Циклы Авторы Сортировка

49 дәріс. Қырқыншы кіші белгі. Жалған сөздің көбеюі және хабарламаларға сенімнің жоқ болуы

3 122
25 декабря, 15
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен: «Уақыттың соңында менің қауымымнан не сіздер, не сіздердің әкелеріңіз естімеген нәрселерді айтатын адамдар болады. Олардан сақтаныңыздар (Муслим).
 
Ал басқа риуаятта былай айтылады: «Уақыттың соңында өтірікші тажалдар болады, олар не сіздер, не сіздердің әкелеріңіз естімеген хабарламалармен сіздерге келеді. Олардың сіздерді адастырмауынан және сіздерге бүлік салмауынан олардан сақтаныңыздар» (Муслим).
 
Ал имам Муслим Абдуллах ибн Масудтың (оған Алла разы болсын) сөздерін жеткізген: «Шындығында, сайтандар адамдардың кейпіне кіріп алуы мүмкін, сөйтіп оларға келіп, әртүрлі жалған хабарламаларды айтады, ал адамдар болса тарай бастап былай айтатын болады: «Мен түрін біліп, бірақ атын білмейтін адам маған былай айтқан…».
 
Зор өкінішке орай, қазіргі кезде адамдар хабарламаларды жеткізуде өте немқұрайлы. Олар тіпті Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне қатысты да өздерін осылай ұстайды,  дереккөзге сүйенуге және хадистің мәртебесін анықтауға қиналмай-ақ, ойдан шығарылған әрі жалған хадистерді айта береді.
 
Сондықтан да, әрқайсымыз келесі ережені қолға алуымыз қажет – оның дереккөзі мен мәртебесінің талдауынсыз ешбір хадисті келтірмеу.
 
Бұл бүтіндей хабарламаларға да қатысты. Өтіріктің таралып, адамдарға кәдімгі нәрсе болып кеткендігі сондай, бірнәрсеге немесе біреуге сенбек тұрмақ, өз көзіңмен көрген әлде саған жеткізген кісінің сөзіне 100% сенімді болсаң да сену өте қиын.
 
Көптеген бауырлар ұрсысып, көп достық дәнекерлер осындай  тексерілмеген хабарламалар мен хабарлардың арқасында үзіліп  жатыр. Бұл қасірет қазіргі кезде мұсылман қоғамына қатты қауіп төндіруде. Неліктен екені белгісіз, өтірік айтуды және хабарламаларды бұрмалауды, оған өзінен бір нәрселерді қосып қоюды, адамдар күнә не болмаса ұят нәрсе деп санаудан қалған. Расында, біздің күнімізде үндемеу –  бұл құтылу. Алла бізді сақтасын.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков