Циклы Авторы Сортировка

57 дәріс. Қырық сегізінші кіші белгі. Жануарлар мен жансыз заттардың адамдармен сөйлесуі

4 565
1 февраля, 16
Ахмадтың «Муснадында» Әбу Хурайрадан, оған Алла разы болсын,  келесі хадис келтірілген: бір күні қасқыр қой отарынан бір қойды алып кетеді, қойшы қойды іздеп жүріп, тойып, жаланып отырған қасқырды табады. Сол қасқыр қойшыға былай айтады: «Сен Алланың маған бұйырған азығын  тартып алмақ болдың ба?». Сонда қойшы айтады: «Алламен ант етейін, мен сөйлейтін қасқырды көрдім!». Бұл қойшы Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келіп осы жағдайды айтып береді, сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның сөзінің дұрыстығын растап, былай айтқан:
 
«Бұл Қиямет күнінің [бір] белгілері. Адам бір жаққа кетіп, қайтадан келгенде, оның аяқ киімі мен қамшысы - ол жоқта оның туғандарының не істегендерін оған айтып беретін болады».
 
Ал Әбу Саид әл-Худридің, оған Алла разы болсын,  риуаятында,  Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы оқиғадан соң былай айтқан:
 
«Менің жанымның Иесімен ант етемін, бұл адамдікі дұрыс.  Жануарлар адамдармен сөйлесіп бастамайынша және де адамның қамшысының басы немесе аяқ киімінің бауы онымен сөйлесіп бастамайынша, әрі жамбас оның жанұясының ол жоқта не істегенін оған айтып бермегенінше, Қиямет күні болмайды».
 
Бұл белгіге қатысты мүмкін болар күмәншілдікке келер болсақ, Алла Тағаланың – көктер мен жерлерді жаратқан Құдіретті Жаратушы екеніне және барлығы Оның Қалауы мен Оның Құдіреттілігіне бағынатындығына біз сенеміз. Және де егер Ол қаласа, онда жануарлардың да, тіпті жансыз заттардың да сөйлеп кетуі мүмкін.
 
Егер өткен ұрпақтарға бұл мүмкін емес нәрсе болса, біздің уақытымызда, дауысты жазып, дыбысты шығару технологиясы даму шыңына жеткенде, жансыз заттың сөйлеуі сандырақ болып көрінбейді. Дегенмен, жүзеге асырылу нақ осындай деп айтпағанымызбен, идеяның өзінде ақылға мүмкін емес ештеме жоқ.
 
Бұл кіші белгі - әлі де болса барлық кіші белгілердің іске аспағанын көрсетеді.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков