Циклы Авторы Сортировка

6 дәріс. 16-19 нақыл сөздер

2 473
10 октября, 15
16. Тақуаларға жақын болу адамды тақуа қылады.

Тасаууфтың түйінді тұжырымдамасы мен оның негізгі  қағидалары: тақуалыққа жол - тақуаларға жақын болуда жатыр.

Кез-келген мұсылманға рухани сауығу жай ғана тілекпен немесе денеге саналы күш салумен іске аспайтынын түсіну өте маңызды. Бұл ерекше рухани күш, оны барлардан ізденіп алу керек.
 
Күнә жасай отыра, оның жаман әрі бұрыс екенін адам өз ақылымен түсінбей ме? Егер кімде-кім зинаны не басқа күнәні рұқсат етілген десе, онда ол мұсылман болмас.

Олай болса, күнәлі бола отырып, әрбір мұсылман өзінің қате жасағанын, оның іс-әрекеті айыптауға лайық екенін түсінеді, бірақ күнә оны құрсаулайды әрі өз ерігін семдіреді.

Сондықтан да адамды түзететін жол - өзінің күнәһар екенін түсінгендікте емес, өйткені өзін кунәһар сезінбейтін адам мұсылман болудан қалады, оны түзететін нәрсе - адамның жүрегінде болатын, оны Аллаға жақындатып, күнәдан алыстатын ерекше от.  

Ең тексерілген тәсіл  - бұл Ислам тарихындағы ізгі тұлғалармен үзілмес тізбек арқылы байланған тақуаларға жақындық, олар үйрететін сұхбат пен уирд арқылы берекені ізденіп табу.

17. Үйлесімділік – рухани кемелденудің алғышарты.

Өз шейхыңан пайда алудың түйінді шарттарының бірі - салик пен оның ұстазының үйлесімділігі болып табылады, яғни алынған нұсқауларды мүлтіксіз орындау және қажетсіз салғыласу мен таластан бас тарту.

Жағдайдың мәні рухани тәлімгердің күнәсіз екендігінде емес, тақуаға бағынуда әрдайым Алланың беректі мен жәрдемі болуында.

Бұл әйелдің күйеуіне деген мойынсұнуына ұқсас. Ақиқатында әлдебір сұрақ төңірегінде күйеуінің дұрыс не бұрыс болуы маңызды емес, - егер оның әйеліне берген әмірі Шариғатқа қарсы келмесе — әйелі оны тыңдауға міндетті. 

Тіпті егер бір жеке тұрмыстық жағдайда күйеуінікі дұрыс болмаса да, онымен таласып не келіспегеннен гөрі,  әйелі оны тыңдаса, көп игілік пен берекеге кеңеледі. 

Әрине, бұл жерде сөз шариғатқа қарсы келер жағдай туралы болып тұрған жоқ, өйткені бұл сұрақта Шариғаттан басқа ешкімге, ешнәрсеге бағыну жоқ.

Бірақ бір нәрсені түсіну қажет - нағыз тәлімгер тыйым салынғанды орындауға бұйыра алмайды, егер адам бір нәрсені түсінбесе немесе бір нәрсе сұрақ тудыратын болса, мәселе айқын болып, ұстазының іс-әрекетін немесе әрекетсіздігін ақтап алауға мүмкіндік қалмаған жағдайларды санамағанда, тақуалар жайлы жақсы пікірде болып, оларға қарсы шықпаған жөн.
 
18. Тақуалардың жүректері Алланың нұрымен нұрланған.

Бұл ерекше құт-береке - өзіңмен, өзіңнің кемшіліктеріңмен күресу мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жандандыру жолындағы нәтиже болып табылады.

Бұл нұр мен құт-берекенің түрі кітаптардан алынбайды немесе зиятты жұмыс пен ойлаудан пайда болмайды.  Бұл Алла Тағаланың тақуаларға берген рухани жеңіс олжасы.

Олардың жүректеріне Алла Тағала салған от жалынға айналып, оны қабылдап, шәкірт бола алатындардың  жүректерін нұрландыру қабілетті Алла әулиесінің айқын сипаты болып табылады.

19. Ұстаздардың рухани көмегі тек Алланың қалауымен.
 
Тасаууфпен байланысты ғыламға қатысты қате тұжырымдардың бірі, мейлі ол сыншылардың ішінде болсын, немесе сол жолды ұстанушылардың арасында болсын - шейхтер адамды Аллаға жақындататын қабілетке ие немесе осы істе қалайда оған көмек бере алады деген сияқты сенім. 

Бұны сөзбе-сөз түсіну Әхлі-Сүннет ақидасына қарсы келеді, өйткені адамның амалдары, сондай-ақ, оның рухани ахуалы және Аллаға жақындау деңгейі — Алланың жаратқаны, оны іске асыруға Алладан басқа ешкімнің күші де қуаты да жетпейді!

Бірақ белгілі бір амалдарды жасай отыра адам Аллаға жақындай түседі, солардың бірі — бұл тақуаларға жақындық, олармен рухани байланыс және олар арқылы береке табу. 

Осы «табаррук» қағидасы, яғни ізгі тақуалар арқылы берекеге қол жеткізу — тасаууф пен рухани тәлімгерліктің  іргетасының негізінде жатыр.

Салик жағдайы мен оның барлық рухани жетістіктері  – бұның бәрі Жасағанның жаратылысы. Бірақ Алланың берекетін іздеп табу мүмкіндігін көбейте түсетін сондай қайнарлар бар және олардың бірі – ізгі тақуалардың жүрегі, оларға жақын болу мен оларға бойсұну. 

Әлібетте, бұл жерде біз өздерін еш құқысыз «тақуа» деп жариялап алған «тәлімгерлер» емес, шынайы тақуалар жайында айтылуда.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков