Циклы Авторы Сортировка

41 дәріс. Отыз екінші кіші белгі. Тексіздердің дәуірлеуі

3 665
9 ноября, 15
Қиямет күнінің белгілеріне қоғамның әртүрлі саласында нашарлардың жақсылардан дәуірлеуі, сөйтіп көптеген қызмет салалары олардың қолында қалуы жатады. Нәтижесінде зердесіз және пасық адамдар билеп әрі басқаратын болады.
 
 
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтқан: «Іс ақымаққа, ақымақтың ұлына көшпегенше, бұл дүние құрымайды» (Ахмад).
 
Сондай-ақ, Хузейфа ибн әл-Ямам (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін (жеткізген): «Ақымақ адам, ақымақ адамның ұлы ең бақытты адам болмағанша, Қиямет күні болмайды» (Ахмад).
 
Сөзсіз, бұл хадистерде бүкіл мұсылман елін дерліктей жаулап алған кемістік — жемқорлық туралы айтылуда.
 
Іс жүзінде бүкіл мұсылман халқының ойлауы осындай — қандай да болмасын лауазымды алу, әрі әртүрлі жолдармен бұл қызметке тұрарлықтай бұл адамдардың жеткілікті дағдысы бар- жоғын ойламай-ақ, өз туыстарын итермелеп кіргізіп жіберу. Жоқ, бұлар үшін бұл тек сауынды сиыр ғана!
 
Бұндай тәсілдеме қоғамның әлеуметтік азуына әкеліп соғады және әлеуметтануда «жағымсыз іріктелім» деп атау ескерілгенді құрады, онда нашарлардың нашары өздерінен де нашарларға билікті  береді.
 
Өкінішке орай, мұсылмандар қоғамдық игілік және бүтіндей қоғамға пайда әкелу туралы  ойлауға қабілетті емес, бәрі тек өз тұқымының ғана пайдасын ойлайды, ал бұл қоғам мен оның институттарын дамыта алмайды.
 
Жемқорлытың барлық жерде бар екені және параны да барлық жерде алатыны түсінікті, бірақ мәселе оның пәрменінде болып тұр ғой, билік пен мемлекеттік пәлсапада, іс жүзінде қоғамдағылардың барлығы мемлекеттік лауазымды кәдімгі өзінің жеке басын байыту көзі ретінде қарастырады. 
 
Қоғамдық борыш және биліктің қоғам алдындағы міндеттері туралы айтатын адамдар, өздерінің сайлау науқаны барысында жалған айтады, ал істің жағдайын шынымен өзгерткісі келетіндер, ашық түрде нақұрыс саналады.
 
Кейбір мұсылман аймақтарында әлдебір мәселені парасыз әрі заңға сай шешкісі келетін адамды коммунист деп айтқандарын автордың өзінің естуіне тура келген. Біздің қоғамымыздың азып кеткені сондай, тіпті «құдайсыз» сөзі адал адам дегенді білдіретіні  болғаны ма?!

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков