Циклы Авторы Сортировка

51 дәріс. Қырық екінші кіші белгі. Әйелдер санының артып, ерлер санының азаюы

3 055
7 января, 16
Әнәс ибн Мәлік, оған Алла разы болсын, айтқан: «Менен кейін сендерге ешкім айтпайтын нәрсені айтайын ба? Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін естідім: «Қиямет Күнінің белгілеріне: білімнің азаюы, надандықтың таралуы, зинаның жаппай кең тарауы, әрі бір еркекке елу әйел келетіндей ерлер санының азайып, әйелдер санының көбеюі жатады» (Бұхари)
 
 
Ибн Хаджар әл-Әсқаләни «Фатх әл-Бари» атты еңбегінде мұның себебі көптеген соғыстар мен адам өлтіруде болуы мүмкін деген: ер адамдардың саны сол себепті азайады. Бірақ кейіннен, сенімдірек пікірге жүгінеді - бұл тек Алланың тағдыры болғандықтан әйелдердің саны ерлердің санынан еш қандай себепсіз арта береді.

Алайда, бірінші пікір Мүслімнің «Сахихінде» келтірілген мына хадиспен расталады: «Еркектер өмірден өтіп, әйелдер қалады. Және б/ір еркекке елу әйел келетін болады».
 
Алайда осы екі фактордың да бірдей үйлесуінде еш таңғаларлық нәрсе жоқ: бүліктер мен соғыстар және Алланы тағдырындағы әйелдер санының артуы.

Ал, жоғарыда келтірілген хадиске келер болсақ, Ибн Хаджар «Әл Фатхында» бұл нақты бір санды емес, Қияметке жақын уақытта әйелдер көбінесе ер адамдарға үстемдік ете бастайды деп көрсетеді. 

Бұны біздің заманымызда байқаса болады: демографиядағы гендерлік динамикаға сай әйелдердің саны ер адамдардың санынан әлде қайда басым болып келеді.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков