Циклы Авторы Сортировка

5 дәріс. Бірінші үлкен белгі. Имам әл-Махди: Имам әл-Махди туралы хадистер, 1 бөлім

5 678
4 апреля, 16
Бұл тарауда біз имам әл-Махдидің келуіне иман келтірудіңсүннетте негізі бар екендігін дәлелдейтін, танымал сүннеттік жинақтардағы бірнеше хадистерді келтіреміз. Бұл дегеніміз, оның келуі туралы хадистердің тауаттур дәрежесіне жеткенін көрсетеді.  Және де имам әл-Махдидің келуін жоққа шығарғандардың сындарына жауап береміз.
 
 
Бірінші хадис
 
Әбу Саид әл-Худри, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Менің үмбетімнің өмірінің соңына қарай әл-Махди пайда болады. Алла Тағала жаңбырмен сусындатады, ал жер мол өнім береді, өте көп ақша мен көп жануарлар болады. Менің үмбетім айбынды болады. Ол жеті немесе сегіз қажылық уақытындай өмір сүреді»[1].
 
Екінші хадис
 
Әбу Саид әл-Худри, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Мен сендерді әл-Махди туралы хабармен қуандырамын, ол адамдар арасында бүлік пен алауыздық болғанда жіберіледі және ол оғанға дейін зұлымдық пен езушілікке батқан әлемді әділдік пен игілікке толтырады. Жер мен көкті мекендеушілер оған разы болады»[2].
 
Үшінші хадис
 
Әли, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Әл-Махди – бізден, әһлү бейттен. Алла оған шынайы жолды бір түнде көрсетеді»[3].
 
Алдында ондай болмағанымен (ол ондай болмаған),Ибн Касир көрсеткендей, Алла Тағала оны дайындап, шынайы жолды көрсетеді[4].
 
Бұл хадис «Махди нақшыбанди тариқатыныңсоңғы шейхы болады» деген бірнеше тасаууф шейхтерінің пікірлеріне қайшы келеді, өйткені бұл хадисте оның шынайы жолға түсуі шейхтер мен ұстаздардың тәлімгерлігімен емес, Алла Тағаламен бір түнде аяқталады деп көрсетілген. Алла жақсы біледі.
 
Төртінші хадис
 
Әбу Саид әл-Худри, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің,  оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  былай айтқанын келтірген: «Әл-Махди – менің ұрпақтарымнан. Оның маңдайы кең, ал мұрны кішкене дөңесі бар түзү әрі жіңішке болады. Және де ол оғанға дейін зұлымдық пен әділетсіздікке батқан әлемді әділдік пен адалдыққа толтырады»[5].
 
[1] Әл Хакимнің «Әл-Мустадракы».
 
[2] Ахмадтың «Муснады». 
 
[3] Ахмадтың «Муснад».
 
[4] Ан-Нихая, 1/29.
 
[5] Әбу Дәуіттің «Сунаны».

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің Үлкен белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков