Циклы Авторы Сортировка

5 дәріс: Құранға сәйкес келмеу

3 394
19 декабря, 15
Құранға сәйкес келмеу
 
Біз алдында айтқанымыздай, Құрандағы аяқ жуу жайындағы бұйрық  анық әрі нақты шешімді болып табылады. Бұл мәселеге нақтырақ анықтама беру жайында ғұламалар арасында екі түрлі пікір бар:
 
1. Ханафилердің пікірі
 
Құранда жазылғанға нақтырақ анықтама беру үшін хадис «тауатур» дәрежесінде болуы керек, ең болмағанда мустафиз болуы шарт. Құранға хабар-уахид  арқылы анықтама беруге болмайды, себебі біріншісі (Құран) – катиъи (нақты), ал екіншісі – занни (күмәнді). Біз имам Әбу Йусуфтың мына пікірін айтқан болатынбыз[1]:
 
«Әбу Йусуф айтқан: «Құрандағы үкімді Сүннет арқылы алып тастауға болады, егер ол мәсіге мәсіх тарту секілді истифаза жолымен жеткен болса».[2]
 
Бұл туралы ғұлама Жассас Ар-Рази (Алла Тағала оған разы болсын) былай айтқан:[3]
 
«Бұл мәселенің жалпы қағидасы аяттағы аяқты жуу жайындағы мағына болып табылады. Егер мәсіге мәсіх тарту туралы хабар Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тауатур жолымен жетпегенде, оған (мәсіге мәсіх тартуға) келіспес едік».[4]
 
2. Басқа үш имамның және өзге де ғұламалардың пікірлері
 
Дегенмен, басқа ғұламалар хабар-уахид арқылы Құран үкімін нақтылауға болады десе де, пәтуа беру үшін хадис сахих болуы керек.
 
Бұл дерек имам Муслимнің (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) сөздерін айқындай түседі:[5]
 
«Әбу Кайс пен Хузайл секілді кісілер жеткізген хадис үшін біз Құранда анық жеткен үкімді ( яғни аяқ жуу) тастай алмаймыз»[6].
 
Жәурабқа қатысты хадистердің барлығы неге әлсіз болып есептелінетінін біз алдында түсіндірген болатынбыз. Сол себепті, жәураб деген сөзде жұқа шұлықтың мағынасы болса да, бұл хадистер бәрібір де Құран аяттарын нақтылай алмайды. Мәселе жайындағы талас-тартыстарға имам Әл Байхақи мынадай сөздерімен қорытынды жасады:[7]
 
«Басты ережеаяқтарды жуу болып есептелінеді, ал тартысқа алып келмейтін пәтуа (біірауыздан келісілген пікір) немесе хадис арқылы мағынасы нақтыланған болса, ол басқа. Аяқ киімге не болмаса жәурабқа мәсіх тартуда бұл шарттың бірі де орындалмайды»[8].
 
[1] (ولذلك قال أبو يوسف إنما يجوز نسخ القرآن بالسنة إذا وردت كورود المسح على الخفين في الاستفاضة (أحكام القرآن للجصاص - (ج 2 / ص 437
 
[2] «Ахкам әл-Құран» (1/417). Имам Әбу Йусуфтың осы секілді пайымдаулары «Әл Мабсутта» жазылған (1/92), «Әл-Ихтияр» (1/37), «Бадаъи ас-санаъи» (1/77), «Тауали әл-Әнуар» (Q297/ба), «Маджма әл-анхур» (1/45), «Гунья әл-мутамалли» (1/104) және т.б.
 
[3] (والأصل فيه أنه قد ثبت أن مراد الآية الغسل على ما قدمنا فلو لم ترد الآثار المتواترة عن النبي صلى الله عليه و سلم في المسح على الخفين لما أجزنا المسح (أحكام القرآن للجصاص - (ج 3 / ص 440

[4] «Ахкам әл-Құран», 3/440

[5] (وقال : لا نترك ظاهر القرآن بمثل أبى قيس وهزيل. (السنن الكبرى للبيهقي وفي ذيله الجوهر النقي - (ج 1 / ص 284
 

[6] «Сунан әл кубра» 1/283
 

[7] (والأصل وجوب غسل الرجلين إلا ما خصته سنة ثابتة أو إجماع لا يختلف فيه ، وليس على المسح على النعلين ولا على الجوربين واحد منهما والله أعلم. (السنن الكبرى للبيهقي وفي ذيله الجوهر النقي - (ج 1 / ص 288

[8] «Сунан әл кубра» 1/283
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков