Циклы Авторы Сортировка

48 дәріс. Отыз тоғызыншы кіші белгі. Айдың өсуінің жылдамдауы

3 738
21 декабря, 15
Абдуллах ибн Масуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізген: «Қиямет күнінің белгілеріне  Айдың өсуінің жылдамдауы [жатады]» (Ат-Табарани әл-Кабир).
 
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен: «Қиямет күнінің белгілеріне  Айдың өсуінің жылдамдауы [жатады], яғни бірінші күнгі Ай туралы ай күнтізбесінде бұл екінші күннің Айы деп айтылатын болады» (Ат-Табарани ас-Сагыр).
 
Ал Әнастан (оған Алла разы болсын) жеткен: «Қиямет күнінің белгілеріне   бірінші  күнгі Ай туралы ай күнтізбесінде бұл екінші күн деп айтатыны  [жатады]» (Ат-Табарани әл -Авсат).
 
Бұл хадистерді түсіну үшін, әрбір айдың басында Ай жіңішке әрі әрең көрінетіндігін, сосын өсе бастайтындығын, ал айдың екінші жартысында – кішірейетіндігін білу қажет. 
 
Бұл хадистер Қиямет күніне таман Айдың өсу барысы жылдамдайтындығын,  яғни айдың бірінші күні Ай әдеттегіден үлкен болып көрінетінін, бұл бірінші күннің емес, екінші күннің Айындай болатындығын көрсетеді.
 
Бұл мынаны білдіретін болады, ғаламшарлардың қозғалысы жылдамдайды, сол себепті Ай жылдам өсе бастайды немесе уақыттың жалпы жылдамдауын білдіреді, күндер тез өтіп, елеусіз біте беретін болады, Алла жақсы біледі,  бірақ  мәтіндерге түсініктеме беру негізі – мәтінді сөзбе-сөз түсінуде болып табылады.
 
Ал егер бұл мүмкін болмаса, онда аллегориялық түсініктеме беруге жүгінеді.  Бүкіл Әлемді Алла Тағала басқарады және бәрі Оған бағынады, сондықтан  ақыл-ой жағынан да, Шариғат тұрғысынан алып қарасақ та Айдың жылдам өсуінде тұрған мүмкін емес ештеме жоқ.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков