Циклы Авторы Сортировка

45 дәріс. Отыз алтыншы кіші белгі. Мүміндердің аян беретін түстері

4 098
8 декабря, 15
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Уақыт таяғанда, мүміннің түсі сирек жалған болады. Кімде-кімнің сөздері рас болса, солардың түстері шын болады. Мүміннің аян беретін түсі – бұл пайғамбарлықтың қырық бес бөлігінің бірі» (Бухари, Мүслім).
 
Ибн Әбу Джамра былай айтқан: «Қиямет күніне таяғандағы түстердің шыншылдығы, түстердің аян беретіндігінде және оларды жору қажет еместігінде, сондықтан оларда жалғандық болмайтындығын білдіреді. Оған дейін түстерді жору керек болады, ал түс жорушы әлдебір түсті жоруда қателесіп, ал ақиқат оның жорығанынан басқа болуы мүмкін және осы мағынада түстер жалған болып шығады».
 
 
 
Ибн Хаджар «әл-Фатхта» да неліктен дәл Қиямет күніне таман мүміндердің түстері аян беретін болатындығы жөніндегі мүмкін болар түсініктердің бірін баяндайды: сол кезде мүміндер өте аз болады және аян беретін түстер олар үшін өзінше бір рухани демеу болады.
 
Сол кездің нендей кез екенін білдіретін бірнеше көзқарастар бар.
 
Бірінші көзқарас мынада болып табылады, бұл адамдардан білім алынатын және надандық кеңінен етек жаятын, ал бұл уақыттағы адамдар Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келгеніне дейін өмір сүрген адамдарға ұқсас болатын кезең. Және де олар  ақыл беру мен көмекке аса зәру болады, ал аян беретін түстер сондай көмектің бір түрі. Осы пікірді ибн Хаджар дұрысырақ көрген.
 
Екінші көзқарас мынада болып табылады,  бұл мүміндер өте аз болып, ал сенбеушілік пен надандық басым болатын уақыт. Және аян беретін түстер мүміндерге жәрдем мен демеу болады. Бұл пікір Ибн Әбу Джамраның пікіріне ұқсас.
 
Үшінші көзқарас мынада болып табылады,  бұл уақыт Ғиса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлық еткен кезеңге жатады, оның алғашқы және ақиқат ізбасарларының түстері аян беретін әрі шыншыл болатын.
 
Алғашқы екі пікір сенімдірек көрінеді. Алла жақсы біледі.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков