Циклы Авторы Сортировка

46 дәріс. Отыз жетінші кіші белгі. Сауаттылықтың таралуы

3 608
15 декабря, 15
Ибн Масудтан (оған Алла разы болсын) жеткен: «Қиямет күнінің белгілеріне […]  қаламұштың көрінуі [жатады]». (Ахмадтың «Муснады»)
 
Ахмад Шакир, рахимахуллах, Ахмадтың «Муснадына» ескертпесінде былай жазады, «қаламұштың көрінуі» депжазу мен сауаттылықтың жаппай таралуы кең мағынада айтылып отыр. (Ахмадтың «Муснадына» шарх (5/334))
 
Амр ибн Тагляб Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын имам ан-Насаи, рахимахуллах, мына хадисте жеткізген: «Қиямет күнінің белгілеріне саудагерлердің көптігі […], қаламұштың көрінуі [жатады]».
 
Ең дұрысы, бұл хадисте Ахмад Шакирдің – жазу мен сауаттылықтың таралуын көрсеткені меңзеліп тұр.
 
Біз айтып өткендей, Қиямет күнінің белгілері өздігінен келеңсіз болуы міндетті емес, Шариғатта жазғырылатын дүниелер болуы міндетті емес.  Сондықтан да сауаттылықтың таралуының Қиямет күнінің белгілеріне жатуы, сауаттылықтың жазғырылатындығын  білдірмейді.
 
Ислам білім мен білімділікті жоғары бағалайды, бірақ айта кету керек, осы заманғы батыс университет білім жүйесінде дінге қарсы негізі бар және кез-келген діни құндылықтарға қатты өшпенділікпен қарайды, әсіресе ислам құндылықтарына.
 
Бұл беталыс айрықша гуманитарлық білім саласында байқалады, ол біздің дінімізге өте кереғар.
 
Осылайша, Исламда білім үлкен құндылықта болса да, дағды бойынша  университетте бұндай білім алу ақталмайды. Әрине, бұндай білім рұқсат етілмеген деп айтып отырған жоқпыз, бірақ кез-келген оқудың идеологиялық аспектісін естен шығармау қажет, тіпті егер сөз жүзінде идеология теріске шығарылса да.
 
Көріп отырғанымыздай, жаппай білім алу адамның адамгершілігіне байланысты емес, сондықтан да азғындықтың себебі таяз білімділік пен таптық қанаушылықта деген маркстік идея өзінің дәрменсіздігін дәлелдеді.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков