Циклы Авторы Сортировка

59 дәріс. Елуінші кіші белгі. Ромейлер санының өсуі және олардың мұсылмандармен шайқасы

3 473
9 февраля, 16
Әл-Муставрид әл-Кураши Амр ибн әл-Астың көзінше, оған Алла разы болсын, былай айтқан: «Қиямет күні таяғанда, көпшілігі ромейлер болады». Амр оған былай айтады: «Сен айтып тұрғаныңа сенімдісің бе?» Сонда ол айтқан: «Мен бұны Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, естігенмін» (Мүслімнің «Сахихы»).
 
 
 
«Ромей» (рум) сөзіне келер болсақ, бұл сөздің төркінінде әл-Айса ибн Ысқақ ибн Ибраһимнің ұрпақтары жатыр және де Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  заманында бұл сөзбен Византия империясының тұрғындары мен кең мағынада еуропалықтарды айтатын болған.
 
Сондай-ақ, Джабир ибн Самур Нафи ибн Утбадан былай жеткізген: «Біз Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бірге болғанда, ол былай айтқан: «Сендер Араб түбегінде шайқасасыңдар, оны жаулап аласыңдар, Парсы жерінде шайқасасыңдар, оны да жаулап аласыңдар, ромейлермен шайқасасыңдар, оларды да жаулап аласыңдар»». Сонда Нафи айтқан екен: «Уа, Джабир, ромейлерді жаулап алмайынша, Даджал келмейді» (Мүслімнің «Сахихы»).
 
Егер де ромеилер деп византиялықтар тұспалданса, онда мұсылмандар бұл империямен ұзақ шайқасқан, ақырындап оның бөліктерін жаулап алып отырған, ал содан кейін османдар оны талқандап, Исламның туын Оңтүстік Еуропа мен Балқанға қарай жылжытып, бұл жерлерге өз билігін орнатқан.  Және де Шығыс пен Оңтүстікте христиан әлемінің күшін іске асыра бастаған Константинополь Стамбул болды да, ислам әлемінің күші мен Осман әулетінің басқару айбындылығын нақтылы түрде көрсете бастады.  ХХ-шы ғасырдың басында бұл әулет құлады, Осман халифаты жойылған соң, ұлы империя Түрік Республикасына айналды, ал Осман ұлттық империясынан түріктердің ұлттық мемлекеті құрылды. Кезінде өздерін "ромейлерміз" деп атаған византиялықтар, нəтижесінде тек гректер болып қалды.
 
Бірақ басқа хадистерді негізге ала отырып, оларда айтылатын Қиямет күні боларға таман Шам жерлерінде орын алатын ромейлер мен мұсылмандар арасындағы шайқастағы ромейлер деп, кең көлемде еуропалықтарды түсіну қажет, өйткені бүгінгі күні византиялықтар жоқ.
 
Жоғарыда айтылып өткен шайқас Шам жерлерінде, Даджалдың келерінің алдында болады және осы шайқастан соң  Константинополь ұрыссыз әрі қарсылықсыз алынады.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков