Циклы Авторы Сортировка

40 дәріс. Отыз бірінші кіші белгі. Шыншылдардың жоқ болуы

3 855
2 ноября, 15
Қиямет күнінің белгілеріне шыншылдар мен құдайдан қорқатын адамдар санының азайып, ал күнәһарлар санының көбейіп, нәтижесінде Қиямет күнін көретін Жер бетіндегі жалғыз мекендеушілер осылар болып қалатыны жатады.

Абдуллах ибн Амр (оларға Алла разы болын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізген: «Алла Тағала шыншылдарды алып кетіп, жамандықтан тыймай әрі жақсылыққа шақырмайтын күнәһарлар қалмағанша, Қиямет күні болмайды» (Ахмад).
 
 
Біртіндеп шынайы ғалымдар мен тақуалар азая береді, азая береді, ал надандар мен күнәһарлар көбейіп, олар көшбасы мен басшылар болады да, халықты адастырады. Тақуалардың кетуінің белгісі – қоғамда тыйым салғанға жақтырмай қарайтындар мен күнәға қарсы және де Алланың дінімен жауласып жүргендерге қарсы шығатындардың азаюы. Адамның халық арасында уәли немесе шейх ретінде танылғаны емес, дәл осының өзі шыншылдықтың белгісі болып табылады. 
 
Рухани тәлімгерді іздеу қазір орындалмайтын міндет болды, өйткені бүкіл мұсылман әлемінде өздерін сопылықтың шейхтері, тәлімгерлер мен ұстаздар етіп көрсететін көптеген алаяқтар ашық түрде жұмыс істеп, қарапайым халықты алдауда.
 
Шынайы тәлімгердің сипаты, - олар ешкімді өздерінің шәкірттері мен ізбасарлары етуге тырыспайды, оларда ондай мақсат жоқ. Ал егер кімде-кім адамнан осындай талпынысты байқаса, онда оның алдында шынайы рухани тәлімгер емес, әрі оның шыншылдық сипаттан алыс адам екенін жете түсіну қажет.
 
Біз әрқашан шынайы ғалымдар мен тақуалардың қасында болуға, оларға қызмет етуге, олардың жұмысы мен үндеуіне көмектесуге тырысуымыз керек. Біздің оларға деген сүйіспеншілігіміз бен жақындығымыз, ин ша Алла, біздің құтылуымызға себеп болады. 
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков