ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
42 дәріс. Отыз үшінші кіші белгі. Таныстармен ғана сәлемдесу
Адамның «Әссаләму алейкум» деп өзі білетін адамдардан басқа ешкіммен амандаспауы да Қиямет күнінің белгілеріне жатады.
Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтқан: «Адам басқа біреумен сәлемдескенде, тек оны танығандықтан ғана солай жасайтыны да Қиямет күнінің белгісіне жатады» (Ахмад).
Сондай-ақ, Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) басқа риуаятта былай айтады: «Қиямет күнінің алдында тек таныстар ғана сәлемдесетін болады» (Ахмад).
Бұл қазіргі кездің белгісі — адамдар тек танитындарымен ғана сәлемдеседі, — бұл айқын түрде Сүннетке қарама-қайшы келеді, өйткені Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлемді таратуды және білетіндермен де, білмейтіндермен де амандасуды бұйырған. Бұндай мінез-құлық мұсылмандар арасындағы сүйіспеншілік пен достықты ұлғайтады, ал ол өз кезегінде, иманның өсіп әрі мұсылмандар арасындағы ынтымақтық пен бауырластықтың нығаюына жағдай жасайды.
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтқан: «Сендер иман келтірмейінше Жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-бірлеріңді жақсы көрмегенше, иман келтіре алмайсыңдар. Сендердің араларындағы сүйіспеншілікті ненің ұлғайтатыны жайында хабар берейін бе, әрі сендер оған амал жасайсыңдар ма? Араларыңда сәлемді таратыңдар» (Мүслім).
Біздің жақтың мәселесі мынада болып табылады, мұсылмандар неліктен екені белгісіз былай ойлайды, егер олар бір-бірлеріне ашулана қарайтын болса, онда бұл еркектіктің белгісі, дегенмен бұл, біз көріп отырғандай, хадиске қарама-қайшы келеді және мұсылмандар арасындағы жаулықты күшейтіп жібереді.
Мұсылмандар арасында сүйіспеншілік пен бауырластықты арттыратын істерді жасауға, бір-біріне күле қарауға және бір-бірімен амандасуға тырысу қажет, тіпті егер біз жеке таныс болмасақ-та.
Предыдущий урок
41 дәріс. Отыз екінші кіші белгі. Тексіздердің дәуірлеуі
Следующий урок
43 дәріс. Отыз төртінші кіші белгі. Жастары кішілерден білім алу (асағир)
Комментарии: 0
Правила форума