Циклы Авторы Сортировка

47 дәріс. Отыз сегізінші кіші белгі. Сүннетке деген немқұрайлылық

3 470
17 декабря, 15
Абдуллах ибн Масуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын естігенін жеткізген: «Қиямет күнінің белгілеріне адам мешіттің қасынан өтіп бара жатып, бірақ онда екі рәкәт намаз  оқымайтындығы (жатады)» (Ибн Хузеймның «Сахихы»).
 
 
 
Басқа риуаятта әл-Баззардан келтіріледі: «Адам мешіттің қасынан өтіп бара жатса да, бірақ онда намаз оқымайтын болады».

Сондай-ақ, Әнас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: «Қиямет күнінің белгілеріне мешіттердің арлы-берлі өтетін аулалар сияқты болатындығы  [жатады]» (Әл-Хакимның «Мустадракы»).

Осылайша, Қиямет күнінің белгісі  –  бұл Ислам белгілерін төменсіту,  ал олардың маңыздысы мешіт болып табылады.

Алла Тағала былай айтқан:
 
ذَٰلِكَ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ‌ اللَّـهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ
 
«Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» (Қасиетті Құран, 22:32).
 
Сондықтан да  хадисте сипатталған мүмкін емес қылық, ал адам Алла Тағаланың мешіт сияқты белгілерін ұлықтауы қажет, ол жерде жамағат намазын және екі рәкәт сәлем намазын оқулары тиіс.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Егер сіздерден кімде-кім мешітке кірер болса, онда екі рәкәт оқымайынша отырмасын» (Муслим).
 
Намаз оқитын, Құран оқылатын, зікір мен салауат айтылатын орын болып табылатын мешіттер көптеген мұсылман елдерінде кәпірлердің туризм жасайтын жерлеріне айналуда, олардың өздерімен жауланып әрі жойылып, қираған мәдениетке отаршылдар сияқты қарап жүргендерін бақылау адам шошырлық. 
 
Мұсылмандардың жүректері Сүннетті ұмытқандары мен кейбір жерлерде надандықтың шарықтағаны сонша, адамдар Сүннетпен жауласып, оған қарсы шығуда. Мысалы, сақалды қырудың қалыпты жағдайға айналғаны сондай, егер сен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және ұлы имамдардың бұйырғандары бойынша сақалыңды өсіруге тырыссаң, онда саған қарапайым адамдар мен сенің туыстарыңнан бастап, мешіттегі имамдар мен жергілікті «дін басыларымен» аяқтап - бәрі жақтырмай қарайтын болады. Сүннет бір жаңа құбылыс болса, ал жаңа құбылыс – мұсылмандардың көзінше Сүннет болды. Алла Муста`ан.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков