Циклы Авторы Сортировка

5 дәріс. 14-15 нақыл сөздер

2 340
7 октября, 15
14. Бай`ат- сүннетке сай ант.
 
Ант (бай`ат) — адам діннің жарлықтары мен тыйылымдарын бұлжытпай ұстануға уәде беретін сүннет тәжірибесінен.  Бұл ант түрін Алланың Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары берген, сондықтан да бұл сүннет тәжірибесінен болып табылады.  
 
15. Шейх тәлімгерлігінсіз мінсіздікке жету мүмкін емес.
 
Сулюк жолында рухани басшылық қажет және де адамдардың көпшілігі рухани тәлімгердің көмегінсіз әрі қолдауынсыз бола алмайды.
 
Демек, бұл жолдың мақсаты мен міндеті – өз-өзін және өзінің кемшіліктерін жеңу, ал көпшілік бұны өздігінен жасай алмайды.  Адамның нәпсісі өзінің  опасыз ниеттерімен, тілектерімен белгілі, әсіресе, біздің қазіргі кезде, мінсіз емес қоғамда ер-жетіп өскенімізде.
 
Сондықтан да біздің нәпсіміз игілікке, тазаруға тырыса алмайды, демек адамдағы рухани настық, оған  хош иісті болып көрінеді, өйткені рухани өзгеріс дағдылы нәрселерді қабылдауды бұрмалайды.

Оған қарапайым мысал – бұл ғайбат (жала). Біздің нәпсіміз біреуді артынан сөз қылуды, кінәраттауды және сынауды сондай хош көреді.
 
Бұл үлкен күнәға тіпті тәжірибеленіп жүрген мұсылмандардың да дағдыланып кеткені сондай, оны көптен ешкім байқамайды.  

Сондай-ақ, адамда сансыз ішкі кемістіктер де бар, оны адам тіпті де көре алмайды, сондықтан да оған өзі тазару жолынан өткен, саликке бұл жолмен қалай жүру керектігін айтып бере алатын рухани тәлімгердің көмегі әрі қолдауы қажет. 

16. Адам мінсіздікке жеткен адаммен рухани жақындықта болу арқылы ғанаөзінің рухани мінсіздігіне жете алады.
 
Арабтар айтқандай: «Ештемесі жоқ біреу, саған ешнәрсе де ұсына алмайды».

Әрине, бұл - рухани тәлімгерді қалай табу керек? - деген басты сұраққа жеткізеді.

Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде, тақуалардың имамы Абу Бәкір ас-Сыддықпен екіжүзділердің басшысы Абдуллах ибн Убей ибн Салюль Мединеде бір қатарда тұрып құлшылық қылатын.

«Рисаля аль-Кушайрия» мен  «Ихья Улум ад-Дин» кітаптарында келтірілген шынайы тәлімгердің шарттары, құқықтанушыларға ұсынылған (факихтарға) шарттарға ұқсас, оларды біз имам әл-Ғазалидің  «әл-Мустасфасынан» табамыз (усуль әл-фикх кітабы), яғни біздің заманымыздың адамдары ешқашан оларға сай келе алмайды. Бұл шарттар көбіне сол кез уақыттарымен анықталған.

Кейініректегі кітаптарда келтірілген шартқа сәйкес, шейхтың иджазасы (рұқсаты) және Алланың Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үзілмейтін тізбекпен байланысы болуы қажет.

Бірақ қазіргі кездегі шынайылықта  бұл шарт сондай көмектеспейді, себебі біздің уақытымызда бұл иджазалардан арзан ештеме де жоқ. Көзбояушылар да кездеседі, 10 иджаза деп саған 10 тарикатты көрсетеді және олардың бәрі де үзілмейтін болады.

Бүгінгі мұсылман әлемінде тасаууф терең құлдырауды бастан өткеріп жатқанын есте сақтау керек. Иджаза мен сильсиля (Пайғамбарға дейінгі тізбек), өкінішке орай, мұсылман әлемінің көп жерлерінде, әсіресе, араб елдерінде, бір әдетке айналғандай, айталық, әкесі «иджазаны» мұра қылып ұлына береді, алайда бұл адамның рухани жетілгендігінің көрінісі емес.

Егер сен шейх болсаң, онда сенің ұлың да шейх болады.

Қағаздың өзі адамды шейх жасай алмайды ғой, бұл тек куәлік қана, ал егер ол шындыққа сай келмесе, онда оның құны да болмайды.

Сондықтан да біздің күндерімізде шынайы шейхты жалған шейхтан айыратын ешқандай жан-жақты кеңес жоқ.

Жалғыз нұсқа бар – бұл өзіңіз сенетін шариғат білімі бар адамды тауып, одан кеңес сұрау. 

Және үнемі Алладан көмек сұрап әрі Оның разылығын тілеу.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков