Циклы Авторы Сортировка

44 дәріс. Отыз бесінші кіші белгі. Жалаңаш әйелдердің пайда болуы

3 933
30 ноября, 15
Қиямет күнінің белгілеріне әйелдердің Шариғат әдептерін орындауын қойып және өз мінез-құлықтарымен шектен шығып кетуі, соның ішінде, киіну мәнері де жатады.
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күнінің белгілерін атай отыра, былай дегенін жеткізеді: «Бір киім пайда болады, оны жалаңаш әйелдер киетін болады» (Маджму аз-Заваид).
 
Ал имам әл-Хаким келесі хадисті келтіреді: «Уақыттың соңына қарай бұл қауымда үлкен ер тоқымдарда жүріп мешітке келетін еркектер болады,  ал олардың әйелдері киінген, әрі жалаңаш болады».
 
СубханАлла, осылайша біздің уақытымыз көз алдыға келеді: еркектер биік «джиптер» мінген, ал  әйелдер болса тыртысып тұратын киімдер киген. Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кереметтерінің бірі, ол біздің заманымызды сондай айқын баяндаған. Бұл әйелдерге киім киген деп айтылады, өйткені ресми түрде олар киінген, бірақ сонда да олар жалаңаш, себебі олардың киінудегі мақсаты – бөтен еркектің көңілін аударып, оның қызығушылығын тудыру. Сондықтан да Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері сондай тыртысқан киімге қатысты, өкінішке орай, оны әйелдердің көпшілігі киеді, соның ішінде тіпті шаштарын жапқандар да.
 
Басқа риуаятта Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сондай әйелдерді сипаттаған: «Олардың бастарында түйенің өркешіне ұқсас бір нәрсе болады» (Ахмад).
 
Бұл да әйелдердің шаштарын көпшілікке көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ, неше түрлі шаш сәндерін жасап, сонысымен еркектердің көңілін аударып, қызығушылығын тудыратынын көрсетеді.

Сондай-ақ, бұған опа-далап та жатады (косметика), оны белсенді түрде мұсылман қыздар да пайдаланады, тіпті орамал тағатындары да.
 
Хиджаб — бұл тек қана шашты жауып қою емес, сондай-ақ, әйел жабылғанда ол өзінің сырт бейнесімен еркектердің көңілін өзіне аудару мүмкіндігінен айырылатындай және бүлік тудырмайтындай болу керек.
 
Өкінішке орай, әйелдер белсенді түрде фотосуреттерін салып отыратын әлеуметтік желілер (ал кейбіреулері өз еріктерімен  «ең сүйкімді ухтишка» байқауларына қатысады) діни ортаны ірітеді. 
 
Әйел үшін негіз – бұл жасырушылық екенін білу қажет, ал жасырушылықтың шегінен шыққандарының бәрінде, мысалы дүкенге шығу немесе туыстарына бару сияқты бір қажеттілік болуы керек.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков