Циклы Авторы Сортировка

43 дәріс. Отыз төртінші кіші белгі. Жастары кішілерден білім алу (асағир)

3 793
23 ноября, 15
Абдуллах ибн әл-Мубарак «Аз-Зухд» кітабында Әбу Умаяя әл-Джумахидің (оған Алла разы болсын) Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізген: «Қиямет күнінің белгілеріне лайықсыздардан (сөзбе-сөз: кішілерден) білім алу жатады».
 
Абдуллах ибн әл-Мубарактан бұл нені білдіреді деп сұраған екен. Сонда ол: «Ол айтқан: «Бұлар дінде өз пікірлерінің негізінде сөйлейтіндер. Егер үлкендер кішілерден хадис жеткізсе, онда ол кіші емес» деп айтқан.
 
 
 
Сондай-ақ, жасы кішілер деп адасушыларды меңзеу де келтірілген.  
 
«Аз-Зухд» кітабында Ибн Масғудтың (Алла оған разы болсын) келесі сөздері келтіріледі: «Адамдар Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан және жасы үлкендерден білім алғанда амандықта (сөзбе-сөз: игілікте) болады. Егер білім оларға жасы кішілерден келер болса, онда пайымдаулар бөлінеді де олар мерт болады».
 
Ислам тарихынан біздің түсінгеніміздей, діни ағымдардың пайда болуы мен таралуының себебі, сахабалар мен ұлы табиғиндердің замандастары оларға ерулерін қойып, «дарынды жастар» ауытқуларын тарата бастаған болған.
 
Әрине, бұл жерде жастар әрқашан қателеседі немесе олардан білім алуға болмайды, ал жасы үлкендердікі әрқашан дұрыс деген сөз болып отырған жоқ. Алайда жасы үлкен ғалымдар, көп жылдарын Шариғатты оқу мен оқытуға жұмсағандар, әрқашан тіпті өте дарынды жас ғалымдарда жоқ дүниелерге ие. Бұл өмірлік тәжірибе. Өйткені пайымдауларда адал да ауқымды болу үшін көптеген сұрақтар бойынша ұзақ жылдар толғану қажет болады.

Оған қоса, жас ғалымдарға көптеген пайымдауларда үзілді-кесілділік, атаққа ұмтылыс, өзгерістерге ұшырағыштық және басқа да жастық шаққа тән кемістіктер тән.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков