Циклы Авторы Сортировка

4-ші насихат. Қасиетті Құран білімнің құндылығы жайында

5 758
25 марта, 15
Қасиетті Құран білімнің құндылығы жайында
 
Білімнің Алла Тағала алдындағы маңызы мен құндылығын ұғыну үшін Адам Пайғамбардың (алейһиссәләм)«Бақара» сүресінің бас жағында баяндалатын оқиғасы да жеткілікті болар еді. Раббымыз  Адамға (алейһис сәләм) құрмет ретінде, оны өзге жаратылыстардан артық етіп жаратқандығының белгісі ретінде періштелерге оған сәжде етулерін бұйырды. Ал, бұл әрекетіне дәлел ретінде Алла Тағала Адамның (алейһис сәләм) барлық заттың атауын білетін білімін таңдады. Сонда Адам (алейһис салам) періштелерге барлық жаратылыстың атауын атап бергенде, бұл олар үшін дәлел болып, бәрі оған сәжде қылады. Осылайша, Раббымыз бізге білімнің бір жаратылысты екіншісінен артық етіп тұратын белгі екенін көрсетті.
Құранда білімнің маңызы айтылған ең белгілі тұсы, мүмкін осы аят болар, оны мақала жиынтығын бастарда да жазған болатынбыз, ол аятта Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), Алладан білімін арттыруын сұраған:
 
عِلْمًا   زِدْنِي رَّبِّ  وَقُل

(«Та Ха» сүресі, 114 аят)

 
Мағынасы: «Айт: Раббым, білімімді арттыр!»
 
Және Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мына бір дұғадан тұратын хадисін де келтірген едік:
«Уа, Алла! Расында мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе және (Өз құзырыңда) қабыл болатын жақсы амал тілеймін!»
Ал, Имам Тирмизи мен Ибн Мәжа Әбу Һурайрадан (Алла оларға разы болсын) жеткізген хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тағы бір өзге дұғасы келтірілген:
 
اللهم انفعني بما علمتني وعلمني ما ينفعني وزدني علما
 
«Аллахуммә, инфәʼни бимә ʼалләмтәни уә ʼаллимни мә янфаʼуни уә зидни ʼильман»
 
«Уа, Алла! Маған Өзің берген біліміңді пайдалы еткейсің және маған не пайдалы болса, мені соған үйрет әрі білімімді арттыра гөр!»
(Алла оған разы болсын) және басқа да сахабалардан жеткен мына хадисті атап кетуге болады: « Ілім іздену (алу) – әрбір мұсылман үшін парыз». Хадисті Имам Мәжа және т.б. жеткізген.
Ғұламалар бұл хадистің сенімділігіне арнап көптеген дәлелдер жазды. Мысалы, бұл туралы Имам әс –Суютидің өзінің жеке кітабы бар.

 

Парыз болған білім мен оның түрлері. Фард ʼайн.
 
Жоғарыда келтірген хадисте қандай парыз болған білім айтылып тұр? Бұған жауап беру үшін, алдымен ғұламаларымыз парыз білімді екі түрге бөлгенін білу керек:
 
Әрбір адамға парыз болған білім (фард ʼайн).
 
Мұсылман үмметіне парыз болған білім (фард кифая).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков