Циклы Авторы Сортировка

5 бөлім. Періштелер мен жындарға иман. Әулиелерге (Алланың достарына) қатысты ақида

4 283
15 марта, 16
Періштелер мен жындарға иман
 
 
 
Алла Тағала белгілі бір жаратылыстарды нұрдан жаратып, оларды біздің жанарымыздан жасырды. Ол жаратылыстар періштелер деп аталады. Оларға көптеген жұмыс жүктелген. Олар ешқашан Жаратушы Иеміздің әмірлеріне қайшы келетін ештеңе жасамайды. Олар өздеріне артылған міндеттерді (жұмысты) әлі де орындауда. Олардың арасында белгілі төрт періште бар:
 
- Жебірейіл (оған Алланың сәлемі болсын);

- Микаил (оған Алланың сәлемі болсын);

- Исрафил (оған Алланың сәлемі болсын);

- Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын).
 
Сонымен қатар, Алла Тағала белгілі бір мақұлықтарды оттан жаратты. Біз оларды да көре алмаймыз. Олар жын деп аталады: жақсы жындар және жаман жындар. Олар ұрпақ береді. Олардың ішіндегі ең белгілісі – лағынет атқан Ібліс немесе Шайтан.
 
Әулиелерге (Алланың достарына) қатысты ақида
 
1. Егер қандай да бір мұсылман Аллаға әрдайым құлшылық жасап, күнәлардан бойын аулақ салып, бұл дүниені жүрегіне кіргізбесе және барлық жағынан Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ілессе, ол Алланың досына және Оның сүйікті құлына айналады. Ондай адам уәли деп аталады. Кейде уәли басқа адамдар қайталай алмайтын іс-әрекеттерді жасауы мүмкін. Ондай іс-әрекет керемет (ғажайып, игілікті және тамаша іс) деп аталады.

2. Уәлидің дәрежесі қандай болса да, ол ешқашан пайғамбарға тең болмайды (оның дәрежесіне жетпейді).

3. Алла уәлиді қаншалықты жақсы көрсе де, адамның ақыл-есі дұрыс тұрғанда оған Шариғат заңдарына еру, намаз оқу, ораза ұстау және өзге де парыз етілген құлшылық түрлерін жасау міндет болады. Уәли болған адамға күнә жасау рұқсат етілмейді.

4.Іс-әрекеттері Шариғатқа қайшы келетін адам уәли бола алмайды. Ал, егер ол әлдебір керемет жасаса, ол не сиқыр, не ол оны өзінің жанының (нәпсісінің) ықпалымен яки шайтанның көмегімен жасайды. Ондай нәрселерге сенудің қажеті жоқ.

5. Кейде уәлиге түсінде немесе ояу кезде қандай да бір нәрселер білдіріледі. Бұл «кәшф» немесе «илхам» («ашу» немесе «білдіру») сөзімен аталады. Егер ол нәрселер Шариғатқа сай болса, қабылданады. Сай болмаса, оларды қабыл алмау қажет.

6. Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дінге қатысты нәрселердің бәрін күллі әлемге Құран мен хадистерде ашып берді. Дінге жаңа нәрсе енгізуге рұқсат етілмейді. Ондай жаңалықтар «бидға» («жаңалық») деген атпен белгілі. Жаңалық енгізу – үлкен күнә.
АВТОР ЦИКЛА
Бешти зевар (Жәннат өрнектері)
Ашраф Әли Сануи
Автор:
АШРАФ ӘЛИ САНУИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков