Циклы Авторы Сортировка

58 дәріс. Қырық тоғызыншы кіші белгі. Ауыртпалықтың көптігінен өлімді тілеу

3 123
4 февраля, 16
Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Адам қабірдің қасынан өтіп бара жатып: «Егер де мен оның орнында болғанымда ғой!», - деп айтпайынша, Қиямет күні келмейді» (Бұхари, Мүслім).
 
 
 
Тағы да Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Менің жанымның Иесімен ант етемін, адам қабірдің қасынан өтіп бара жатып: «Шіркін, мен осы қабірді мекендеуші болсам ғой! Ол жерде қарыздар мен қиындықтар жоқ», - деп айтпайынша,  дүние құрымайды» (Мүслим).
 
Адам өлімді бүліктер мен дағдарыстар көбейгенде, мемлекеттер күйрегенде, үйреншікті тұрмыс салты жоғалғанда, дүниежүзілік соғыстар мен табиғи апаттар сияқты басқа да сүргіндер орын алған кезде қалайды.
 
Қазіргі кезде біздің үмбетімізді толықтай жаулап алып, оны ерігінен айырған жалпы торығу мен амалсыздық сезімі адамның өзіне өлімді тілеуінің басты себебіне айналып барады.
 
Және де Ибн Масуд, оған Алла разы болсын, былай айтқан: «Сондай бір уақыт келеді, [сонда,] егер өлім сатылар болса, сіз оны сатып алғыңыз келер еді» (Файд әл-Кадир).
 
Ал Хузейфа, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Адамдарға сондай бір уақыт туады, олар Даджалмен кездесуді тілейтін болады». Сонда мен сұрадым: «Уа, Алла Елшісі, неге олай?» Ол былай айтты: «Олар кездесуге тура келетін қиыншылықтар мен ауырлықтардан» (Ат-Табарани).
 
Сөзсіз, торығу, селқостық пен амалсыздық үмбетімізді ерігінен айырып, онда үстемдік етуін көрудеміз.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков