Циклы Авторы Сортировка

5 бөлім. Хадишаға үйлену және Қағбаны қайта тұрғызу

3 531
22 января, 16
Намыс одағы
 
Құрайыштар «бұзғыншылық соғысынан» оралған соң «намыс одағын» құрмақ болып келіседі. Келісім құрайыштардың басшыларының бірі Абдулла ибн Жудан ат-Теймнің үйінде жасалады. Бұл одақ Хашім әулеті, әл-Мүтәліп әулеті, Асад ибн Абдул-Узза әулеті, Зуһре ибн Кылап әулеті және Тайм ибн Мурра әулеті арасында жасалды. Олар Мекке аумағында зәбір көруші кез-келген меккелікке немесе шеттен келгендерге, олардан тартып алынғандарын қайтарып беруге көмектесуді өздеріне міндет етіп алды.
 
Одақты құруда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әкесінің бауырларымен бірге қатысады.  Кейін Алла Тағала оған елшілікті сыйлағанда, ол былай айтқан: «Өз ағаларыммен бірге Абдулла ибн Жуданның үйінде осындай одақтың құрылуына қатыстым, оны тіпті қызыл түйелерге де[1] айырбастамас едім. Егерде Исламда мені осындайға (одаққа) шақырса, мен міндетті түрде келісемін»[2].
 
Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мінездерді жақсарту үшін келген болатын, ал бұл одақ осыған жағдай жасаған. Оның көптеген қағидалары кейінтінде Исламмен бекітілген болатын. Бұған оның, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздері дәлел: «Мен адамгершілікті кемелдендіру үшін жіберілдім»[3].
 
Көпшілік осы одаққа қосылған және көбіне осы арқылы көмектескен.
 
Шамға екінші сапар
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жиырма беске толғанда, ол екінші рет Шамға сапар жасайды. Саудамен араласатын, өзі бай, өзі мәртебелі әйелдерден болған Хадиша Хууайлид қызы, еркектерді өзінің ақшасына жалдап сауда жасатып, олар болса сол саудадан түскен пайданың үлесін төлеп отыратын. Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, теңдесі жоқ адалдығы мен шыншылдығының арқасында оны әл-Амин (сенімге лайық) деп атап кеткендігін естіген Хадиша, Шамға барып оның тауарларын сатуды ұсынады. Басқаларға қарағанда оған ақшасын да көбірек төледі. Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның құлы Майсарамен бірге аттанады да, сауда-саттық жасап, әрі керек-жарақтарын алып, зор пайдамен оралады.  Осы сапар кезінде Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, берекелігі толығымен көрінді, сонысымен Хадишаның құлы Майсараның жүрегінде оған деген сүйіспеншілік оянады[4].
 
Хадишаға үйленуі
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеге зор пайдамен оралғанда, Хадиша өзін тұрмысқа алу ұсынысымен оған өкіл жібереді. Сол кезде оның жасы қырыққа жақын болатын және ол ең айтулы әрі бай құрайыш-әйелдерінің бірі еді. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әкесінің ағаларымен бірге оның ағасы Амр ибн Асадқа барады әрі өзінің ағасы Әбу Тәліп арқылы оған құда түседі.  Амр оны Мұхаммедке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  тұрмысқа береді.
 
Әбу Тәліп үйлену тойда келесі өсиетті айтады:
 
«Ма'ад пен Мудар руларынан шыққан Ибраһим мен Исмаилдың тұқымдарынан еткен, Өз Үйінің (Қағбаның) қорғаушылары және Оның Харамының басқарушылары еткен, сондай-ақ, бізге қажылық жасайтын Үй мен қауіпсіз Харамды берген Аллаға Мадақ. Және де Ол бізді адамдардың үстінен қарайтын төреші етті.
 
Расында, біздің немере ініміз Мұхаммед, Абдулла ұлына ол бай болмаса да, оның тектілігіне, атақтылығына және мәрттігіне ешкім тең келе алмайды. Өйткені байлық көлеңке сияқты тиянақсыз, ол бар болады әрі жоғалады. Ол бізге уақытша ғана беріледі, біз оны өзімізбен қабірге алып кетпейміз.
 
Расында, Алла атымен ант етемін, оны керемет болашақ пен қиын тағдыр күтуде. Ол сіздің мәртебелі қызыңыз Хадишаға құдаласты, оған тиісті махрын[5] берді, осымен неке қиылды».
 
Осыған дейін Хадиша қайтыс болған Әбу Халеймен тұрмыста болған еді, одан ұлы, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өгей ұлы Халя қалған болатын.
 
Қағбаның қайта салынуы
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отыз беске келгенде, су тасып Қағбаны бүлдірген еді, оның қабырғалары оғынға дейін өрттен бүлініп тұрған болатын. Құрайыштар оны қайтадан салып, төбесін шатырламақ болып шешеді. Оғынға дейін ол адам бойынан да биік, үлкен тастардан қаланған болатын.  
 
Тайпалар жиналып, бірақ Қағбаны бұзуға жүрексінеді. Сонда әл-Уалид ибн әл-Муғира былай айтады: «Сендер оны пайда жасау үшін әлде зиян келтіру үшін бұзасыңдар ма?» Адамдар: «Пайда жасау үшін» - деп жауап береді. Сонда ол айтады: «Расында,  Алла пайда келтіретіндерді өлімге душар етпейді» деп, өзі де Қағбаны құлатуға кіріседі. Басқалары оған ереді. Осылайша олар қабырғаларын Исмаил пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын[6], қаланған іргетасына жеткенге дейін құлатады. Сол жерден олар, әдетте құрылысшылар ата-бабаларының данышпандығын келер ұрпақтың есіне салу үшін жиі ойып жазып кететін өсиеттерді көреді.
 
Сосын құрылыс басталады. Ол үшін тек адал жолмен табылған ақшаларды қолданбақ болып шешеді, ал зинақорлық пен өсімқорлықтан түскен қаражат алынбайды.   Құрайыштардың ең мәртебелілері иықтарына тастарды салып тасыған, олардың арасында  — Аббас пен Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, болған. Құрылысты Бакум есімді византиялық ағаш шебері басқарған. Қағбаның әрбір бұрышын шығару үшін, әдейі ең беделді деген адамдар таңдалған болатын.
 
Алайда бір кезде адал ақшалары таусылып қалады да, құрылысшылар Қағбаның Исмаилдың кезінде болған шекараларын көтере алмай қалады да, Исмаилдың Хиджры Қағбаның сыртында қалып қояды. Қағбаның бір бөлігі екенін көрсететін аласа қабырға ғана көтеріледі. Нәтижесінде ол он сегіз шынтақтай[7] болып шығады да, алдында болған тоғыз шынтақтан үлкен болады.  Есігі жерден биіктетіледі де енді оған баспалдақпен көтерілу керек болады.
 
Қара тасты орнату кезі келгенде, басшылар бұндай ізетті кімге тапсырарларын білмей айтысып қалады. Олардың ұзақ айтысқандары сондай, істің арты шайқас болып кетердей көрінеді. Жауласу төрт тәулікке созылады. Құрайыштардың ішіндегі ең үлкені Әбу Умайя ибн әл-Мугира әл-Махзуми, Халид ибн әл-Валидтің ағасы болады. Ол былай айтады: «Адамдар! Ұрсыспаңдар. Кімге сенсеңдер, сол сендерге төрелік айтсын». Олар сонда: «Кім бірінші осы жерге кірсе, сол бізге төрелік айтсын» -деп жауап береді. Сол кезде ол жерге ең бірінші кірген Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, болып шығады. Бәрі қуанып кетеді, өйткені ол өзінің адалдығымен, шыншылдығымен танымал еді, олар былай айтады: «Бұл әл-Амин, біз оның шешіміне разы боламыз, бұл Мұхаммед». Не болғанын оған түсіндіріп бергенде, ол жамылғысын жерге жайып, былай айтады: «Әрбір тайпа киімнің шетінен ұстасын». Сосын ол жамылғыға тасты салып, көтеруге бұйырады. Сөйтіп олар тасты қоятын жеріне апарады, ол тасты алып, өзі орнатады.  Осылайша бұл қиындық шешіледі, бұндайлар жиі арабтарды соғысқа әкелетін, егер тек Алла Тағала Өзінің мейірімділігімен оларға жол көрсете алатын  Әбу Умай сияқты ақылды адамды және Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сияқты оның төрелігіне бәрі разы болатын данышпанды жібермейінше. 
 
Бірақ бұл бәсекелестік түсінікті еді, өйткені Қағба арабтардың қыбласы мен қажылық ететін жер еді. Оған байланыстының бәрі мәртебе және құрмет болатын.  Кағба — Жердегі бірінші ғибадатхана, Қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінде айтылғандай:
 
إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِّلْعَالَمِينَ
فِيهِ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ مَّقَامُ إِبْرَاهِيمَوَمَن دَخَلَهُ كَانَ آمِنًا 
 
Мағынасы: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол. Онда ашық белгілер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады» (3:96-97).
 
Исмаилдың, оған Алланың сәлемі болсын, ұлынан кейін Қағбаны басқару  Джурхум тайпасына көшеді, ал олар адамдарға жәбір көрсете бастағанда, Хуза'а тайпасы оларды Меккеден қуып жібереді. Біршама уақыт хуза'иттер Меккені басқарды, ал сосын Құсай ибн Кылаптың кезінде билік құрайыштарға көшеді.   Басқа тайпалар олардан қорқатын, сондықтан да бұл жер қауіпсіз болады. Мекке қамал, дұшпандардың зұлымдықтарынан тығылатын баспана болды.   Алла Тағала бұл жерді қауіпсіздендірген және ол туралы Өзі Құранның  «Анкәбут» сүресінде айтқан:
 
أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا جَعَلْنَا حَرَمًا آمِنًا وَيُتَخَطَّفُ النَّاسُ مِنْ حَوْلِهِمْ
 
Мағынасы: «(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұрғанда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді ме?» (29:67).
 
[1] Яғни бұл дүниедегі ең бағалы да қымбат дүние.
 
[2] Ибн Касир  «әл-Бидайя уа ан-нихайяда» (2 т, 291 б.), Ибн Хиббан (10 т, 216 б.)  жәнеХакім (2 т, 239 б.) келтірген.
 
[3] Имам Мәлік  «әл-Муватта» келтірген (2633).
 
[4] Ибн Хишам бұл оқиғаны былай жеткізеді: «Алла Елшісі монахтардың бірінің хужрасының қасындағы талдың көлеңкесіне тоқтайды. Монах Майсараға мұқият қарап алып, одан былай сұрайды: «Мына талдың көлеңкесіне тоқтаған анау адам кім?» Майсара оған былай жауап береді: «Бұл Құрайыш тайпасының адамы, Меккенің тұрғыны». Монах оған айтады: «Бұл талдың астына Пайғамбардан басқа ешқашан ешкім тоқтамаған». Сосын Алла Елшісі алып келген тауарын сатып, қалаған  дүниелерін алады. Содан кейін Майсарамен бірге керуенге ілесіп Меккеге жол тартады. Сендіріп айтқандай, талтүстегі аптап ыстықта, әсіресе ыстық күшейе түскенде, түйенің үстінде келе жатқан Мұхаммедті күннен көлегейлеген екі періштені көреді Майсара. Мұхаммед Меккеге келіп, Хадишаға тауарын береді, ол онымен әкелінген тауарды сатады. Тауардың сомасы дерліктей екі есеге өседі».
 
[5] Оның махры жиырма жас түйе болатын (Ибн Хишам).
 
[6] Ибн Хишамның нұсқасы бойынша, Ибраһим пайғамбармен, оған Алланың сәлемі болсын.
 
[7] Шамамен 9 м. «Қайта салыну біткенде Қағбаның іргетасы шаршы пішінді болып шықты, ал қабырғалары он бес метрлік биіктікке көтерілді. Матаф деңгейінен (тауаф деңгейінен) бір жарым метр биіктіктегі Қара тас орнатылған қабырға мен қарама-қарсы жақтағы қабырғаның ұзындығы он метрге тең келеді Қағбаның есігі тұрған қабырға мен оған қарама-қарсы қабырғаның ұзындығы он екі метрге тең, есіктің өзі жерден екі метр биікте орналасқан. Ғибадатхана ғимаратының сыртында шығыңқы жер бар, оның биіктігі шамамен 0,25 метр, ал ені – 0,30 метр, ол аш-Шазурван деп аталады. Бастапқыда бұл шығыңқы жер ғимараттың бір бөлігі болатын, алайда құрайыштар оны сыртында қалдырған» (Мубаракфури).
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков