Циклы Авторы Сортировка

5 дәріс. Есеп күнінің түрлері

4 789
2 февраля, 15
Қияметтің белгілері (Әшрату әс-саъа) – бұл қиямет қайымның ақиқат әрі жақын қалғанын көрсететін белгілер мен оқиғалар.
 
Кіші Қиямет қайым (әс- Саъа әс-Суғра) – бұл адамның өлімі, сондықтан да кімде кімге өлім жетер болса, ол-Қияметтің басталғаны, себебі ол адам Қияметтің күніне еніп кетеді.
 
Ортаңғы Қиямет (әс- Саъа әл- Уста) – бұл бір ұрпақтың өмірден өтуі. Бұған Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадис дәлел бола алады: «Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арабтар келіп Қиямет жайлы сұрайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың ішіндегі ең жасына қарап былай деді: «Егер бұл адамның өмірінің соңына дейін кәрілік келіп жетпесе, Қиямет басталады» (Бұхари, Муслим). Бұл жерде жаңағы адамдардың барлығы өмірден өткеннен соң деген сөз айтылып тұр.
 
Әдетте біздің өмірімізде де егде жастағы адамдар бірінен соң бірі өмірден озып жатады емес пе?
 
Үлкен Қиямет (әс- Саъа әл- Кубра) – бұл адамдардың қабірлерінен есеп берулері үшін қайта тірілулері. Құранда ешқандай толықтырусыз Қиямет жайлы айтылған кезде, ол жерде нақты осы күн айтылып тұрғаны.
 
Алла Тағала былай дейді:
 
يَسْأَلُكَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ

Мағынасы: «Адамдар сенен қиямет мерзімінен сұрайды» (Ахзап сүресі, 63 аят).
 
Бұл жерде Қайта тірілу жайлы айтылып тұр.
 
Алайда, кей кезде Құранда үлкен және кіші Қиямет бір сүреде айтылады:
 
ذَا وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ ﴿١﴾ لَيْسَ لِوَقْعَتِهَا كَاذِبَةٌ ﴿٢﴾ خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ ﴿٣﴾ إِذَا رُجَّتِ الْأَرْضُ رَجًّا ﴿٤﴾ وَبُسَّتِ الْجِبَالُ بَسًّا ﴿٥﴾ فَكَانَتْ هَبَاءً مُّنبَثًّا ﴿٦﴾ وَكُنتُمْ أَزْوَاجًا ثَلَاثَةً

Мағынасы: «Қиямет уақиғасы болған кезде, Оның болуын өтірік деуші болмас. (Ол) төмендетеді, жоғарлатады. Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі. Таулар мүлде үгітіледі. Ұшқан тозаңдай болады. Сол уақытта сендер үш топқа бөлінесіңдер» (Уақиға сүресі, 1-7 аят)
 
Бұл сүренің басында Алла Тағала үлкен Қиямет жайлы айтады да, кейін тура осы сүреде кіші Қиямет, яғни өлім айтылады:
 
فَلَوْلَا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ ﴿٨٣﴾ وَأَنتُمْ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ ﴿٨٤﴾ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنكُمْ وَلَـٰكِن لَّا تُبْصِرُونَ

Мағынасы: «Ал жан жүтқыншаққа келген кезде; (83) Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар. Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер» (Уақиға сүресі, 83-85 аят)
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков