Циклы Авторы Сортировка

5 бөлім. Белгілі ұры. Алланың бар болуы. Қудаланған ит. Аллаға сиыныңыз. Тақуа адамдардың қасиеті. Басқа бұйырылған амал. Дұрыс жол мен адасудың арасындағы таңдау.

4 177
9 марта, 16
Белгілі ұры
 
Ұрлықтар қайда болады? Ұры қайда түседі? Бағалы нәрсе бар жерге.

Сіз әлдебір лашықты қарулы түрде тонапты дегенді естіп көріп пе едіңіз?.. Жоқ. Ондай үйлердің есік, терезелерін жаппай, шалқасынан ашық тастасаңыз да болады. Егер ол жерден қаужалап алар ештеме таппайтынын білетін адамның онда кіріп несі бар? Ұры тек алтын, күміс, көп ақша бар үй мен жерді ғана таңдайды. Дегенмен, ОАР-да тіпті есіктерді, терезелерді, жабынқышты да ұрлайды, сондықтан түгі жоқ бос үйлерді де қараусыз қалдыруға болмайды.

Өзінің ұрылық ерлігімен белгілі шайтан, мүміннің жүрегінен сенім байлығын ұрлап қояды. Ол шынайы байлықтың — Алла Тағалаға деген сүйіспеншіліктің соңына түседі.

Күншілдікте, кектенуде және ұрлық «дағдысында» Әзәзілге ешкім де тең келе алмайды. Мұсылман үшін ол — тонаушы, айлакер, алаяқ және бандит. Ол қолынан келгеннің бәрін де жасайды: арамдық торын құрады, зұлым жоспарлар құрастырады, жанға тисіп, оған шабуыл жасайды. Осының бәрі де — тек сенімнің құнсыз байлығын ұрлау үшін ғана. Оның миссиясы осындай.

Енді, егер бейшара адам мұндай ойларын соғыс және күресу арқылы реттегісі келсе, ол онысынан ештеме де шығара алмайды.
 
Алланың бар болуы
 
Исламды қабылдағанға дейін бір адам толықтай атеист болған екен. Исламды қабылдаған соң да оны Алла Тағаланың бар болуы жөнінде күмәнді ойлар қайтадан мазалай бастайды. Ойлар шайтаннан болған. Айтылып өткендей, бұл ойларға деген оның наразылығы мен жаман қарасының өзі-ақ сенімнің айқын белгілері еді. Өйткені, егер ол атеист болса, осы сияқты ойлардың пайда болғанына мүлде алаң болмас еді: атеистер, керісінше, осы ойлар мен нанымдарды насихаттайды.

Мен бұл кісіге осындай ойлар пайда бола қалған кезде, мынаны айту керек дедім: «А́манту билля́хи уа русулихь». Сондай-ақ, былай да айту қажет: «А́манту билля́хи кяма́ хува би-асма́ихи́ уа сыфа́тихи́ уа кобильту джами́’а ахкя́михь…», «А́манту билля́хи уа маля́икятихи́ уа кутубихи́ уа русулихи́ уаль-яумиль-а́хыри уаль- кодри хойрихи́ уа щаррихи́ миналла́хи та’а́ля́ уальба’си ба’даль-маут», – бұл сөздердің мағынасын түсініп айту. Ал, тағы да: «Ля́ хауля уа ля́ куввата илля́ билля́х».

Содан кейін шайтанға, тіпті оны көрмесе де, оған былай айту: «Алла Тағаланың бар болуының дәлелі — менің өзімде. Егер Алла Тағала болмаса, онда мен жаратылмас едім. Менің көздерім мен құлақтарым және т.б. болмас еді». Мұның бәрі қараңғы анамның құрсағында жаралған. Немесе оған былай айту: «Мен өзімнің ақылымды да көрмеймін, алайда оған ие екеніме сенемін».

Әрбір адамның саусақ таңбаларының бірегейлік фактісінің өзі  Раббының, Жаратушының бар екендігін анық көрсетеді. Айналадағының бәрі біздің Жаратушымызды, Алла Тағаламызды көрсетеді.  Оның бар болуының дәлелдерінде кемшіліктер жоқ. Дегенмен, бұл бөлек тақырып. 
 
Қудаланған ит
 
«Мишкат» жинағына жазылған «Миркат» түсініктемесінде молда Әли Кари (оған Алланың рақымы болсын) Әзәзілді иесі қуып шығып, есіктің сыртында қалтырған итпен теңестірген.

Менің ұстазым, шейх Хаким Мұхаммед Ахтар бір сөзінде салтанатты үйлердің иелері үлкен шетелдік иттерді ұстайды деп айтқан. Бұл иттердің оларға не қажеті бар? Өтіп бара жатқан адамдарға үріп, осылайша оларды үйге жақындатпау. Егер адам үйге кіргісі келіп, итпен ырылдасып қалса не болмақ? Иттің қауіпті, ырылдап үргеніне адам онымен шайқасқа түсетінін көрсетеді. Ит те, адам да үреді... Кейбір иттердің үргендері арыстанның ақырғанына ұқсайды.  Бұл үру байқауына қатысып қалған адамның үйге кіруі мүшкіл болып қалады.

Ал бар-жоғы оған — тек есіктің қоңырауын басу керек болатын. Иттің иесі шығып, өз итінің құйрығын қысып, ары кетуіне қажет сөздерді табушы еді.  Келушіге тек осыны ғана жасау керек емес пе еді? Тек қана иттің иесін шақыру.  
 
Аллаға сиыныңыз
 
Сондықтан Әзәзіл бір нәрсені күбірлей үріп тұрғанда, онымен таласпаңыз. Оған жауап ретінде үрмеңіз. Ібілістің білімі мол. Ол шариғаттың бәрін біледі.

Сол сәтте былай айтыңыз: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир- раджи́м». Алла Тағаладан осы бас тартылған ит - Әзәзілден қорғауды сұраңыз.

Алла Тағала бізге Ібіліске қарсы шығып, онымен күрес деп бұйырмаған.  Ол Әзәзілді ұруларың, тебулерің және атуларың қажет демеген. Алла Тағала бізге тікелей Оған, Аллаға сиыныңдар деген.  Қасиетті Құранда былай айтылған:
 
«Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық Естуші, өте Білуші» (7:200).
 
Ібіліс – Алла Тағаланың иті, ол мүміннің (жалпы бүкіл адамзаттың) Алла Тағалаға жақындауын қаламайды. Егер адам Алла Тағаламен байланысын орнатып, Алла Тағалаға бойсұну тәттілігіне рахаттанатын болса, ол ешқашан кемістіктерге бармайтынын Әзәзіл біледі.

Ал егер Ібіліс біздің Алла Тағаланың Мейіріміне бөленіп, Оның мәңгілік разылығының нығметтеріне рахаттанғанымызды қаламаса, онда әрине, Ібіліс бізге үретін болады. 

Бас тартылған итпен төбелесу үшін уақыт пен күшіңізді сарп етпеңіз. Алла Тағалаға сиыныңыз — Ол сіздерді қорғайды. 
 
Тақуа адамдардың қасиеті
 
Алла Тағала былай айтқан:
 
«Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді» (7:201).
 
Тақуаларға Ібілістен кесірлі айдап салулар болғанда, олардың бойкүйездікке берілуі уақытша  сипатта болады.  Олар Ібілістің ықпалын тез түсініп, бірден Алла Тағаланы еске алады. Мұндай айдап салулардың болмысын көре тұрып, олар жақсыны жаманнан ажыратуға қабілетті.
 
Басқа бұйырылған амал
 
«Мишкат» жинағында Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын), былай айтқаны келтірілген, егер адамға Шайтанның күбірлеуі («уасауис») келер болса, онда ол мынаны айтуы керек: «Ам́анту билля́хи уа русулихь» («Аллаға және Оның елшілеріне сенемін»).

Егер адам осы сөздерді айтса, Алла Тағала оны қорғайды. Бұл, сондай-ақ, адамның санасына кіріп, оны әлдебір күнә жасауға итермелейтін зиянды ойларға да қатысты. Шайтан былай сыбырлайды (ал адамның нәпсісі оған белсенді түрде кіріседі): «Анау әдемі қызға қарашы», «Жүр киноға кеттік», «Кәне, теледидардан бір арсыз фильм көрейік», «Мына арсыз романды оқып шығайық», «Мұны ұрлап алатын мүмкіндігіңді жіберме», «Ойынханаға барып бой жазайық», «Кокаинмен (героинмен, ішімдікпен) рахаттанайық…)» және т.б.

Сол сәтте Алла Тағалаға деген сенім, наныммен көп рет «А́манту билля́хи уа русулихь» деп айтыңыз да басқа рұқсат етілген нәрсемен айналысыңыз. 
 
Дұрыс жол мен адасудың арасындағы таңдау
 
Қасиетті Құранның көркем оқылуына келер болсақ, бұл жерде де Алла Тағаланың былай айтқанын көреміз:
 
«Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан аллаға сиын» (16:98)
 
Сондықтан Құранды көркемдеп оқыр алдында мынаны айтыңыз: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир-раджи́м», Ібілістен Аллаға сиыныңыз. Неге? - деген сұрақ пайда болуы мүмкін.

Бұл қасиетті Құранның — дұрыс жолға салу құралы екендігімен байланысты. Ол адамзатты дұрыс жолмен жүргізу үшін түсірілген, ал Ібіліс болса мұны біздің ешқайсымызға да тілемейді.

Сондықтан да қасиетті Құранды оқу барысында, ол біздің санамызға сондай  ойларды кіргізуге тырысатындығы соншалықты, сол ойлар бізді тіпті адастырып жіберуі де мүмкін. 

Дүниеде қасиетті Құранды оқып, бірақ сонда да теріс жолмен жүретін адамдар өте көп. Бұл олардың теріс ұғымдарымен байланысты. Олар өздерінің кемістіктерін ақтайтын аяттарды табу үшін қасиетті Құранды ашады.

Нәтижесінде, сол немесе басқа аятты тауып, олар оған бұрыс түсіндірме береді де болу керектен мүлде өзгеше әрекет етеді.

Егер адам Алла Тағалаға бойсұнудан бас тартып, оның бұйырғандарына тәкаппарлықпен және мазақ ете қарайтын болса, сонымен қатар, нәпсісіне өзін адасу жолына түсіруге мүмкіндік берсе, онысымен ол тек қорлану мен  масқараға ғана ұшырайды.  Адам өзіне осындай халді таңдағанда ғана, дұрыс жолдан шатасатынын түсіну қажет. Сонда Алла Тағаланың бір қасиеті - Музилль (Шатастырушы) – оған жұмылдырылған болады.

Егер адам дұрыс жолмен жүргісі келсе, онда Алла Тағала оны дұрыс жолға салады. Егер адам оған тырысып, айтарлықтай ыждаһат білдірсе, ол Алланың — Хади (дұрыс жолды Көрсетуші) деген басқа қасиетін сезінеді.  Алла Тағала бұл туралы қасиетті Құранда былай айтқан:
 
«Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады» (2:26).

Кімде-кім Жаратушының жөн сілтеуін іздесе, қасиетті Құранның оған толы екенін көреді. Ал  кімде-кім өзінің нәпсісімен және Ібіліспен аздырылған болса, күнәлар мен адасуға батады.   Сондықтан да қасиетті Құранды көркемдеп оқырда, біз Алла Тағалаға сиынуымыз керек.  Бұл кітап біздің жоғары қажеттілігіміз — дұрыс жолға түсуімізді қанағаттандыратын құрал болады. Сонда Алла Тағала бізге осы жолмен жүруге дем береді. 
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков