ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
56 дәріс. Қырық жетінші кіші белгі. Евфрат суының ашылуы
Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Евфраттың суы айырылып және де сол жерден алтын тау көрінбейінше, Қиямет күні болмайды. Адамдар сол үшін шайқасатын болады және әрбір жүз адамнан тоқсан тоғыз адам қаза табады. Және де олардың әрқайсысы былай айтады: «Мүмкін, нақ мен аман қалатын шығармын»» (Бұхари).
Кейбір замандастарымыз алтын тауы деп мұнайдың айтылуы мүмкін деп көрсеткен, өйткені ол алтыннан да қымбат болып кетті және де оны қазіргі кезде жиі «қара алтын» деп айтады.
Бұл түсіндірме, дұрысында, келесі себептер бойынша қате:
1) Хадисте «алтын тауы» деп анық көрсетілген, ал Құран мен Сүннеттің мәтіндерін сөзбе-сөз түсіну қажет, тек әлдебір себептерге байланысты дәлме-дәл түсіну мүмкін болмаған жағдайларды есептемегенде.
2) Хадисте Евфраттың суы айырылып, алтын тауы көрінетін болады деп көрсетілген, ал мұнайды бұрғылау арқылы шығарады.
3) Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисте нақ Евфрат өзенін көрсеткен, ал мұнайды жердің әр жерінен табады.
4) Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы алтын тауының маңайында өтетін ұлы шайқасты көрсеткен. Бірақ, дегенмен, әлемде ресурстар мен мұнай кен орындары үшін шиеленіскен шайқас жүріп жатқанда, баяндалған мұнай үшін болатын Евфрат төңірегіндегі шайқас болмаған.
5) Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл хадистің басқа нұсқасында былай айтқан: «Евфраттың суы айырылуы мүмкін – және сол жерде алтын тауы болады. Кімде-кім оған іліксе, онда ол жерден ештеме алмасын» (Мүслім), – бұл алтыннан алуға болмайды дегенді білдіреді, бірақ мұнайды шығаруға және сатуға болады дегенге талас жоқ.
Ибн Хаджар, рахимахулла, «әл-Фатхта» көрсеткендей, тыйым салуының себебі сол алтын үшін болатын бүлік пен жаппай адам өлтіруге байланысты.
Предыдущий урок
55 дәріс. Қырық алтыншы кіші белгі. Жауын-шашынның көптігі
Следующий урок
57 дәріс. Қырық сегізінші кіші белгі. Жануарлар мен жансыз заттардың адамдармен сөйлесуі
Комментарии: 0
Правила форума