті әлсіз деп есептеген. Бұған себеп ретінде, ең бірінші, бұл хадистің мазмұны Құранға (аяқ жуу үкімі) қарсы болғанында. Имам Муслимнің (Алла одан разы болсын) айтуынша, Әбу Кайс пен Хузайл жеткізген хадис үшін біз Құранда анық жеткен үкімді ( яғни аяқ жуу) тастай алмаймыз. [25]
 
Екіншіден, хадисті жеткізуші Әбу Кайстың айтқаны бұл хадисті жеткізген басқа кісілердікіне қарсы болып тұр. Имам Бухаридің (Алла одан разы болсын) ұлы ұстазы имам Әли бин Әл-Мәдини (Алла одан разы болсын) Мәдина, Куфа және Басра қалаларының барлық тұрғындары осы хадисті жеткізгенін айтқан. Алайда хадисті жеткізген басқа кісілердің айтқанына қарама-қайшы Хузайл жәурабқа мәсіх тартылғаны жайлы қосып айтқан.[26] Имам Муслим (Алла одан разы болсын) бұл хадисті әлсіз деп есептеп, Әбу Кайс әл Әуди мен Хузайл бин Шурабхил хадисті Әл-Мұъирадан жеткізген басқа ұлы кісілермен салыстыруға келмейтіндігін көрсеткен. Олардың барлығы хадисті жеткізгенде тек мәсіге мәсіх тартылғандығы жайлы айтқан (жәурабтар жайлы сөз болмаған)[27].
 
МәуланаӘнуар Шах әл Кашмири (Алла оны рахыметіне алсын) айтуынша, бұл хадистің тізбегі 70 кісіден құралады және оның барлығы да мәсіге (теріден жасалған шұлық) мәсіх тартылғандығын айтады. Сондықтан бұл хадисте жәурабқа мәсіх тартылғандығына белгілі бір уахм (күмән) болуы керек.[28]  Яхья бин Маъин (Алла одан разы болсын)[29]де Әбу Кайстан басқалары бұл хадисті жеткізгенде мәсіге мәсіх тартылғанын атап көрсеткен.[30]
 
Имам Әл-Байхақи (Алла оны рахыметіне алсын) бұл хадисті ұлы ғалымдардың ішіндеәлсіз деп есептегендерін төмендегіше келтірген:
 
  • Имам Суфьян ас Саури (Алла оны рахыметіне алсын)[31],
  • Абдуррахман бин Махди (Алла оны рахыметіне алсын),
  • Ахмад бин Ханбал (Алла оны рахыметіне алсын),
  • Яхья бин Маъин (Алла оны рахыметіне алсын),
  • Әли бин Мәдини (Алла оны рахыметіне алсын),
  • Муслим бин Хажаж (Алла оны рахыметіне алсын).
 
Бұл хадисті сенімді деп есептеген Ат-Тирмизи (Алла одан разы болсын) мен Ибн Хиббанға қарағанда жоғарыда жазылған ғалымдар үстемірек. Имам Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл ғұламалардың үстем болғаны соншалық, тіпті егер оның бірінің ғана пікірі имам Ат-Тирмизидікіне қарама-қарсы болса, біз сөзсіз Ат-Тирмизидің емес, соның берген үкіміне тоқталуымыз керек болады. Сонымен қатар, хадистің қиғадаларына сәйкес, сынмен айтылған пікір жай қабылдаған пікірге қарағанда әлдеқайда қолайлырақ.[32]
 
Аллама Йусуф әл-Бирони (Алла оны рахыметіне алсын) өзінің белгілі "Маъариф ас-сунан"[33] еңбегінде былай деп көрсетеді:
 
"Имам Ат-Тирмизи және басқалары бұл хадисті сенімді дегенімен де, бұл салада жоғарырақ дәрежелі болған, білікті ғұламалар болса, аталмыш хадисті сынға алған"[34]
 
Имам Ән-Нәуәуи (Алла одан разы болсын) сонымен қатархадистің бүкіл хафиздері бұл хадисті әлсіз дегенге келіседі, сондықтан имам Ат-Тирмизидің (Алла оны рахыметіне алсын) үкімі қабылданбайды дейді.[35]
 
Өзін хадистердің "ғұламасы" санайтын кейбір кісілер хадисті жеткізуші Әбу Кайс басқаларға қарсы ештеңе демеген, тек хадиске қосымша нәрсе қосқан деп, хадисті қабылдағысы келеді. Бұған шейх Мубаракфури былайша жауап берген[36]:
 
"Әл-Мұъирадан бұл хадисті жеткізушілердің барлығы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәсіге (теріден жасалған шұлық) мәсіх тартқандығын айтады. Ал Әбу Кайс бұлардан бөлек, "ол өзінің жәурабтары мен мәсісіне мәсіх тартты" деп, Әл-Мұъирадан хадисті естіген Хузайл арқылы жеткізеді. Ол тек басқа сөз қосып қана қоймай, өзгелердің дегеніне қарама-қарсы нәрсе айтқан. Ал егер "ол өзінің мәсісін, жәурабын және аяқ киімін сүртті (мәсіх тартты)" деп айтқанында, басқалардың айтқанынан көбірек нәрсе айтып тұр десек болар еді. Ол бұлай айтпағанына қарап, ешқандай нәтиже де шығара алмаймыз. Бұған жақсылап ой жүгіртіп көріңіз. Бұның бәрін түсінген кезде, білікті ғұламалар бұл хадисті әлсіз деп үкім бергеніне анық көзіңіз жетеді, дегенмен хадисті жеткізуші мықты болса да өздігінен бірдеңе қосқанда жасалатын ережені олар жақсы білетін. Менің ойымша, олардың жасаған үкімі бұл хадисті жақсы және сенімді деп есептеген имам Ат-Тирмизидікіне қарағанда дұрысырақ, ал дұрысын Алла Тағала біледі".[37]
 
Бұл кісілер аталмыш хадисті дұрыс деп қабылдау үшін тырысқан әрекетінің тағы бірі - Әл-Мұъираның Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) болған жердегі оқиғаға куә болғандығын себеп қылғысы келеді. Бірінші  оқиғада Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мәсісіне мәсіх тартқан, ал екіншісінде жәурабтарына тартқан екен. Мұндай дәлелдер өте әлсіз және оған былайша жауап беруге болады:
 
а) Бұл оқиға сапар кезінде болған, сонымен қатар екінші жағдай бойынша растайтын нәрсені көріп тұрғанымыз жоқ. Оның үстіне бұл оқиғаны тек Әбу Кайстай бір ғана адамның айтқаны біздің күмәнімізді нығайта түсіруде.
 
б) Бұл жайында Әл- Мұъира бірінші рет білгенде  Пайғамбарымызбен (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Табук шайқасына қатысқан кезі болатын.Бұл хижраның 9-шы жылы еді.Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сапарда тек хижраның 10-шы жылы қажылыққа аттанғанда болғаны белгілі.
 
в) «Жәураб» сөзі келтірілген бүкіл хадистер тек Суфьян ас Саури (Алла оны рахыметіне алсын) арқылы жеткен, алайда ол бұл хадисті қате деп есептеп, қабылдамаған.
 
Бұдан бөлек, кейбір кісілер Әл Мұъира айтқан хадисті бекіту үшін Әбу Бәкр Исмаилиден жеткен, оның «Муджам»[38] еңбегінде жазылған мына хадисті қолданғысы келеді:
 

أخرج أبو بكر الإسماعيلي في معجم شيوخه: 163 ( 327 ) قال : ( حدثنا عبد الرحمان بن محمد بن الحسين بن مرداس الواسطي أبو بكر ، من حفظه إملاء . قال : سمعت أحمد بن سنان ، يقول : سمعت عبد الرحمان بن مهدي ، يقول : عندي عن المغيرة بن شعبة ثلاثة عشر حديثاً في المسح على الخفين. فقال أحمد الدورقي: حدثنا يزيد بن هارون، عن داود بن أبي هند، عن أبي العالية، عن فضالة بن عمرو الزهراني ، عن المغيرة بن شعبة : (أن النبِي - صلى الله عليه وسلم - توضأ ومسح على الجوربين والنعلين ) ، قال : فلم يكن عنده فاغتم ).أ

 
«Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алды да, өзінің шұлықтары мен аяқ киімін сүртті».
 
Алайда бұл хадистің маңызы жоқ екендігіне үш себеп бар:
 
1) Әл-Исмаили атты ұстаз танымал емес (маджхуль).  Бұдан басқа, Әл-Исмаили бұл хадис жайында ешқандай пікірін қалдырмаған және одан басқа хадис жеткізбеген.

2) Имам Ат-Табранидің «Әл Муджам әл-кабир» және «Изаф әл хиярах әл махарах» атты еңбектерінде дәл осы тізбекпен жеткен осы хадис былайша келтірілген:
 

قال الطبراني حدثنا ادريس بن جعفر العطار ثنا يزيد بن هارون أنا داود بن أبي هند عن أبي العالية عن فضالة بن عمرو الزهراني عن المغيرة بن شعبة قال : « كنا مع النبي صلى الله عليه و سلم في منزله فاتبعته فقال : أين تركت الناس ؟ فقلت : تركتهم بمكان كذا وكذا فأناخ راحلته فنزل ثم ذهب فتوارى عني فاحتبس بقدر ما يقضي الرجل حاجته ثم جاء فقال : أمعك ماء ؟ قلت : نعم فصببت على يديه فغسل وجهه ويديه ومسح رأسه وعليه جبة شامية قد ضاقت يداها فأدخل يده من تحت الجبة فرفعها عن يديه ثم غسل يديه ووجهه ومسح على رأسه وخفيه ثم قال : ألك حاجة ؟ قلت : لا قال : فركبنا حتى أدركنا الناس» (المعجم الكبير - (ج 20 / ص 425) و كذا البوصيري في إتحاف الخيرة المهرة - (ج 5 / ص 103) من طريقأبي بكر بن أبي شيبة عن يزيد بن هارون الخ و قال هذا إسناد صحيح.)

 

3) Имам Әл-Исмаилидің айтуынша бұл хадис толығымен имам Абдуррахман бин Махдимен байланысты. (демек, оның бұл хадис жайында едәуір жақсы түсінігі болған). Жоғарыда айтылғандай, имам Абдуррахман бин Махди (Алла оны рахыметіне алсын) Әби Кайс үшін бұл хадисті әлсіз деп есептеген. Егер бұл хадис сахих болғанда ол Әби Кайстан жеткен хабарға еш мән бермес еді. Мұндай жағдайда басқа мұхаддис ғалымдар да бұл хадиске дәл былайша мін айтпас еді. Шынтуайында бұл хадисті жеткізуші тек Әби Кайс екендігін көптеген мұхаддистер айтады.

 
Мүфти Таки сахибтің (Алла ол кісіні қорғауына алсын) айтуынша, егер аталмыш хадисті сахих деп қарасақ та, ол жалғыз хадис болғандықтан  Қасиетті Құранда келтірілген нақты үкімге қарсы келуге келмес еді. Имам Әбу Ханифа, имам Әбу Юсуф және басқалардың (Алла оларды рахыметіне алсын) мәсіге (теріден жасалған шұлық) мәсіх тарту жайлы хабардың «тауатур» жолымен жеткенінен кейін ғана қабылдап, келісілген пайымдауларын алдында айтқан болатынбыз.[39]
 
Жәурабқа мәсіх тартуды қолдайтындар  өздеріне дәлел ретінде Рашид бин Садтың Ас Саубаннан (Алла одан разы болсын) естіген хадисті жеткізгенін келтіреді:

 

قال الامام احمد حدثنا عبد الله حدثني أبي ثنا يحيى بن سعيد عن ثور عن راشد بن سعد عن ثوبان قال : بعث رسول الله صلى الله عليه و سلم سرية فاصابهم البرد فلما قدموا على النبي صلى الله عليه و سلم شكوا إليه ما أصابهم من البرد فأمرهم أن يمسحوا على العصائب والتساخين (أخرجه و الحاكم في المستدرك - (1 / 275) و أحمد بن حنبل في مسنده - (ج 5 / ص 277) و عنه أبو داود في سننه - (ج 1 / ص 56) و الطبراني في مسند الشاميين - (ج 1 / ص 274) و رواه البيهقي في السنن الكبرى - (ج 1 / ص 62 مكتبة دار الباز - مكة المكرمة) من طريق أبي على الروذبارى قال أخبرنا محمد بن بكر حدثنا أبو داود الخ و أخرجه البغوي في شرح السنة (احاديث فقط) - (ج 1 / ص 66) بطريق اللؤلئي ، عن أبي داود و بطريق أبي عبيد القاسم بن سلام ، قال : سمعت محمد بن الحسن يحدث ، عن ثور بن يزيد)أ

 

«Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды жорыққа жіберді. Сапар кезінде олар қатты суықтан қиналды. Олар Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қайта оралғанда, қатты суықтан қиналғандықтарын айтып шағымданды. Сол кезде Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға өздерінің «асаиб» және «тисахайн» атты заттарын сүртулеріне (мәсіх тарту) болатындығын айтты».[40]

 
Осы хадистегі «тисахайн» сөзінің астарында жұқа шұлық мағынасы жатыр деп, олар осылайша бұл хадисті қолданғысы келді.
 
Осы хадиске түсініктеме
 
Ең бірінші, бұл хадистің жету тізбегі үзілмеген болып есептелмейді. Хадисті жеткізуші Рашид бин Сад оны Ас Саубаннан естімеген. Бұл жайында Ибн Әби Хатим Абдулла бин Ахмад бин Ханбалдың (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) сөздерінен жеткізеді, ал Абдулла болса өзінің әкесі Ахмад бин Ханбалдан естіген.[41]  Бұл туралы сонымен қатар ұлы ғұлама әрі хадиске түсініктеме беруші ғалым әл-Хафиз Ибн Хажар Әл Әскалани (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) де жазады.[42]  Дегенмен, имам Бухари[43] мен имам Аз-Захабиде (бұл тізбекті мықты деп айтқан)[44] келтірілгендей, Рашид бин Сад  Саубаннан естіді десек те, «тисахайн» сөзінің астарында жұқа шұлық мағынасы тұрған жоқ. Көптеген лексикографтар «тисахайн» деп аяқты жауып тұратын барлық затты айтқан, тіпті ол мәсі болса да. [45]
 
Хадистердегі қиын сөздерге анықтама беретін сөздіктер мен кітаптарда «тисахайн» терминінің үш түрлі  мағынасы жазылған:
 
 

ويجاب عن هذا بأن المعجمات اللغوية وكتب غريب الحديث أوردت للتساخين ثلاثة تفاسير 

.الأول : إنها الخفاف وقد اقتصرت كثيرا من المعجمات على ذلك
.الثاني : كُلّ ما يسخَّن القدم من خف وجورب ونحوه
الثالث : إنها هي تعريب (( تَشْكَن )) وهو اسم غطاء من أغطية الرأس
"نقله ابن الأثير عن حمزة الأصفهاني في كتابه " الموازنة

 

1) Мәсілер,

2) Аяқты жабатын бүкіл нәрселер,
 
3) Араб тіліне енген және түбірі «ташкан» сөзінен шыққан басты жауып тұратын нәрсе.
 
Бұл жайында Ибн Әл Асир (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) Хамза Әл Исфахани «Әл Мууазана» еңбегінде жазған сөздеріне сүйеніп айтады.
 
Бұдан бөлек, келесі мына араб сөздіктерінде «тисахайн» сөзінде мәсінің мағынасы тұрғандығы анық жазылған:
 
1. «Ән Нихая фи ғориб әл-хадис уәл асар»,
 
2. «Ас Сахах» Әл Жәухари,
 
3. «Әл Мукри ин Мисбах»,
 
4. «Мажма бихар әл-Әнуар»,
 
5. «Әл Фаик фи ғориб ил хадис уәл асар»,
 
6. «Ғориб әл-хадис» Әл-Хараби,
 
7. «Таж әл урус мин жауахир әл Камус»,
 
8. «Лисан әл-Араб»,
 
9. «Мухит» Әл Сахиба бин Аббад,
 
10. «Әл Камус» Фирузабади.
 
Демек, мұның барлығы аталмыш хадистің біраз талдау беретінін көрсетеді. Яғни, жалпы алғанда, бұл хадис Құранға анықтама жасауға келмейтін өте әлсіз негізге құралған.
 
Егер «тисахайн» сөзі мәсі дегенге келіссек, мынадай мәселелер шешілер еді:

1) Әр түрлі хадистер арасында қарама-қайшылықтар болмас еді.
 
2) Бұл хадис тауатур жолымен жеткен хадистермен бірдей болар еді.
 
Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, жәураб жайында келтірілген хадистерде бірінші я болмаса басқа мін бар деп шешім шығара аламыз. Шейх Мубаракфури жазады:[46]
«Жалпы айтқанда, Пайғамбардан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен жәураб жайындағы хадистердің арасында сахих әрі мінге алынбағаны жоқ».[47]
 
Аллама Әл-Укайли (Алла одан разы болсын) айтқан:[48]
 
«Жәураб және аяқ киімге мәсіх тартуға қатысты хадистер тізбегі әлсіз».[49]

Бұл жайында мәулана Әнуар Шах әл Кашмири (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) де айтқан: [50]

«Менің ойымша, жәурабқа мәсіх тарту жайында бекітілген марфуъ хадис жоқ, осыны біліңіздер»[51]

Сондықтан жәураб деген жұқа шұлық деген сөзбен келіссек те (расында ондай емес екендігін алдыда иншәә Аллаһ түсіндіреміз), бірақ сонда да бұл хадистерді қолдана алмаймыз, себебі олар әлсіз. Оларды дұрыс, сахих деп қабылдап, жәураб деген жұқа шұлық деп есептесек те, бұл хадистердің Құрандағы жазылғанға қарсы үкім шығара алатындай күші жоқ.«Маъариф ас сунанда» айтылған: [52]
 
«Қалай болғанда да, егер жәурабтар жайындағы хадистерді дұрыс десек те, жалпы мағынасында жұқа да, қалың да шұлықтар қамтылған деп айту мүмкін емес, себебі ол Құрандағыға қарсы келіп тұр».[53]
 

Алла Тағала дұрысын біледі.

 

[1]أ(أخرجه الطبراني في المعجم الكبير – (ج 1 / ص 350) و قال الزيلعي نصب الراية - (ج 1 / ص 186) «ويزيد بن أبي زياد. وابن أبي ليلى مستضعفان، مع نسبتهما إلى الصدق، والله أعلم.» أ

[2] «Насб ар-аях»,1/186
 

[3] (1/186)

 

[4] (1/60)

 

[5] Шейх Мубаракфури сәләфи ағымының беделді ғұламасы екендігіне мән беріңіз. Алайда ол да қазіргі заманғы шұлықтарға мәсіх тартуға келіспеген. Біз оның ұйғарымын ильзаман лиль хасм деп келтірдік (тек қарсыластарымызға зор ықпал ету үшін ғана)

 

[6] قلت لا شك في أن رجال السند الأول من حديث بلال كلهم ثقات  

(ولكن فيهم الأعمش وقد عرفت أنه مدلس ورواه عن الحكم بالعنعنة وعنعنة المدلس غير مقبولة وقد تقرر أنه لا يلزم من كون رجال السند ثقات صحة الحديث(تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص 281

 

[7] "Тухфа әл-Ахуази", 1/281

 

[8]والعمامة  (أخرجه الطبراني في المعجم الأوسط - (ج 2 / ص 24) «و قال لا يروى هذا الحديث عن أبي موسى إلا بهذا الإسناد تفرد به عيسى» و أشار اليه ابو داود في سننه - (ج 1 / ص 61) و قال «وليس بالمتصل ولا بالقوى» و كذا أخرجه ابن ماجه سننه - (ج 1 / ص  186)و البيهقي في السنن الكبرى - (ج 1 / ص 284) و قال «الضحاك بن عبد الرحمن لم يثبت سماعه من أبى موسى وعيسى بن سنان ضعيف لا يحتج به. وأخبرنا أبو عبد الله الحافظ حدثنا أبو العباس بن يعقوب حدثنا العباس بن محمد قال سمعت يحيى بن معين يقول : عيسى بن سنان ضعيف.» و ضعفه العقيلي بإخراجه في الضعفاء الكبير - (ج 7 / ص 36)أ

 

[9] Ибн Маджа, Ат-Табрани,Әл Байхақи жеткізген, Әбу Дәуід те соны нұсқаған

 

[10] (Q 59/Ба, махту)

 

[11] (1/42)

 

[12] «Насб ар-раях» (1/185)

 

[13] «Ад-Дирая» («Әл-Хедая»-мен баспаға шыққан, 60 бет)

 

[14]قلت ذكر أبو داود وغيره أن في حديث أبي موسى المذكور علتين لضعفه الأولى الانقطاع والثانية ضعف عيسى بن سنان فإن ثبت سماع الضحاك من أبي موسى ترتفع العلة الأولى وتبقى الثانية وهي كافية لضعف حديث أبي موسى المشهور (تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص  280)أ

 

[15] «Тухфа әл-Ахуази», 1/280

 

[16] ففيه أن بن معين أيضا ضعفه قال الذهبي في الميزان ضعفه أحمد وبن معين إلخ وقال الحافظ في تهذيب التهذيب قال يعقوب بن شيبة عن بن معين لين الحديث وقال جماعة عن بن معين ضعيف الحديث كما عرفت آنفا

 

[17] «Тухфа әл-Ахeази», 1/280

 

[18] «Тарих әл-Бағдадта» Әл-Хатыб және «СиярАгалям ан-Нубалда» Аз-Захаби жеткізген

 

[19] «Мизан әл-Игтидаль» (6/547), сонымен қатар қараңыз: «Лисан аль-мизан» (6/122)

 

[20] «Әл-Камиль фи Дугафа ар-риджаль», 6/351

 

[21] Укайлиден жеткен

 

[22] «Ад-Дугафа» Укайли (4/1333), «Мизан аль-Игтидаль» (6/458), сонымен қатар «Лисан аль-мизан» (6/58) қараңыз

 

[23] «Ад Дугафа аль-кабир» (4/1333)

 

[24] Ат-Тирмизи, Ибн Хиббан, ӘбуДәуід, ИбнМаджа, Әл-Байхақи, Ахмад, Ат-Табрани, Ибн Әби Шәйбажәнет.б. имамдар жеткізген

 

[25] «Сунан әл-кубра», 1/283

 

[26] «Сунан әл-кубра», 1/283

 

[27] «Сунан әл-кубра», 1/283

 

[28] «Файдәл-Бари», 1/269

 

[29] Яхья бин Маъин ӘбуКайсқа сенім артқан, алайда бұл хадисті қабылдамағанына мән беріңіз!

 

[30] «Файдәл-Бари», 1/269

 

[31] "Жәураб" сөзі бар хадистерді имам Суфьян ас-Саури жеткізгеніне мән беріңіз

 

[32] "Тухфа әл-Ахуази", 1/279

 

[33]صححه الترمذي و غيره و لكن أعله من هو أرسخ قدما و أرفع شأنا في هذا الفن منه (معارف السنن - (ج 1 / ص 348) أ

 

[34] "Маъариф ас-сунан", 1/348

 

[35] "Тухфа әл-Ахуази", 1/279

 

[36]إن الناس كلهم رووا عن المغيرة بلفظ مسح على الخفين وأبو قيس يخالفهم جميعا فيروي عن هزيل عن المغيرة بلفظ مسح على الجوربين والنعلين فلم يزد على ما رووا بل خالف ما رووا نعم لو روى بلفظ مسح على الخفين والجوربين والنعلين لصح أن يقال إنه روى أمرا  زائدا على ما رووه وإذ ليس فليس فتفكر فإذا عرفت هذا كله ظهر لك أن أكثر الأئمة من أهل الحديث حكموا على هذا الحديث بأنه ضعيف مع أنهم لم يكونوا غافلين عن مسألة زيادة الثقة فحكمهم عندي والله تعالى أعلم مقدم على حكم الترمذي بأنه حسن صحيح (تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص 279)أ

 

[37] "Тухфа әл-Ахуази", 1/279

 

[38] (163; 327)

 

[39] Қараңыз: «Фатауа Усмани» (1/374)

 

[40] Ахмад, Әбу Дәуід, Ат-Табрани, Әл-Байхаки, Әл-Мустадрак және басқаларынан жеткен

 

[41] «Әл-Иляль», 1/133

 

[42] «Тахзибат-тахзиб», 3/226

 

[43] «Ат-Тарих әл-кабир», 3/292

 

[44] «Сияр Аъаләм ән-Нубалә», 4/491. Назар аударыңыз: имам Хаким бұл хадис тізбегін сахих әрі имам Муслимнің шарттарына сай деп айтса да,имам Аз-Захаби мұ

нымен өзінің «Таълиқ» (1/275) еңбегінде келіссе де, алайда имам Аз-Захабидің өзі «Сияр Аъаләм ән-Нубаләда» бұған қарсы пікір айтқан:

(وخرجه الحاكم فقال: على شرط مسلم، فأخطأ: فإن الشيخين ما احتجا براشد، ولا ثور من شرط مسلم.(سير أعلام النبلاء - (4 / 491

Имам Хаким бұл хадисті келтіріп, оның имам Муслимнің шарттарына сай екендігін айтқан; алайда олардан қате кеткен: Муслимдегі хадис жеткізушілер болып табылмайтын Рашид пен Саурға сүйенбеген. («Сияр Аъаләм ән-Нубалә», 4/491)

 

[45] «Тухфа әл-Ахуази», 1/360

 

[46]والحاصل أنه ليس في باب المسح على الجوربين حديث مرفوع صحيح خال عن الكلام (تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص 281) أ

 

[47] «Тухфа әл-Ахуази»,  1/281

 

[48]والاسانيد في الجوربين والنعلين فيها لين (الضعفاء الكبير للعقيلي - (ج 3 / ص 1084) أ

 

[49] «Ад-Дуъафа әл-кабир», (3/1084)
 

[50] (واعلم أنَّ المسحَ على الجَوْربين لم يثبت عندي مرفوعاً (فيض الباري شرح صحيح البخاري - (ج 1 / ص 269

 

[51] «Файд әл Бари», 1/269

 

[52]و علي كل حال ان صح حديث الجوربين لم يمكن أن يعمل علي اطلاقه الشامل للثخينين و الرقيقين لمعارضة القران المتلو (معارف السنن - (ج 1 / ص 348) أ

 

[53] «Мағарифәс-сунан», 1/348

АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков