Циклы Авторы Сортировка

55 дәріс. Қырық алтыншы кіші белгі. Жауын-шашынның көптігі

2 937
26 января, 16
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: «Балшықтан басқа ештеме бермейтін көктен көп жауын жаумайынша, Қиямет күні болмайды» (Ахмадтың «Муснады»).
 
 
 
Сондай-ақ, Әнәс (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: «Көп жауын жауып, бірақ жерден ештеме өспейінше, Қиямет күні болмайды» (Ахмадтың «Муснады»).

Бұл хадистер бізге Әһлі Сүннет уәл-Жамағат сенімінде маңызды,   нақ себеп-салдарлық байланыс түсінігінде, таухидтан алыс кейбір адамдар дұрыс түсінік бермейді.

Алла Тағала себепті де, салдарды да жаратады, бірақ себепке салынған күш арқылы салдарды жаратпайды. Басқа сөзбен айтсақ,  егер адам жесе, оны ас тойдырмайды. Адамға сезілетін тою, ол да ас сияқты Алланың жаратқаны, сондықтан да әртүрлі адамдар  бір тағамнан түрлі тою дәрежесіне жетеді.   

Жоғарыда айтылған хадисте тура сондай жағдай: әдетте жиі құйып жауатын жаңбырдан соң жерде бәрі жақсы өседі, тропиктер мен құрайт жерлерден байқағанымыздай. Бірақ өсімдіктердің молдығы, әртүрлілігі, өмірге төзімділігі – Алла Тағаланың жаратқаны. Егер Алла қаласа, онда Ол оларды көп жаратады, ал егер қаламаса, онда оны жаратпайды.

Алла жақсы біледі, бірақ, мүмкін, бұл хадис, тұтас алғанда,  климаттың өзгеруіне және осымен байланысты жер-жердегі қатты нөсерлер және басқалары сияқты апаттарды көрсететін шығар.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков