ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
54 дәріс. Қырық бесінші кіші белгі. Араб жерлерінің өзендері тасыған, гүлденген өлкеге айналуы
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: «Араб жерлері қайтадан гүлденіп әрі өзендерге толмайынша, Қиямет күні болмайды» (Муслимнің «Сахихы»).
Бұл хадисте арабтардың жерлерінің бір кездері сондай болғанын және Қиямет күніне таман қайтадан солай болатындығы көрсетіледі.
Имам ан-Науауи (рахимахуллах) «Шарх Сахих Муслимде» былай көрсеткен: бұл хадистің мағынасы мынада – адамдар өз жерлерін күтімсіз қалдыратын болады, соғыстар мен бүліктерден жайылымдар иесіз қалдырылады, ал ақырында жер көгеріп, барлық жерде өзендер болады.
Бірақ бұл түсіндірмені ұғыну қиынға соғады, өйткені арабтардың жерлері – бұл дерліктей шөл дала, ол жерде бір нәрсе өсіру қиын, сол себепті де жерлер иесіз қалғандықтан өлке көгеріп кетеді деп елестету қиын.
Бірақ қазіргі кезде біздің көріп отырғанымыз Сауд Арабия, Катар, БАЭ - аймақтың ең дамыған елдері болуда, ал жерлері мен елдері мәдениет және экономикалық айбындылығымен даңқы шыққан Египет, Сирия және Ирак қайыршылық пен бүліншілікке батқан. Қазіргі адамға бұл қалыпты нәрсе болып көрінеді, бірақ негізінде, бұлай ешқашан болмаған – бұл өңірлерге ерекше көңіл бөлінген болатын.
Сахабалардың кезінде-ақ ислам халифатының саяси және экономикалық өмірі Мәдинеден Ирак пен Шамның Куфа, Басра, Бағдад, Дамаск сияқты және т.б. дамыған аймақтарға ауысқан болатын.
Осылай 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басына дейін жалғасқан, мұнайдың бағасы шарықтап, Парсы шығанағының аймақтары бұл облыстың бай елдеріне айналған. Ал енді бұл шөл далаларда көк тіреген үйлер мен жасанды саябақтардың салынып жатқанын көреміз.
Предыдущий урок
53 дәріс. Қырық төртінші кіші белгі. Адамдар арасында бас араздықтың тарауы
Следующий урок
55 дәріс. Қырық алтыншы кіші белгі. Жауын-шашынның көптігі
Комментарии: 0
Правила форума