ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
52 дәріс. Қырық үшінші кіші белгі. Кездейсоқ өлімдердің көбеюі
Әнас (оған Алла разы болсын) жеткізген: «Қиямет күнінің белгілеріне кездейсоқ өлімдердің өсуі [жатады]» (Ат-Табарани Ас-Сагыр).
Біздің кезімізде, жоғары технология мен медицинаның дамыған кезінде, бәрібір де адамдардың өлетінін және бұрында белгілі болмаған аурулардың пайда болуын, емдеп-жазуға келмейтін немесе емдеуі өте қиын, мысалы, обыр сияқты ауруларды байқай аламыз.
Бірақ біздің ақида ұстанымыз бойынша «кездейсоқ өлімдер» болмайды, өйткені әрбір адам оған Алла Тағаланың берген өмірін ғана сүреді, алайда өлім біз үшін кенеттен болуы мүмкін.
Адам соғыста не болмаса жарақаттан, әлде көп ауырғаннан өлсе бір жөн, бірақ дені сау адамның аяқ астынан өлуі – бір басқа.
Дегенмен, екі жағдайда да өлім Алланың қалауымен болады, біз үшін айырмашылық бар, өйткені адам бұл дүниені себеп-салдарлық байланыста көріп әдеттенген.
Имам Бухари осыны өз өлеңдерінде көрсеткен (Хадью ас-Сари):
Шамаң барда, құлшылықтың құндылығымен қамдан,
Кенеттен өліп қалуың даусыз.
Көрдім мен қаншама дені сау адамдардан,
Жандарының кенеттен шыққандарын!
Сондықтан қаншалықты технология дамыса да, адам өлімді жоя алмайды, дегенмен, қазіргі өмір адамды бейқамдыққа иландырады және де өлім мен ақиретті ұмыттыруға мәжбүрлейді.
Бұл пендешілік өмірдің жүректерімізді жаулап алуына Алла жол бермесін. Әмин.
Предыдущий урок
51 дәріс. Қырық екінші кіші белгі. Әйелдер санының артып, ерлер санының азаюы
Следующий урок
53 дәріс. Қырық төртінші кіші белгі. Адамдар арасында бас араздықтың тарауы
Комментарии: 0
Правила форума