Циклы Авторы Сортировка

50 дәріс. Қырық бірінші кіші белгі. Жалған куәлік беру және шындықты жасыру

4 720
28 декабря, 15
Ибн Масудтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай айтылған: «Қиямет күнінің белгілеріне […] жалған куәлік беру мен шындықты жасырудың таралуы [жатады]» (Ахмадтың «Муснады»).
 
Жалған куәлік беру – сотта адамның саналы түрде өтірік айтуы, сонысымен басқа адамдардың құқығын бұзуы, басқа адамның пайдасына бола біреуді құқығының жартысынан айыруы. Сондықтан да жалған куәлік беру үлкен күнәларға жатады.
 
Алла Тағала былай айтқан:
 
وَلَا تَكْتُمُوا الشَّهَادَةَ ۚ وَمَن يَكْتُمْهَا فَإِنَّهُ آثِمٌ قَلْبُهُ ۗ وَاللَّـهُ بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ

«Кәулікті (көргендеріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла не істегендеріңді толық біледі» (Қасиетті Құран, 2:283).
 
Бұл күнәнің ауырлығы жөнінде Әбу Бакраттан (оған Алла разы болсын) келген хадис айқын айғақ: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет айтқан: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы айтайын ба?» Бұны ол үш рет қайталап, сосын былай айтқан: «Шірк, ата-ананы сорлату және жалған куәлік беру». Солай айтты да, ол бірнәрсеге сүйенді, содан соң отырды да осыны қайталауын тоқтатпады, «Уа, ол бұнысын тоқтатса ғой», - деп біз ойламағанша!»» (Бухари).
 
Қай уақытта жалған куәлік берулер мен басқа адамдардың құқықтарына қысым жасалу көп болған?!
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жалған куәлік беруді шірк пен ата-ананы сорлатумен бір қатарға қоюының  өзі - бұл күнәнің қауіпті екенін көрсетеді.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков